Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Дарындылықтың диагностикасы



бет103/140
Дата16.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#140139
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   140
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org

Дарындылықтың диагностикасы

Мектеп оқушыларының дарындылығы деп тұлғаның жеке бас ерекшелігі, туа біткен қасиеті, педагогикалық – психологиялық тұрғыда жан-жақты толық дамуы, ойлау қабілетінің даралығы, шығармашылық ізденістері т.б. атауға болады.
Дарынды оқушының мәдени қарым-қатынас құндылықтары, тәрбиелік сапалық көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары болуы дау туғызбайды. Диагностика жүргізу үдерісінде оқушының білімі, рухани құндылықтары, ынтасы, еңбексүйгіштігі, тұлғалық адамгершілік қасиеттері, өзін өзі дамыту, жетілдіру, тану дағдылары, талғампаздығы, эрудициясы т.б. негізге алынады.
Дарынды балалардың логикалық ойлау қабілетінде өзгешеліктер басым, танымы жоғары, ішкі жан дүниесі жағынан сезімтал, ерік-жігері мықты, дарынды, қиялшыл т.б. болып келеді.
Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы білім беретін мекемелерінде негізгі стртатегиялық жоспарына дарынды баланы іздеп табу, іріктеу мәселесі кіреді. Қазіргі таңда Назарбаев интеллектуалды мектебі, математиканы тереңдетіп оқытатын мектептер, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептер, қазақ-түрік лицейі, Хейлибери мектебі, Мирас мектебі, Ж.Аубакированың музыкалық мектебі, т.б. білім мекемелері орындарында ерекше дарынды балалар білім алады. Аталған мектептерде оқу-тәрбие жұмысын өзіндік жаңашылдық тұрғыда ерекшеліктері басым.
Дарынды балалар оқитын мектептерде тереңдетілген бағдарлама бойынша, жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу, жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалану, сыни тұрғыда, проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту, әр деңгейдегі пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру негізгі орын алады.


Дарындылықты анықтау критерийлеріне тұлғаның білімді толық игеруі, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы, тақырып бойынша өз ойын еркін айта алуы, алынған білімдерді өз бетінше дамыта білуі; өзіне-өзі талап қоя білуі, материалды игеруде табандылық, алынған білімді әр сабақ сайын дамыту; өз ойларын баяндағанда ғылыми дәлеледеуі, ғылыми жобалармен шұғылданғанда өз бетінше іздене алуы, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы, іс - әрекеттегі, қарым - қатынаста мәдениеттілігі жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет