18.3. Тәрбие жұмысы тиімділігінің психологиялық-педагогикалық диагностикасының әдістері
Педагогикалық –психологиялық диагностикалық эксперимент барысында әдістердің кешенін: анализ, синтез, жобалау, индукция, дедукция, идеалдық, ойша эксперимент, салыстыру, жинақтау, маңызына қарай талдау, топтастыру т.б. қамтиды.
Нақты жүргізілген педагогикалық-диагностикалық эксперимент педагогикалық үдерісті жандандыруға үлкен ықпал етеді. Мектептегі педагогикалық эксперимент тұлғалық қатынасқа, жас ерекшелікке, анатомиялық - физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағдайларға аса мән берілуі керек. Зерттеушілер мектепте диагностика жүргізгенде мектепке дейінгі, кіші мектеп жастағы, балалық шақ, жоғарғы мектеп жасындағы аралықтарды нақты белгілеп жас ерекшелігін негізге ала отырып жүргізгенде дұрыс нәтижеге жетеді.
Тәрбие жүйесінде сапа критерийлеріне жүйенің қойылған мақсатқа жақындау дәрежесі, мектептің жалпы психологиялық климаты, оқушылардың тәрбиеліктерінің деңгейлік көрсеткіштері т.б. Мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ұйымдастыру жұмыстарының нақты іске асуы, оны тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейлерінің өсуіне ықпалы, жақсы нәтиже алуға бағытталуы, яғни, тұлғаның дарындылығы мен қабілетін, зиялылығын аша білу. Көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарында оқушылармен жүргізілген тәрбиелік диагностикалық зерттеулерде тәрбиелік деңгейлерін төмен, орта, жоғары үш деңгейлерге бөліп қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |