Ұжымның даму кезеңдері. Мектептегі тәрбие ұжымының құрылымы. Ұжымдағы белсенділер тобы–ұжымды нығайту орталығы. Ұжымның қоғамдық пікірді қалыптастыруы. Оқушылар ұжымының түрлері. Түрлі жастағы балалар ұжымымен сабақтан тыс жұмыс жүргізу.
Негізгі түсініктер:тәрбие ұжымы, балалар ұжымы, ұжымшылдық, педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті, гуманистік педагогика.
Ұжымның даму кезеңдері. Педагог оқушылар тобындағы жағдайды аңғара білуі тиіс. Оқушылар ұжымын қалыптастыру жұмысы үнемі үздіксіз жүргізіліп отыруы қажет. Ұжымының күнделікті дамып жетіліп отыруы, жеке тұлғаның қалыптасуына барынша ықпал етеді. Сондықтан да тәрбиеші ұжымның тәрбиелік деңгейін арттыруды көздеп, дамытып отыруы абзал. А.С.Макаренко ұжымның қалыптасуын үш кезеңге бөледі.