1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Бекітемін
Жаратылыстану және география
институтының директоры
___________К.Д. Каймулдинова
«25» наурыз 2016 ж.
«6M060600 – ХИМИЯ» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2016
2
Қабылдау емтиханының бағдарламасы:
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім
туралы» заңы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17
маусымындағы
№
261
бұйрығымен
бекітілген
магистратура
мен
докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті
мемлекеттік білім стандарты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы №
109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу
бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі
ережесі;
ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту
туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6M060600 – ХИМИЯ» мамандығының
үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.
Құрастырушылар: д.х.н., профессор Мейирова Г.
Академик НАН РК Бектуров Е.А.
Химия кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № 7 хаттама,
«24» 03. 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі:
___________
Н.К. Ахметов
ЖГИ директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары
___________
Муқатаева Ж.С
Қабылдау емтиханының бағдарламасы Жаратылыстану және география
институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № 7 хаттама, «25» 03. 2016 ж.
3
Физикалық және коллоидтық химия
Химиялық термодинамика. Термодинамика әдістері мен шектеулері. Негізгі түсініктер:
жылу, жүйе, күй, үрдіс. Тепе-теңдік, қайтымды және қайтымсыз процестер.
Термодинамикалық және термохимиялық көрсеткіштер. Ішкі энергия, жылу. Энтальпия.
Термохимия. Тұрақты қысым мен тұрақты көлемдегі химиялық реакцияның жылу эффектісі.
Гесс заңы. Түзілу, еру, жану жылулары. Колориметрия.
Қайтымды және қайтымсыз процестер. Максималды жұмыс. Термодинамиканың екінші
заңы. Карно циклі және максималды пайдалы әсер коэффициенті.
Энтропия – күй функциясы. Термодинамикалық ықтималдылық түсінігі. Энтропия және
термодинамикалық ықтималдылық. Больцман формуласы. Фазалар, компоненттер және
еркіндік дәрежесі.Фазалар ережесі. Бір компонентті жүйелер. Клапейрон- Клаузиус теңдеуі.
Екі компонентті жүйелер. Ерітінділер термодинамикасы. Д.И. Менделеевтің ерітінділер
теориясы. Рауль заңы, идеал ерітінділер. Осмос қысымы.
Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі. Дебай-Хюккелдің «күшті электролиттер»
теориясының негізгі ережелері.
Температураның реакция жылдамдығына әсері. Фотохимиялық реакциялар. Жарылыс
шегі. Гетерогенді процестердің кинетикасы.
Реакцияның диффузиялық және кинетикалық аймағы. Катализ. Катализ және тепе-
теңдік. Гомогенді катализ. Газ катализі. Ерітінділердегі катализ. Қышқылды-негізді катализ.
Микрогетерогенді катализ. Биокатализ. Ферменттер.
Коллоидты жүйелер. Негізгі түсініктер. Дисперсті жүйелер. Седиментация. Мицелла.
Адсорбция. Эмульсиялар және олардың қолданылуы. Аэрозолдер, көбіктер және ұнтақтар.
Коллоидтық жүйелердің алынуы мен қолданылуы. Беттік керілу. Коллоидты химия және
дисперстілік.
Емтихан сұрақтары
1.
Физикалық химия ғылым ретінде. Физикалық химия дамуының негізгі кезеңдері.
2.
Химиялық термодинамиканың негізі. Термодинамиканың әдістері мен шектеулері.
Негізгі түсініктер: жылу, жүйе, күй, процесс. Интенсивтілік және экстенсивтілік
факторлары.
3.
Тепе-теңдік, қайтымды және қайтымсыз процестер.
4.
Термодинамикалық жүйелер және қоршаған орта. Жүйе күйі. Күй функциялары. Ішкі
энергия. Жылулық және жұмыс.
5.
Термодинамиканың бірінші заңы және оның тұжырымдамасы. Изотермиялық,
изохоралық және изобаралық процестер үшін термодинамиканың бірінші заңының
сипаттамасы.
6.
Гесс заңы. Түзілу, еру және жану жылуы. Жылу эффектісін есептеуде Гесс заңын
қолдану.
7.
Термодинамиканың екінші заңы. Жылу машинасы. Энтропия. Жылудың жұмысқа
айналу сызбасы (Карно циклі). Энтропияның температураға тәуелділігі.
8.
Термодинамиканың үшінші заңы. Заттардың абсолюттік стандартты энтропиясы.
9.
Термодинамиканың екінші заңы және оның мағынасы. Термодинамиканың екінші
заңының статистикалық көрсеткіштері. Жүйенің мүмкін болатын күйі және
флуктуация. Термодинамикалық потенциалдар. Гельмгольц энергиясы. Гиббс
энергиясы. Химиялық потенциал.
10.
Идеал және реал газдардың химиялық потенциалы. Химиялық тепе-теңдік. Массаның
әсер ету заңы. Тепе-теңдік константасы.
11.
Ле-Шателье принципі. Вант-Гофф ережесі.
12.
Бір компонентті жүйелер. Судың күй диаграммасы. Екі компонентті жүйелер. Сұйықта
шексіз еритін компоненттер және қатты ортада өзара ерімейтін күйдегі жүйелердің
4
балқу диаграммасы. Үш компонентті жүйелер. Үш компонентті жүйелердегі фазалар
күй диаграммасы.
13.
Ерітінділердің физикалық және химиялық теориясы. Ерітінділердің молекулярлық
теориясы. Ерітінділердің химиялық теориясы. Идеал ерітінділер. Идеал ерітінділердің
заңдары. Осмос және осмостық қысым.
14.
Дебай-Хюккель күшті электролиттердің электростатикалық теориясының негізгі
түсініктері. Иондардың сольваттануы (гидратация) түсінігі.
15.
Катализ. Химиялық реакция жылдамдығына катализатордың әсері. Катализ түрлері:
гомогенді және гетерогенді. Ферменттер. Биологиялық процестердегі ферменттердің
рөлі. Химия өндірісінде катализдің қолдануы.
16.
Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық
тепе-теңдік константасы. Ле-Шателье принципі. Химиялық процестерді бақылау үшін
химиялық реакция жылдамдығын оқытудың мәні.
17.
Дисперстік жүйелердің жалпы қасиеттері және олардың классификациясы. Шынайы
ерітінділер. Еру – Д.И.Менделеевтің ерітінділер теориясының физика-химиялық
гидратация процесі.
18.
Энтропия күй функциясы ретінде. Термодинамикалық ықтималдылық түсінігі.
Энтропия және термодинамикалық ықтималдылық. Больцман формуласы.
19.
Фазалар, компоненттер және еркіндік дәрежесі. Фазалар ережесі. Бір компонентті
жүйелер. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Екі компонентті жүйелер. Ерітінділер
термодинамикасы.
20.
Д.И. Менделеевтің ерітінділер теориясы. Рауль заңы, идеал ерітінділер. Осмостық
қысым.
21.
Электролит ерітінділердің электр өткізгіштігі. Дебай-Хюккель күшті электролиттердің
электростатикалық теориясының негізгі түсініктері.
22.
Реакция жылдамдығына температураның әсері. Фотохимиялық процестер. Жарылыс
шегі. Гетерогенді процес кинетикасы.
23.
Реакцияның диффузиялық және кинетикалық аимақтары. Катализ. Катализ және тепе-
теңдік. Гомогенді катализ. Газ катализі. Ерітіндідегі катализ. Қышқылдық-негіздік
катализ. Микрогетерогенді катализ. Биокатализ. Ферменттер.
24.
Коллоидты жүйелер. Негізгі түсініктер.
25.
Дисперсті жүйелер. Седиментация. Мицелла. Адросбция.
Негізгі әдебиет:
1.
Оспанов Х.К, Абланова Е.К жэне т.б. Физикалық химия. - Алматы Казак;
Университеті, 2002ж.
2.
А.Г Стромберг, Д.П. Семченко. Физическая химия. – М.: Высшая школа, 2000г.
3.
К.И.Евстратова, П.А. Купина, Е.Е. Малахова. Физическая и коллоидная химия. - М.;
Высшая школа, 1990г., 487 с.
4.
Қоқанбаев Э. Қысқаша физикалық химия курсы. - Алматы, 1996
ж
.
5.
Утелбаев Б. Химия;. 1,П,Ш том,. РБК (РИК). - Алматы, 1998ж.
Қосымша әдебиет
6.
Добычин Д.П., «Физическая и коллоидная химия».-М., Просвещение 1986г
7.
Хмельницкий Р.А. Физическая и коллоидная химия. - М.: Высшая школа 1988г. 400 с.
8.
Алмашев Б.К. Физколлоидты химия практикумы. - Алматы, Изд. Мектеп
1985 ж.. 208 б.
9.
Жанбеков Х.Н. Физикалық және коллоидты химия eceптері мен
жаттығулар жинағы.
- Алматы, «МерСал» баспа уш, 2003ж.
10.
Климов И.Л, Филько А.И, Сборник вопросов и задач по физической химия. -М::
Просвещение, 1983г.
5
Жалпы және бейорганикалық химияның
теориялық және қолданбалы аспектісі
Химия ғылым ретінде. Р.Бойль, М.В.Ломоносов, А.Лавуазье, Дальтон жұмыстары.
Атомды-молекулалық ілім. Алғашқы атом моделі (Томсон, Резерфорд), оның жетістіктері
мен кемшіліктері. Бор бойынша сутек атомының теориясы. Квант сандары. Химияның
теориялық негізінің қалыптасуы. Д.И. Менделеевтің периодтық заңының ашылуы (1869ж.).
Химияның қайта өркендеуінің заманауи кезеңі. Бейорганикалық химия облысындағы
ғылыми және тәжірибелік зерттеулер. Материя туралы түсінік. Химия және қоршаған ортаны
қорғау проблемасы. Бейорганикалық химияның басқа химия ғылымдарымен, биологиямен,
физикамен және табиғат туралы басқа ғылымдармен байланысы.
Химиялық элемент. Изотоптар. Элементтердің жер қыртысында таралуы және олардың
массалық үлесі (пайызбен). Сирек элементтер. Жай зат химиялық элементтің тіршілік
формасы. Аллотропия. Күрделі заттар. Құрам тұрақтылық заңы. Заттардың тазалық дәрежесі
туралы түсінік. Жай және шынайы химиялық формулалар. Зат массасының сақталу заңы.
Реакция теңдеуі бойынша есептеулер. Энергияның сақталу заңы. Масса мен энергияның
өзара байланысы. Эйнштейн теңдеуі. Гей-Люссактың көлемдік қатынастар заңы. Авогадро
заңы. Еселі қатынастар заңы. Функционалды белгілері бойынша күрделі заттардың
классификациясы. Оксидтер. Қышқылдар. Негіздер. Тұздар. Кешенді қосылыстар. Вернердің
координациялық теориясының негізгі ережелері. Координациялық сан. Кешенді
қосылыстардың изомериясы. Тірі ағзадағы кешенді қосылыстар. Химиялық байланыс
түрлері: ковалентті және иондық және т.б.
Сутегі. Сутегі атомының құрылысы. Периодтық жүйедегі 1, II, III, VI, V, VII, VIII топ
элементтерінің жалпы сипаттамасы. Атомдардың электрондық құрылысы. Атомның
электрондық құрылысы мен топшадағы орны бойынша элементтредің химиялық қасиеттерін
сипаттау.
Емтихан сұрақтары
1.
Химия пәні мен міндеті, жаратылыстану жүйесіндегі оның орны. Химия және
қоршаған ортаны қорғау проблемасы. Бейорганикалық химия пәні. Бейорганикалық
химияның басқа химия ғылымдарымен, биологиямен, физикамен және табиғат туралы
басқа ғылымдармен байланысы.
2.
Химияның ғылым ретіндк дамуы. Р.Бойль, М.В. ломоносов, А.Лавуазье жұмыстары.
Атом-молекулалық тоерияның қазіргі химияның негізі ретінде маңызы. Атомдар мен
молекулалар – дисперсті жүйелер. Атомдар мен молекулалардың мөлшері мен
массасы. Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса. Зат мөлшерінің өлшемі –
моль. Молярлық масса. Газдың молярлық көлемі. Химиялық элемент. Изотоптар.
Элементтердің жер қыртысында таралуы және олардың массалық үлесі (пайызбен).
Сирек элементтер.
3.
Жай зат - химиялық элементтің тіршілік формасы ретінде. Аллотропия. Күрделі
заттар. Құрам тұрақтылық заңы. Заттың тазалық дәрежесі туралы түсінік. Жай және
шынайы формулалар. Зат массасының сақталу заңы. Реакция теңдеу бойынша
есептеулер. Энергияның сақталу заңы. Масса мен энергияның өзара байланысы.
Эйнштейн теңдеуі. Гей-Люссактың көлемдік қатынастар заңы. Авогадро заңы. Еселік
қатынастар заңы.
4.
Элементтің химиялық эквиваленті. Эквиваленттік масса. Эквивалент заңы. Күрделі
заттардың химиялық эквиваленті. Атомдық және молекулалық массаны анықтау
әдістері.
6
5.
Құрылысы бойынша күрделі заттарды жіктеу. Бинарлы (екі элементті) қосылыстар:
галогендер, оксидтер, нитридтер, карбидтер және т.с.с. Асқын тотықтар. Бинарлы
қосылыстар
номенклатурасы.
Үш
элементті
қосылыстар.
Гидроксидтер.
Функционалды белгілері бойынша күрделі заттарды жіктеу. Оксидтер. Қышқылдар.
Негіздер. Тұздар.
6.
Оксидтер. Оксидтер классификациясы. Номенклатура. Алыну жолдары, физикалық
және химиялық қасиеттері. Гидроксидтер. Еритін және ерімейтін негіздердің
физикалық және химиялық қасиеттері.
7.
Қышқылдар. Қышқылдардың классификациясы. Номенклатурасы. Алыну жолдары.
Қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттері. Тұздар. Тұздардың
классификациясы. Тұздардың алынуы. Қышқылдар. Классификация кислот.
Номенклатура. Тұздардың физикалық және химиялық қасиеттері.
8.
Кешенді қосылыстар. Вернердің координациялық теориясының негізгі ережелері.
Комплекстүзгіштер, лигандалар, координациялық қосылыстардың ішкі және сыртқы
сферасы.
Координациялық
сан.
Кешенді
қосылыстардың
изомериясы.
Координациялық қосылыстардың маңызды түрлері: аквакомплекстер, аммиакаттар,
ацидокомплекстер. Координациялық қосылыстардың номенклатурасы. Тірі ағзадағы
кешенді қосылыстар.
9.
Атом – күрделі микрожүйе. Атомдық ядро – протондар мен нейтрондардың
динамикалық жүйе. Атом туралы түсінікті тәжірибелік дәлелі. Атомның алғашқы
моделі (Томсон, Резерфорд), оның жетістіктері мен кемшіліктері. Бор бойынша сутегі
атомының
теориясы.
Микробөлшектердің
корпускула-толқындық
дуализмі.
Электронның атомдағы күйі. Квант сандары. Атомның негізгі қасиеттерінің сандық
сипаттамасы. Атомдық радиус. Иондану энергиясы (потенциал). Электрон маңындағы
энергия. Салыстырмалы терісэлектрлік.
10.
Д.И.Менделеевтің периодтық заңының заманауи тұжырымдамасы. Периодтар мен
топтар. Топшалар. Периодтық жүйеде атомдардың электрондық құрылысына
байланысты элементтердің орналасу жағдайы. Элемент қасиеттерінің периодтық
жүйеде орналасуына байланысы. Элемент қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі
(радиусы, иондану энергиясы, терісэлектрлік, электрондардың ұқсастықтары).
Периодтық заңның жаратылыстану және философия ғылымдары жағынан маңызы.
11.
Байланыстардың негізгі қасиеттері: энергия, ұзындық, бағыты, полярлығы. Химиялық
байланыс түрлері: ковалентті және иондық. Ковалентті байланыс. Атом
орбиталдарының гибридтенуі. Байланыс полярлығы мен молекула полярлығы. Диполь
моменті. Химиялық байланыстарды түсіндіруде валенттік байланыс әдісі және
молекулалық орбиталдар әдісінің маңызы. Атом коваленттілігі. Атомның валенттік
мүмкіндіктері.
12.
Молекуларалық байланыс (бағытталған және дисперсті). Полярлы молекулалар
арасындағы сутектік байланыс және оның заттың физикалық қасиетіне әсері.
Биологиялық процестердегі сутектік байланыстың маңызы. Иондық байланыс.
Катиндар мен аниондар. Иондық байланыстың қанығуы, бағытталуы.
13.
Заттың қатты күйі. Кристалл торларының түрлері: атомдық, молекулалық, иондық.
Химиялық байланыс пен кристалл торының түріне зат қасиетінің тәуелділігі.
Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Химиялық қосылыстардың түзілу жылуы.
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Гесс заңы. Термохимиялық
теңдеулер.
14.
Химиялық реакция жылдамдығы және оның сандық сипаттамасы туралы түсінік.
Әрекеттесуші зат концентрациясына реакция жылдамдығының тәуелділігі. Массалар
әрекеттесу заңы. Реакция жылдамдығының константасы. Реакция жылдамдығының
температураға тәуелділігі. Активті молекула және процестің активті энергиясы
түсінігі. Тізбекті реакциялар.
7
15.
Катализ. Химиялық реакция жылдамдығына катализаторлдардың әсері. Катализ
түрлері: гомогенді және гетерогенді. Ферменттер. Биологиялық процестерде
ферменттердің ролі. Химия өндірісінде катализдің қолданылуы. Қайтымсыз және
қайтымды химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік.
16.
Дисперсті жүйелердің жалпы қасиеттері және олардың классификациясы. Шынайы
ерітінділер. Еру – Д.И.Менделеевтің ерітінділер теориясы гидратациясының физика-
химиялық процесі.
17.
Қатты заттардың суда ерігіштігі, ерігіштік коэффициенті және оның температураға
тәуелділігі. Еру қисықтары. Қаныққан ерітінді динамикалық тепе-теңдік жүйесі
ретінде. Ерітінді концентрациясы. Ерітінді концентрациясын сипаттау әдістері
18.
Электролиттік диссоциаиця теориясының негізгі тұжырымдамасы. Әртүрлі химиялық
байланыс түрімен байланысқан заттардың диссоциациялану механизмі. Ерітіндіде
гидратталған иондардың түзілуі. И.А. Каблуков жұмысы. Гидроксоний ионының
түзілуі. Электролиттік диссоциация дәрежесі.
19.
Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдар, негіздер және тұздар.
Сатылы диссоциация. Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясының негізгі
сипаттамасы. Электролит ерітіндісіндегі реакциялар (иондық реакция).
20.
Судың электролиттік диссоциаициясы. Судың иондық туындысы. Сутектік көрсеткіш.
Индикаторлар. Химиялық және биологиялық процестердегі сутегі иондары
концентрациясының мәні.
21.
Тұздар гидролизі. Тұздар гидролизінің әртүрлі жағдайлары. Тұздардың сулы
ерітнідісіндегі реакция ортасы. Химиялық және биологиялық процестердегі гидролиз
дәрежесі мен гшидролиз константасы.
22.
Элемент
атомының
тотығу
дәрежесінің
өзгеруімен
жүретін
реакциялар.
Тотықтырғыштар
мен
тотықсыздандырғыштар.
Тотығу-тотықсыздану
реакцияларының жіктелуі. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құру ережелері. Тірі
және өлі табиғатта тотығу-тотықсыздану процесінің өтуіне ортаның ролі.
23.
Гальваникалық элемент құрылысы мен жұмысы туралы түсінік. Металдар кернеуінің
электрохимиялық қатары. Стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалы. Ерітіндідегі
тотығу-тотықсыздану реакцияларының бағыттылығы.
24.
Периодтық жүйедегі I-III топ элементтерінің жалпы қасиеттері. Атомның электрондық
құрылысы. Табиғатта кездесуі.
25.
Периодтық жүйедегі IV- VIII топ элементтерінің жалпы қасиеттері. Атомның
электрондық құрылысы. Табиғатта кездесуі.
Негізгі әдебиеттер тізімі
1.
Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. – М.: Высшая школа, 1988, 650 с.
2.
Глинка Н.Л. Общая химия. – М.: Интеграл Пресс 2000, 728 с.
3.
Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.А. Химические свойства неорганических веществ.
М.: Химия, 2001-480 с.
4.
Карапетьянц М.Х., Дракин С.И. Общая и неорганическая химия. – 4-е изд. М.: Химия,
2000, 592 с.
5.
Любимова Н.Б. Вопросы и задачи по общей и неорганической химии. М.: Высшая школа,
1990, 351 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.
Суворов А.В., Никольский А.Б. Общая химия – 4 изд. испр. СПб: Химиздат. 2000, 624 с.
2.
Практикум по общей и неорганической химии. Алматы: Казақ университет. 2001г.
3.
Берсукер И.Б. Строение и свойства координационных соединений. М.: Химия, 1996.
4.
Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органическая химия М., 1974
5.
Перекалин В.В., Зонис С.А. Органическая химия М., 1982
Угай Я.А, Общая химия М., Высшая школа, 1977
8
Органикалық химия және ЖМҚ
А.М.Бутлеров теориясының негізгі қағидалары. Атомның молекуладағы өзара
әсерлесуі. Органикалық реакциялардың жіктелуі. Қаныққан көмірсутектер. Гомологтық
қатар. Изомерия. Алкандардың қасиеттері. Радикалдық механизм. Алкандардың табиғи көзі.
Мұнай және газ. Мұнай өңдеу әдісі мен құрылымы:фракциялық айдау, крекинг. Мұнай
өнімдерін ароматтау. Көмірсутектердің галогентуындылары. Изомерия, номенклатурасы.
Алкандардан спирт, этиленді және ацетиленді көмірсутектер алу әдістері. Орынбасу
реакиясы. Нуклеофилді орынбасу реакциясының механизмі. Айырылу реакциясы. Зайцев
ережесі. Алифатты қатардағы аминдер. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік аминдер.
Аммонийдің
төртіншілік
тұздары.
Алкендер.
Гомологтық
қатары,
изомерия,
номенклатурасы. Алкендерді алу әдістері. Диенді көмірсутектер. Бутадиен мен каучукты
өндірістік синтездеу Резина. Алкиндер. Ацетиленнің электрондық құрылысы. Гидратация
реакциясы. Эльтеков ережесі.
Спирттер. Спирттерді алу әдістері мен қасиеттері. Карбонилді топтың электрондық
құрылысы. Альдегидтер мен кетондардың химиялық қасиеттері. Тотығу-тотықсыздану
реакциясы. Попов ережесі. Орынбасу және полимерлену реакциясы. Монокарбон қышқылы.
Радикалдық көмірсутектердің қышқылдық қасиетке әсері. Минералды органикалық
қышқылдар, су, спирттер мен аминдердің қышқылдық қасиеттерін салыстыру. Карбон
қышқылдары. Табиғаттағы күрделі эфирлер және олардың өндірістік маңызы. Майлар.
Майлар гидролизі, гидрогенизация. Сабын, майлардан синтетикалық жуғыш заттар алу.
Оксиқышқылдар.
,
, гамма –оксиқышқылдардың жануға әсері. Оксиқышқөылдардың
оптикалық изомериясы (сүт, қымыздық, хлоралма қышқылы). Фишердің проекциялық
формуласы. Энантиомер, рацемат жәнедиастереомерлердің физикалық және химиялық
қасиеттері. Дикарбон қышқылдары.
Аминқышқылдары, изомериясы, номенклатурасы. Лантамдактимді таутомерия.
Полипептидтер. Көмірсулар: классификациясы, оптикалық изомерия. Жоғары көмірсулар.
Бензол. Бензол молекуласының электрондық құрылысы. Ароматтылық. Ароматты
қосылыстарды алу (циклоалкандар мен циклоалкендердің дегидрленуі, ацетиленнің
дегидроциклденуі). Ароматты сульфоқышқылдар. Ароматты қатардағы нитроқосылыстар.
Бес мүшелі гетероциклдер (пиррол, фуран, тиофен). Гетероциклдердің квазиароматты
қасиеттері. Циклоалкандар. Аминокислоты, изомерия, номенклатура. Лантамлактимная
таутомерия. Полипептиды.
Жоғарымолекулалық қосылыстар, классификациясы, қасиеттері, алынуы, қолданылуы.
