Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет109/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   215
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

Тұлғалық блок құрылымының құрамдас бөлігі - зияттық, эмоциональдық және еріктік қарым-қатынас белсенділігінің бірлігі, яғни тұлға санасының үш қыры, топтың өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді. Зияттық қарым-қатынас – тұлғааралық түсіністік пен ортақ тіл таба білу, зияттық ақпарат алмасу, жалпы ұстанымдарын анықтау, топтық шешім қабылдау. Эмоциялық қарым-қатынас - тұлғааралық байланыстардан туатын топ мүшелерінің көңіл-күйі, топтың басыңқы көңіл-күйі, эмоциялық күш-қуаты. Эмоция топ өмірінде маңызды орын алады. Еріктік қарым-қатынас топтың түрлі кедергілер мен қиындықтарға қарсы тұруы, төтенше жағдайларға төтеп беру қабілетін білдіреді.

Жалпы сипаттағы блоктың (кешенділік, микроклимат, референттік, көшбасшы, топішілік және топаралық белсенділік) топ өміріндегі орны.

Топтың іс-әрекетін психологтар жан-жақты зерттеген. Кешенділік – топ мүшелерінің бірлігі, тұтастық өлшемі, ал егерде кешенділік болмаса, топ ажырап кетеді (А.Н.Лутошкин, А.В.Петровский, В.В.Шпалинский, т.б.); микроклимат - әр тұлғаның топта өзін үйлесімді сезінуі, топ ішіндегі өзінің орнына көңілінің толуы, өзін жайлы сезінуі (А.В.Лутошкин, А.А.Русалинов, т.б.); референттік - топ мүшелерінің топтық эталонды қабылдау дәрежесі, оны топтық құндылықтармен жақындастыру (Е.В.Щедрина); көшбасшы – топтың міндеттерін жүзеге асырудағы, жекелеген тұлғалардың топқа белсенді ықпалы (Е.М.Зайцева); топішілік белсенділік - топ мүшелерінің белсенділігі (Л.И.Уманский); топаралық белсенділік - бір топтың басқа топқа, мәселен бір сыныптың басқа сыныпқа әсері (А.И.Кузнецов, В.С.Агеев).

Жалпы сапалардың барлығы топтың ұжым ретіндегі даму деңгейін сипаттап, бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Осылардың әрқайсысы алғашқы екі блоктың құрамды бөліктеріне де тән.

Топтың құрылымдық үш блогының өзара байланысы мен әрекеттестік қызметі көпқырлы. Л.И.Уманский эксперимент барысында балалар мен жастар тобының жоғарыда көрсетілген белгілердің тұрақты байланысын жоғары деңгейде қамтамасыз еткенде ғана, ұжым болып қалыптасатынын дәлелдеді.

Ең төмен деңгейдегі ұжым–құрама топ, бірімен–бірі таныс емес балаларды бір кеңістікте топтастыру, оның мысалы ретінде жаз мезгіліндегі демалыста тынығуға жан-жақтан келген балаларды айтуға болады. Егер де балалар алғаш рет бір мақсатқа топтастырылса, оны алғашқы ұжым деуге болады. Оларға тапсырма жүктелсе, онда олар ассоциациялық топ аталады. Осы деңгейден бастап, ұжымның алғашқы белгілері-тұлғааралық байланыстары қалыптаса бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет