Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Отбасы параметрлерін зерттеу алгоритмі



бет114/140
Дата16.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#140139
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   140
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org

16.3.Отбасы параметрлерін зерттеу алгоритмі
1. Отбасы құрамын анықтау:
  • құрамы толық, толық емес, бір балалы, көп балалы, ата-анасы ажырасқан отбасылар;


  • тұрмысы мен тұратын үй жағдайы, қаражатпен қамтамасыз етілуі; отбасының тәрбиелік ықпалы: күшті, тұрақсыз, нашар, теріс.




2. Отбасындағы қарым-қатынас сипаты:
  • отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы үйлесімді, тіл табысатын, тұрақсыз, сырт көзге дұрыс көрінгенімен де қайшылыққа толы, моральдық қыры төмен;


  • отбасы мен бала арасындағы қатынас - көз жұмушылық, қамқорлық таныту, тең қатынас құру, тұйық қатынас құру, немқұрайды қатынас орнату, балаға шеттен тыс өбектеу, өз жауапкершілігіне жүктелген қатынас, өз еркіне берілу, бақылаусыз қалдыру;


  • баланың отбасындағы ұстанымы (педагогикалық тұрғыдан дұрыс, отбасы мүшелері тегіс баланың жеке басын жоғары қояды, екі адамның арасындағы дау-жанжал арқылы баланы өз жағына тарту, өз бетімен жүруі, оған ешкім назар аудармауы, беделді отбасы мүшесінен қорқу, өзіне сенімсіз, ата-анасымен ашық сөйлескісі келмейді.




3. Отбасындағы баланың өзін-өзі сезінуі:
«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен де оларды жақсы көремін».


«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен үшін өмір сүреді».
«Мен керекпін, бірақ мені ешкім жақсы көрмейді, ал мен олармен барлық жан-тәніммен жақындасқым келеді».
«Мен оларға керек емеспін, олар мені жақсы көрмейді, сондықтан мені де мазаламаңдар».
Алдыңғы екеуі, баланың дамуы үшін өте маңызды.


4. Баланың ата-анасына қатынасы:
Отбасылық қарым-қатынас маңызды; ата-аналары беделді; балаға немқұрайды қарайды; баланың көңілінде үлкен күйзеліс бар; отбасы мүшесінің біреуіне жақын болғысы келеді.
Ата-аналар мен жасөспірімдердің арасындағы қайшылықтарды жеңу үшін ата-аналармен педагогикалық жұмыстар жүргізудің маңызы зор. Ол жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады.

Ата-аналарға педагогикалық тәрбие беру кезеңдері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет