Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тұлғаны дамыту мен қалыптастырудағы ұжымның рөлі



бет67/141
Дата24.09.2023
өлшемі480,73 Kb.
#110096
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

9.2.Тұлғаны дамыту мен қалыптастырудағы ұжымның рөлі

Оқушының ұжымдық қатынастар жүйесіне ендіру аса күрделі, бірмәнді емес, көп жағдайда қарама-қарсы мәнді болып келетін үрдіс. Оқушылар- ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез ерекшелігі, көпшілдігі, білім және басқа көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан олар қарым-қатынастар жүйесіне әртүрлі болып енеді. Жолдастары тарапынан түрліше жағдайға тап болады, ал ол ұжымға керісінше әсер етеді.


Ұжымдық қатынастар жүйесінде жеке бастың жағдайы шын мәнінде дербес, әлеуметтік тәжірибеге байланысы болып келеді.
Мамандардың тұжырымдауынша, ұжымдағы қарым-қатынастардың әлеуметтік-психологиялық негізін, онда қабылданған құндылықтар құрайды, яғни, ұжым баланың өмірі мен қызметіне, оқушының жеке басы мен мінез-құлқына аса маңызды және мәнді саналатын қасиеттерді ендіреді.
Бұл - ұжымдағы адамдардың көпшілігі жоғары бағалайтын жеке сапалар мен қылықтар. Сыныпта, мәселен, адалдық, қайырымдылық, ізгілік, батылдық қасиеттер ерекше бағалануы, тіпті тұлғалық сапалар басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы арада оның күрделі құбылыс болып табылатынын ескерген жөн. Оны үш топқа бөлуге болады:

  1. Ұжымшылдық - тиімді бірлескен қызмет, ынтымақтастық және ұйымшылдық орта;

2. Ұжымшылдық-топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық;
3. Ұжымшылдық-көңілдестік, өздігінен түсінушілік, басқаларға қамқорлық.
Құрмет - бұл кейде оның бойында кемшіліктері бола тұрса да, біз бағалайтын қарым-қатынастық қасиет. Басқаша айтқанда, құрмет оның қателеріне қарамастан, адамға деген оңды қарым-қатынас болып табылады. Өз бойында адамдарға деген осындай құрметті тәрбиелеу, ол кез-келген адамнан ең алдымен оңды қасиеттерін көре білуді үйренген кезде ғана пайда болатын қасиет.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. Ұжымның тәрбиелік қызметін тұжырымдап, оны гуманистік идеялар мен толықтырған ғалым кім?

  2. В.А.Сухомлинскийдің теориялық және практикалық еңбегінің нәтижесінде ұжымды қалыптастырудың қандай принциптерінің жиынтығын анықтады?

3. Ұжымның тәрбиелік қызметін ұйымдастырудың тиімді формаларын қандай ғалымдар зерттеген?
4. Л.Ю.Гордин, М.П.Щульц және т.б. зерттеулері ұжымдық тәрбиенің қай қырын зерттеген?
5. Ұжымның тәрбиелік қызметі мен өзін-өзі басқаруын зерттеген ғалымдар кімдер?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет