Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Девиантты мінез-құлықты балалар мен оқушы жастарды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету



бет95/140
Дата16.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#140139
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   140
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org

12.2. Девиантты мінез-құлықты балалар мен оқушы жастарды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету
Тәртібінде ауытқу дамуының бірінші кезеңінде тәрбиедегі қиындықтар алғашқы көріністері орын алып ауытқу сипатына кері әсер ету, келіспеушілік, кейбір әлеуметтік талаптарды (отбасы, мектеп) орындамау кіреді. Бірақ әлеуметке қарсы тәртіп әлі жоқ. Тұлға қалыпты, өз құндылықтарына және ұстанымдарына сәйкес деп қабылданады.
Бұл кезеңде қиын тәрбие болып бала тұлғасының дамуында табиғи, тұлғалық-жеке дара және педагогикалық факторлардың біріктірілгені орын алады. Осы кезеңдегі педагогикалық іс-әрекеттің екі жолы бар. Бір жағдайда ол түзету әсері болу керек (ата-аналарға, ұстаздарға көмек). Басқа жағдайда көмек бала тұлғасына бағытталып және оның ынталандыру-мағыналық аймағының өзгеруін меңзеу қажет. Аталған кезеңде бала тұлғасы тұралы қоғам пікірінің бастапқы теріс ойлары орын алады: ескертулер, ата-аналар, тәрбиешілер және т.б тарапынан жазалау әдістері. Бірақ, тәртіп ауытқуын бұл жағдайда болжау өте қиын. Егер жасөспірімге көңіл аудармай немесе сәтсіз көмек көрсетілсе, аяқталуының екі жолы бар: тұлға өз мәселесін өзі шешеді немесе тәртібіндегі бұзылыстары тереңдей түседі.


Екінші кезеңде: әлеуметтік талаптарды, қалыпты жағдайды бұзу жалғасын табады және әлеуметке қарсы әрекеттердің бастапқы көріністері пайда болады (ұсақ ұрлықтар, өтірік айту, бұзақылық). Жағдайлық көріністерді сипаттайын кіші топтарға енуі мүмкін.
Бала тұлғасына көрсетілген көмек (Поварницына В.А., Прокопьев И.П.) түзету-тәрбие жұмысы сипатты. Оның мақсаты – пайда болған әлеуметке қарсы тәртіпке дайын бастамаларды бұзу, қоғамдағы қалыпты және құндылықтар жүйесіне сәйкес сатылы қалыптылық және құндылық жүйесін тұрақты қалыптастыру. Бұл кезеңде оқушылар тәртібінің жалғасып кері дамыуына мектептегі және түрлі қосымша білім беру ұйымдарындағы жеке және топтық жұмыстар кедергі жасайды, түрлі қозғалыстардағы балалар бірлестігімен, ұйымдарда, одақтардағы жұмыстар тұлғаға маңызды қызығушылық қалыптастырып, қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қоғамда өзін-өзі тұрақтандыруына ықпал етеді. Аталған кезеңде қайта тәрбиелеудің жазалау және зорлық түрлерін қолдануға болады. Уақытында назар аударып сәтті көмек көрсеткен жағдайда жағымды нәтижеге қол жеткізуге болады. Егер көмек уақытында көрсетілмесе, онда тәртіптегі бұзылыс тереңдей түсіп, теріс жауаптар тұрақты әдетке айналуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет