Қарым-қатынас технологиясы. Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру үшін педагогикалық міндетті шешуді көздеу керек. Біріншіден, педагогикалық міндетті шешуге екі субьект (педагог пен тәрбиеленуші) қатысады. Екіншіден, көзделген міндетті жүзеге асырумен бірге тәрбиеші өз ісіне сырт көзбен қарап, өз ісін бағалай білуі тиіс. Үшіншіден, педагогикалық міндет үнемі оқыту міндетімен диалектикалық тұрғыдан тығыз байланысты болғандықтан, тәрбиеленушінің оқу міндетін шешуімен байланысты. Педагогикалық міндет педагог басшылығымен, оқушының іс-әрекетін белсендірумен жүзеге асады.
Тәрбие технологиясы әлемдік тәжірибені негізге алатын болсақ тәрбие технолгиясы тұлғаны дамыту, әлеуметтендіру, бейімдеу, сыни тұрғыда ойлау, өзара қарым қатынаста әдеп негіздерін сақтау іс - әрекеттерін қамти отырып, тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруға негізделген педагогикалық оқу - тәрбие үрдістің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |