Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың келесі әдіснамалық тұғырларын ұсынады



бет9/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   215
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың келесі әдіснамалық тұғырларын ұсынады:


Өркениеттіліктұрғысынан алатын болсақ еліміз әлемдік деңгейде білім кеңістігіне кіріктірілуі тәрбие үдерісіне де жаңашыл көзқарастармен қарауды талап етіп отыр. Ұлттық және әлемдік құндылықтарды кіріктіре отырып, әлемдік деңгейде талап етілетін құндылықтарды тұлғаның бойына сіңіруімізбен қатар, қоғамда әлемдік деңгейде көзқарастарды қалыптастыру. Қазақ елі көп ұлттың басын біріктіріп отырған демократияшыл және өркениетті елдер тұрғысынан мәдениеті, рухани – адамгершілік құндылықтар жағынан әлемдік өркениет көшіне ілесе алатын елдер қатарынан табылуы өркениеттіліктің басты шарты де бағаланады.

Тұлғалық-бағдарлы тұғыр–өзара байланысты түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру процесіне қолдау көрсету, оның дербестігін дамыту. Тұлғалық ықпал тұрғысынан - әр тұлғаға оның жас ерекшелігімен қоса мінез-құлқы, өзінің туа біткен темпераментіне, психологиялық жаратылысына байланысты әрекет ете отырып, оның бойындағы рухани адамгершілік құндылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету.

Аксиологиялық тұғыр – адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қарым-қатынасын ұғынуымен және тұлғалық мағынасымен анықталатын ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.Құндылықтар жүйесі негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлы дала елінің мәңгілік ел идеясы негізінде тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады.

Ата-баба дәстүрінен бастау алатын ұлттық мәдениет, руханилық адам бойындағы негізгі құндылықтардың бірі болып табылады. Рухани- адамгершілік құндылықтар халқымыздың бойындағы құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға болады. Көне түркі заманнан бастау алған рухани-адамгершілік құндылықтар тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді қалыптастырады.



Қызметтік тұғыр–тұлғаның оның қызметімен бірлігі, ол тұлғаның құрылымдарына тікелей және жанама түрде өзгеріс жасауды жүзеге асырады.

Құзыреттілік тұғыр – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушыларда құзыреттіліктерді қалыптастыруда және олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін ортақ ұстаным-дар жиынтығы.

Әлеуметтік тұғыр–тұлға мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік ақиқаттың өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және қоғам үшін педагогикалық салдарлары.Әлеуметтік тұрғыда ықпал ету тұғыры - әлеуметтік орта мен тәрбиелік кеңістікті орнықтыру, тұлғаны әлеуметтендіру үрдісі, әлеуметтік қарым-қатынас негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік құндылығын қалыптастыруға бағытталады. Қоғам мен әлеуметтік ортаның дамуы мен сұранысынан тәрбие жүйесінде тұлғаның қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуі т.б. мүмкіндік жасалады.

Іс - әрекеттік тұғыр негізінен қарастыратын болсақ тұлғаның тәрбиелік қасиеті оның іс–әрекеті, қарым-қатынас, мінез-құлқы негізінде іске асатынын негізге ала отырып, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталады.

Жүйелілік тұғырынысанды оны құрайтын бөліктердің жиынтығына жатпайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі түрде қарастыру құрылымдық компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерархиялық байланыстар орнатуды, жүйе-құраушы факторларды анықтауды, сыртқы байланыстарды талдау қажет. Жүйелілік тұғыр-тәрбиенің мақсаты, міндетіне сәйкес, мазмұнын жүйелі құра білу, жүйелі, бірізді, сабақтастықта берілуі оқушының санасы мен танымына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет