Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Мультимедиялық технологиялар



бет129/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   215
Мультимедиялық технологиялар да тәрбие шарасын іске асыруда негізгі орын алады. Қазіргі таңда мектептерде өте жиі қолданылатын технологиялардың бірі. Тәрбиелік іс – шараларда аудио технология, проектор, телевизор, магнитофон т.б. пайдалана отырып, оқушының танымдық деңгейін дамытуға ықпал етеді.

SMART технологиясы әлемдік деңгейде замануи тұрғыда жаңашылдықпен іске асып отырған технологиялардың бірі. Тәрбие жұмысында көптеген іс- әрекеттер презентациялар, слайд шоу, дыбыстық жүйелерді пайдалана отырып, қашықтықтан тапсырма беру, инетрбелсенді әдістерді пайдалану арқылы іске асады. Бұл технологияның ерекшелігі оқушы кез-келген уақытта электронды жүйе арқылы өзінің білім көздеріне қолжетімділігі арқылы білік, білім, дағдысын жетілдіре алады, білім қорының молаюына ықпал етеді. Замануи байланыстарға SMART технологиясы кез-келген шараларға байланысты материалдарды еркін пайдалана отырып, өте қызықты өткізуге жағдай туғызады.

Тәрбиелік іс-шараларда кейс технологиясы әр түрлі кездесетін жағдаяттардан, әртүрлі пікір таластардан шығудың жолдарын анықтайтын, өз көзқарастарын, дағдыларын, ойлауды, пікірталас тудыра отырып, одан шығу жолдарын, жағдаяттарды шешуге негізделген сұрақтар мен тапсырмалардың жинақталуын қалыптастырады. Кейс (сase) ағылшын тілінен аударғанда «жағдай», «жағдаят» деген мағынаны береді. Оқушының өмір сүру кеңістігіде әр түрлі жағдаяттардың туындайтыны белгілі. Кейс технологиясын тәрбиелік іс– шараларда қолдануда жағдаяттардан мұғалім шығудың жолдарын нақты айқындайтын әдіс-тәсілдерді, талдауларды, мәселелерді шешуде алгоритмдік реттілікті құра білуі керек.

Жаңашылдық үлгіде тәрбиелік шараларды іске асыруда ақпаратттық технологияның негізі ғаламтор жүйесінде смартфон немес компьютерлер арқылы Whatsappты пайдалану өзекті болғанын көреміз. ХХІ ғасырдың басында бұл жүйені әлемнің 57 пайызы пайдаланып отыр. Адамның санасын қалыптастыруда ақпаратттық жүйенің негізгі орын алатынын көріп отырмыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет