1437
Қабір өмірі
خزبرلا ملعا
>Қазақ тілі – Kazakh –
<
خيازكا
Islamhouse.com
Қабір өмірі
1
Қабір өмірі
Жан алынғаннан кейін рухтың көкке көтерілуі
Пенде жан тапсырып, рухы тәнінен ажыраған соң, оның рухының
аспан әлеміне саяхаты басталады. Әбу Һурайрадан (оған Аллаһ разы
болсын) риуаят етіледі: пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен
сәлемі болсын):
«Мүміннің рухы шықса, оны екі періште алып
көкке көтеріледі»
, - деген (Имам Муслим риуаят еткен).
А) Мүмін рухының көкке көтерілуі
Осы хадисті Әбу Һурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят
етушілердің бірі Хаммад: «Мүміннің рухы көкке көтерілген кезде одан
әтір тәрізді тамаша хош иіс шығады. Ал ол аспанға жеткен кезде аспан
тұрғындары: «Хош иіс! Жер жақтан келді. Саған және сен өмір сүрген
тәнге Аллаһтың салауаты болсын!» - дейді. Сөйтіп ол рух Ұлы
Раббысына апарылады. Аллаһ Тағала: «Оны ең соңғы мерзімге дейін
алып кетіңдер!» - деп бұйырады», - деген.
Көкте болатын бұл жағдайды пайғамбарымыз (оған Аллаһтың
салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына егжей-тегжейлі, бүге-
шүгесіне дейін сипаттап берген. Ол кісі (оған Аллаһтың салауаты мен
сәлемі болсын) бұл жағдайды сипаттап:
«Егер (мүміннің) рухы (тәнін тастап) шықса, оған аспан мен
жердің арасындағы әрбір періште және аспандағы әрбір періште
салауат айтады. Ол үшін аспан есіктері ашылып, оған әрбір есіктің
тұрғындары дұға қылады. Егер оны (өлім періштесі) алса, оны
қасқағым сәтке де (басқа періштелер) алғанша қолынан
түсірмейді. Олар оны жәннаттан әкелген кебінге орап, жәннаттан
әкелген жұпармен хош иістендіреді. Аллаһ Тағаланың:
«Елшілеріміз (періштелеріміз) жанын алады әрі ешқандай кемістік
жасамайды
», - деген сөзінің мәнісі осы (Анғам сүресі, 61 аят). Және
одан (рухтан) жер бетінде теңдесі болмаған жұпардың хош иісіндей
жағымды иіс шығады. Сосын оны алып жоғары шығады. Қашан
олар періштелер тобының қасынан өтсе, олар (періштелер): «Бұл
кім деген жақсы рух?» - деп сұрайды. Олар (алып бара жатқан
періштелер): «Бұл пәленше ұлы пәленше!» - деп, оны дүниедегі ең
көркем есімдерімен таныстырады. Сөйтіп олар дүние аспанының
Қабір өмірі
2
соңына жетеді. Содан соң (аспан күзетшілерінен) кіруге рұқсат
сұрайды да, ол үшін (аспан) ашылады. Және оны әрбір аспаннан
жақындары (періштелер) келесі аспанға дейін шығарып салады.
Сөйтіп ол жетінші аспанға жетеді. Сонда Аллаһ Тағала:
«Пендемнің кітабын ең жоғары дәрежелілердің қатарында
жазыңдар!»
- дейді.
(Сосын пайғамбар
(оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі
болсын)):
«Ең жоғарғы дәреженің не екенін қайдан білесің? Ол жазулы
бір кітап. Оны Аллаһқа жақын періштелер бақылайды»
, - деген
Құран аяттарын оқыды (Мутаффифин сүресі, 19-21 аяттар).
Сөйтіп оның кітабы ең жоғары дәрежелілердің қатарында
жазылады. Сосын Аллаһ Тағала періштелерге: «Оны жерге
қайтарыңдар! Расында мен оларды содан жараттым және оған
қайтарамын. Сосын одан қайта шығарамын», - дейді»
, - деген.
Міне, ізгі мүміндердің рухы осындай көркем бейнеде
қастерленіп, құрметпен алынады. Аллаһ Тағала бізді осыған жеткізсін!
Ә) Кәпір рухының көкке шығуы
Кәпірдің жаны алынғаннан кейін хал-ахуалы қандай болмақ?
Кәпір пенденің рухы алынса, сасып, жағымсыз иіс мүңкіп
шығады. Аспан тұрғындары: «Жаман рух! Жер тараптан келді», -
дейді. Оған қатысты да Аллаһ Тағала тарапынан: «Оны ең соңғы
мерзімге дейін алып кетіңдер!» делінеді.
Сондай-ақ пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі
болсын) кәпір яки бұзық адамнан алынған рух туралы да әңгімелеген.
Оған қатысты пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):
«Оны аспан мен жердің арасындағы әрі аспандағы әрбір
періште лағынеттейді және оған аспан есіктері жабылады. Әрбір
есіктің тұрғындары оның рухының өздері тарапынан
көтерілмеуіне Аллаһқа дұға қылады. (Өлім періштесі) оның
(жанын) алады. (Жанын) алып болған соң, оны қасқағым сәтке
болса да қолында ұстап тұрмайды. (Сосын оны басқа періштелер)
Қабір өмірі
3
от кебінге салады. Одан жер бетінде болмаған өлексенің сасық иісі
шығады. Сөйтіп оны жоғары алып шығады. Олар қашан бір топ
періштелердің жанынан өтсе, ол (періштелер): «Бұл жаман рух
кім?» - деп сұрайды. Олар: «Бұл пәленше ұлы пәленше!» - деп,
дүниедегі оның ең ұнамсыз аттарымен таныстырады. Сөйтіп,
дүние аспанына жетіп, кіруге рұқсат сұрайды, оған (аспан)
ашылмайды»
, - деген.
Мұнан кейін пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен
сәлемі болсын) Аллаһ Тағаланың:
«Оларға көктердің есіктері ашылмайды. Және олар түйе
иненің көзінен өткенге дейін жұмаққа кірмейді»
, - деген аятын
оқыды (Ағраф сүресі, 40 аят).
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)
сөзін жалғап:
«Сосын Аллаһ Тағала: «Оның кітабын сижжинде, ең
төменгі жерде жазыңдар! Құлымды жерге қайтарыңдар! Расында
мен оларды содан жараттым және оған қайтарамын. Сосын одан
қайта шығарамын!» - дейді. Сөйтіп оның рухы аспаннан жерге
лақтырылып, ол аспаннан тәнге жеткенше құлайды»
, - деген.
Сосын пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) Аллаһ
Тағаланың:
«Кім Аллаһқа серік қосса; сонда ол көктен құлап, оны құс
іліп әкететін немесе оны ұзақ мекенге жел ұшырып кететін нәрсе
сияқты»
(Хаж сүресі, 31 аят), - деген аятын оқыды (Имам Ахмад
риуаят етті).
Қабір өмірінің сипаты
Қабірге түскен соң адам үшін жаңа өмір басталады. Оны
ғұламалар «барзақ өмірі» деп атайды. Яғни өтпелі, Ақыретті күту өмірі.
Онда жақсылар үшін біраз игілік болса, жамандар үшін азап бар.
Қабір өмірі
4
Адам тәнінен жан шыққан соң оның рухы барзақ өмірінде
қалады. Ол тек аспанға бір көтеріліп, тәнге қайта оралады. Мұнан кейін
ол тәннің бойында ерекше бір сипатта өмір сүреді. Бұл өмір қабір
игілігінен немесе қабір азабынан тұрады.
Тахауия ақидасының түсіндірмесінде қабір өмірін сипаттай келе:
«Әркімге тиісінше болатұғын қабір азабы мен оның игілігін, сонымен
қатар екі періштенің сұрағын нақтылап Аллаһ елшісінен (оған
Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хабарлар келген.
Бұлардың болатынына сену және иман келтіру уәжіп. Оның қалай
болатыны жайлы әңгіме қозғаймыз. Оның қалай болатындығын адам
ақылы қабылдай алмайды. Шариғат ақылға сыймайтын нәрселерді
емес, керісінше ақылды қайран қалдыратын нәрселерді әкеледі», -
деген.
Яғни, шариғат әкелгендердің ішінде таңқаларлық нәрсе болуы
мүмкін, бірақ, мүмкін емес нәрсе болмайды. Өйткені Аллаһ Тағала
әрбір нәрсеге Құдіретті.
Рух барзақ өмірі үшін адам тәніне қайтқанда, біздің
түсінігіміздегідей дүниедегіше қалыпта тірі болып қайтпайды. Десе де
оның өзіндік бір күйі, тіршілігі болады. Алайда, біз оны өлі күйде
көреміз. Мәселен, адам ұйқыда жатқанда оның рухы бұл дүниеден
(уақытша) тыс болса да, ол өзіндік тіршілігін тоқтатпайды. Түс көреді,
қуанады, қысылады, жылайды, күледі т.с.с. Ал ұйықтап тұрған соң
әртүрлі халін баяндайды, яғни ол ұйқыдағы жағдайын сезінеді. Тәтті
ұйқы болады және азапты ұйқы бар. Дәл осы сияқты барзақ өмірі де
өзіндік тіршілікке ие. Демек, барзақ өмірінде рух пен тән бірлестігі
дүниедегідей кейіпте емес. Сондай-ақ Тахауия ақидасының шархында:
«Білгін, расында қабір азабы, ол – барзақ азабы. Әрбір өлген адам,
азапқа лайықты болса, қабірге салынса да, салынбаса да одан тиісті
үлесін алады», - делінген.
«Қабірге салынбаса да» деген сөзден назарға алынып отырғаны –
мәйіті өртелгендер, суға батқандар, аң-құсқа жем болғандар, т.с.с.
Айталық үнді халқы. Бұл халық қалыптасқан әдет-ғұрыптары бойынша
мәйітті жерлемей, өртейді. Сондай-ақ бір елдерде кейбір «танымал
тұлғаларды» жерлемей, мүрдесін арнайы орындарда сақтау әдеті бар.
Қалай болғанда да қабірдегі адам пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың
Қабір өмірі
5
салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде келтірілген қандай
жағдайларды басынан өткерсе, жерленбей қалған адам да олардан тыс
қалмайды, рухы болсын, тәні болсын. Бұл жағдай болады, бірақ қалай,
қайтіп болатындығы бізге беймәлім. Ол Аллаһқа ғана аян.
Пайғамбарлар мен шахидтердің қабірдегі жағдайы
Кейбір ерек тұлғалы адамдар бар, қабір өмірінде олардың
рухтарының арнайы орындары бар. Бұлардың қатарына пайғамбарлар
кіреді, оларға сәлем болсын! Аиша (Аллаһ оған разы болсын)
пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)
өмірінің соңғы сәттерінде:
«Бәлкім, жәннаттан жоғары серік»
, - деп
айтқанын жеткізген (Имам Бұхари риуаят етті).
Пайғамбарлардың рухтары көкте жоғары серікпен бірге құрметті
орында болады. Аспандардың ең жоғарысында Аллаһ Тағала сый-
құрметке бөлеген пайғамбарлармен және періштелермен бірге болмақ.
Бұл жайлы Миғраж туралы әңгімелеген сахих хадистерде келтірілген.
Миғражда пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі
болсын) әртүрлі аспанда пайғамбарлармен кедескен. Яғни, олар дүние
салғаннан кейін сол жақта өмір сүреді.
Сол сияқты шахидтердің де арнайы орындары бар. Аллаһ Тағала
Құранда шахидтер туралы:
«Аллаһ жолында өлтірілгендерді өлі деп
ойлама, әрине, олар тірі. Раббыларыңның жанында олар ризыққа
бөленеді»
, - деген (Әли Имран сүресі, 169 аят).
Олардың өлгеннен кейінгі жағдайы басқалардікіндей емес,
біршама ерекшеленеді. Шахидтер пайғамбарлар мен шыншылдар
сияқты тірі болады, денелері де бұзылмайды. Ал рухтары арнайы бір
орындарды иемденеді. Аллаһ Тағала:
«Әрине, олар тірі.
Раббыларыңның алдында ризыққа бөленеді»
, - дейді. Яғни, олар
тірі, біз сияқты Аллаһтың алдында ризық алып жатыр. Бірақ қайда?!
Масруқ біз әңгіме етіп отырған аяттың мәнін Абдуллаһ ибн
Масғудтан (Аллаһ оған разы болсын) сұрағанда, ол:
«Біз де бұл жайлы
пайғамбардан (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)
сұрағанбыз. Ол (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):
«(Шахидтердің) рухтары, аршыға ілінген шырақтары бар жасыл
құстардың кеуде қуысында. Ертемен жәннаттың қалаған жеріне
Қабір өмірі
6
барып, сосын әлгі шырақтарға қайтады», - деп айтты»
, - деп жауап
берген (Имам Муслим риуаят етті).
Яғни, шахидтердің рухтары жасыл құстардың ішінде, ал ол
құстардың мекені Аллаһ Тағаланың аршына ілінген құс ұясы тәрізді
шырақтарда болмақ.
Міне, бұл Аллаһ Тағаланың шахидтерге әзірлеген құрмет орны.
Сондықтан да, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен
сәлемі болсын) сахабалары және бұрыңғы өткен ізгі кісілер шахидтікті
қалайтын болған. Өйткені олар Құран аяттарынан және
пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)
хадистерінен шахидтерге дайындалған сый-құрметтің қаншалықты
жоғарғы дәрежеде екендігін біліп, оны қалап және осы мәртебеге жету
үшін қатты ұмтылатын. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен
сәлемі болсын):
«Кімде-кім шын жүрегімен Аллаһтан шахидтік
сұраса Аллаһ оны, егер ол төсекте өлсе де, шахидтердің мәртебесіне
жеткізеді»
, - деген (Имам әт-Тирмизи риуаят етті).
Қабірдің қараңғылығы
Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)
кезінде пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі
болсын) мешітін тазалайтын бір әйел қайтыс болады. Аллаһ елшісі
(оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) оны іздегенде адамдар
оның түнде қайтыс болғандығын айтады. Пайғамбарымызды (оған
Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) ұйқысынан оятқылары келмей,
адамдар оны түнде жерлеп қойған еді. Пайғамбар (оған Аллаһтың
салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларға:
«Мені неге оятпадыңдар?»
- дегенде, олар: «Оятқымыз келмеді», - деді. Пайғамбар (оған
Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) мешітке қызмет ететін бұл
әйелге құрмет ретінде оның қабіріне баруды қалап, сахабаларынан
оның қабірін көрсетуді сұрады. Оның қабіріне келіп, оған дұға
қылып: «Расында мына қабірлер, иелері үшін зұлматқа толы.
Аллаһ Тағала оларды (қабірлерді) оларға (марқұмдарға)
қылынған дұға үшін нұрландырады»
, - деген (Имам аль-Бұхари
және Имам Муслим риуаят етті).
Қабір өмірі
7
Қабір қысымы
Ансарлардың беткетұтар, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың
салауаты мен сәлемі болсын) таңдаулы сахабаларының бірі – Саъд ибн
Муаз (оған Аллаһ разы болсын) дүние салып, оны қабірге қойған кезде
пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):
«Бұл үшін
Рахманның аршы шайқатылды және ол үшін аспан есіктері
ашылды және оның жаназасына жетпіс мың періште қатысты. Ол
(қабірде бір сәт) қысылды да, сосын барып оған кеңшілік берілді»
,
- деген (Имам Насаи риуаят етті).
Осындай ұлы дәрежеге ие Саъд ибн Муаздың (оған Аллаһ разы
болсын) өзі қабірге түскен кезде қысылған.
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):
«Расында, қабірдің қысымы бар. Егер одан біреу құтыла алғанда,
онда сөзсіз Саъд ибн Муаз құтылар еді»
, - деп айтқан (Имам Ахмад
риуаят етті).
Қабір азабына қатысты дәлелдер
А) Құрандағы дәлелдер.
Қабір азабының болатынын нақтылап көптеген аяттар келген.
Солардың бірі қабір азабына қатысты айтылғанына ғұламалар бір
ауызды пікірге келген төмендегі аят. Оны Имам Бұхари «Жаназа»
кітабінің «Қабір азабына қатысты келген нәрселер бабы» астында
келтірілген. Аллаһ Тағала:
«(Мұхаммед) егер залымдарды өлім
арпаласында періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды
шығарыңдар! Бүгін Аллаһқа қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның
аяттарына менменсігендерің себепті қорлаушы азаппен
жазаланасыңдар», - дегенде бір көрсең!»
(Әнғам сүресі, 93 аят);
«Оларды екі рет азап қыламыз. Сонан соң олар зор азапқа
қайтарылады»
,- деген (әт-Тәуба сүресі, 101 аят).
Яғни, Аллаһ Тағала Ақыретке дейін адамды екі рет азаптайды:
дүниеде және қабірде. Сосын барып Ақыреттегі мәңгілік азапқа
Қабір өмірі
8
қайтарылады. Хасан әл-Басри аяттағы
«Оларды екі рет азап
қыламыз»
деген сөзді: «Дүниедегі азап және қабірдегі азап», - деп
түсіндірген.
Ғұламалар қабір азабына дәлел ретінде көп басымдылық берген
Аллаһ
Тағаланың
мына
сөздері.
Онда
Алаһ
Тағала:
«Перғауындықтарды сұрқай азап баурап алды. Олар ертелі-кеш
отқа ұсынылады (бұл Қияметтен бұрын болады). Қиямет қайым
болған күні: «Перғауындықтарды азаптын ең қаттысына
кіргізіңдер!» - делінеді»
, - деген (Ғафир сүресі, 45-46 аяттары).
Қабір азабын меңзеген тағы бір аятта:
«Аллаһ сондай иман
келтіргендерді дүние тіршілігінде де, Ақыретте де мықты сөзбен
бекітеді»
, - дейді (Ибраһим сүресі, 27 аят).
Сондықтан мүмін өмірде қандай қиындық көрсе де: «Аллаһтан
басқа ешбір құдай жоқ. Мұхаммед Аллаһтың елшісі» деген сенімнен
айнымайды және қабірдегі сұрақтарға да дұрыс жауап береді. Ал
залымдарды Аллаһ сөзден жаңылдырады.
Пайғамбарымыз
(оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)
бұл аятты:
«Қабір азабына қатысты түскен»
, - депті (Имам әл-Бұхари
риуаят етті).
Ә) Сүннеттегі дәлелдер
Аиша анамыздан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят етіледі; Ол:
«Маған Мәдина яһудилерінің екі кемпірі кірді. Олар:
«Қабірдегілер қабірлерінде азапталады», - деді. Мен олардың
сөздерін тастағым келмей, өтірікке шығардым. Сөйтіп ол екеуі
шығып кеткен соң маған Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты
мен сәлемі болсын) кірді. Мен оған: «О, Аллаһтың елшісі! Маған
Мәдина яһудилерінің екі кемпірі кірді. Сөйтіп: «Қабірдегілер
қабірінде азапталады», - деп бөсті», - дедім. (Пайғамбар (оған
Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)): «Ол екеуі рас айтқан.
Расында да олар сондай бір жануарлар есітетіндей азаппен
азапталады», - деп айтты»
, - деген (Имам Муслим риуаят етті).
Қабірдің жан шыдатпас азабында жатқан адамның айқайлап,
шыңғыратындығы жайлы пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың
салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде анық айтылған. Тіпті оның
Қабір өмірі
9
даусын адамзат пен жыннан басқа тірі нәрселердің барлығы есітеді.
Мұндай азапқа түспесі анық пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың
салауаты мен сәлемі болсын) өзі үнемі Аллаһ Тағаладан азаптың бұл
түрінен құтқаруды сұраған. Бұл сөзімізге Аиша анамыздың (оған
Аллаһ разы болсын): «Мен оның намазда қабір азабынан пана
сұрамаған (кезін) көрген емеспін», - дегендігі дәлел болмақ (Имам
Муслим риуаят етті).
Асма бинт Әбу Бакрден (екеуіне Аллаһ разы болсын) риуаят
етіледі. Ол былай деген:
«Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты
мен сәлемі болсын) хутба жасап тұрып, кісі сынаққа алынатын
қабір сынағы жайлы айтты. Оны айтқан кезде, адамдар
(қорқыныштан) шулап кетті. Тіпті мен (ол шудан) Аллаһ елшісінің
(оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) сөзін түсінбей
қалдым. Сөйтіп, өзіме жақын тұрған бір кісіге: «Ей, Аллаһ береке
берсін! Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)
сөзінің аяғында не айтты?» - дедім. Ол (кісі маған): «Аллаһ елшісі
(оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, маған
уахи етілді; қабірде Даджальдің фитнасына жақын фитнаға
ұшырайсыңдар», - деп айтты», - деді»
, (Имам әл-Бұхари риуаят етті).
Әбу Сағид әл-Худри (оған Аллаһ разы болсын) Зейд ибн
Сабиттен (оған Аллаһ разы болсын) риуаят еткен хадисте, Зейд (оған
Аллаһ разы болсын):
«Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен
сәлемі болсын) Бәну Наджран (руының) егістігінде қашырының
үстінде келе жатқан-ды, біз онымен бірге едік. (Оның (оған
Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) астындағы қашыры)
тулап кетіп, оны жыға жаздады. Қарасақ бес-алты қабір бар екен.
(Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)):
«Мына қабірлердің иелерін кім біледі?» - деді. Сонда бір кісі:
«Мен», - деді. Ол (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):
«Бұлар қашан өлген?» - деді. (Әлгі кісі): «Олар ширк дәуірінде
өлген», - деді. (Сонда Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаты
мен сәлемі болсын)): «Расында, бұл адамдар қабірлерінде бәлеге
душар болып жатыр. Сендер бір-бірлеріңді жерлейтін
болмағандарыңда еді, сендерге Аллаһтан өзім естіп тұрған қабір
азабын естіртуді сұрар едім», - деп айтты»
, - дейді (Имам Муслим
риуаят етті).
Қабір өмірі
10
Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)
қабірлердің жанынан өткенде олардың дауысын есітетін болған. Егер
адамдарда қабір азабының дауысын есіту қабілеті болғанда, қабірге
деген қорқыныштан олар бірін-бірі жерлемей қояр еді.
Әбу Әйюб әл-Ансари (оған Аллаһ разы болсын):
«(Бірде) Аллаһ
Достарыңызбен бөлісу: |