(полиэтилен,
полистирол,
метилметакрилат).
Синтетикалық
жоғарымолекулалық
қосылыстар. Поликонденсацияланған шайырлар. Фенолформальдегид шайырының алынуы.
Синтетикалық талшықтарды(капрон, лавсан, нейлон) синтетикалық шайырлардан өндіру.
Емтихан сұрақтары
1.
А.М. Бутлеров теориясының негізгі сипаттамасы. Молекуладағы атомдардың
өзара әсерлесуі. Индуктивті эффект (1) және оның түрлері (+1,-1). Мысалдары. Мезомерлік
эффект (М) және оның түрлері (+М,-М). Қосымша эффект түрлері. (П-П, сигма-П).
Мысалдары.
2.
Органикалық реакциялардың жіктелуі: а) бағыттылығы (орынбасу, үзілу, қосылу,
қайта тпотасу), б) ковалентті байланыстың үзілу типі мен әсер етуші бөлшектердің
қасиеттері (радикалды және ионды реакциялар), в) реакция жылдамдығын анықтау сатысына
қатысатын бөлшектер саны. Мысалдары.
3.
Қаныққан көмірсутектер. Гомологтық қатар. Изомерия. Номенклатурасы: тарихи,
9
рационалды, жүйелік. Көмірсутекті радикалдар. Алкандарды алу әдістері: көміртек қаңқасы
өзгермей, көміртек қаңқасының өсуі мен кішіреюі. Алкандардың табиғи көздері. Мұнай және
құрамы: фракциялық айдау, крекинг. Мұнай өнімдерін ароматтау.
4.
Көмірсутектердің галогентуындылары. Изомериясы, номенклатурасы. Алканнан
спирт, этиленді және ацетиленді көмірсутектер алу жолдары. Химиялық қасиеттері.
Орынбасу реакциясы. Нуклеофилді орынбасу реакциясының механизмі. Айырылу
реакциясы. Зайцев ережесі.
5.
Алкендер. Гомологтық қатары, изомериясы, номенклатурасы. Алкендерді алу
жолдары (алканнан, алкилгалогенидтерден, спирттер мен алкиндерден). Үзілу реакциясының
механизмі. Зайцев ережесі. Этилен мен пропиленнің электрондық құрылысы. Алкендердің
химиялық қасиеттері. Қос байланыс бойынша электрофилді қосылу механизмі (галогендеу,
нитрогалогендеу, күкірт қышқылының гидратациясы). Марковников ережесі. Марковников
ережесінің салдары.
6.
Диенді көмірсутектер. Изомериясы, номенклатурасы. 1,3-бутадиеннің
электрондық құрылысы (п,п-байланыс). Диенді көмірсутектерге электрофилді қосылу
механизмі (галогендерді, галогенсутектерді). Бутадиен мен изопреннің өндірістік синтезі.
Қолданылуы. Каучук. Резина.
7.
Алкиндер. Изомериясы. Номенклатурасы. Ацетиленнің электрондық құрылысы.
Көміртек атомының терісэлектрлік валенттік байланыс жағдайы. Ацетиленнің қышқылдық
қасиеттері. Гидратациялау реакциясы. Эльтеков ережесі.
8.
Бір атомды спирттер. Гомологтық қатары, изомериясы, номенклатурасы.
Спирттердің химиялық қасиеттері. Қышқылдық-негіздік қасиеттері. Спирттердің тотығуы.
Өндірістік мәні бар бір атомды спирттердің маңызды өкілдері. Олардың алынуы мен
қолдапнылуы. Екі және үш атомды спирттер. Изомериясы, номенклатурасы. Алынуы.
Қасиеттері. Бір, екі және үш атомды спирттердің қышқылдық-негіздік қасиеттерін
салыстыру.
9.
Карбониль тобының электрондық құрылысы. Альдегидтер мен кетондарды алу:
спирттерді
тотықтырып,
карбон
қышқылдары
мен
олардың
тұздарынан,
дихлортуындылардан, Кучеров реакциясы бойынша. Альдегидтер мен кетондардың
гомологтық қатары, изомериясы және номенклатурасы. Альдегидтер мен кетондардың
химиялық қасиеттері
10.
Монокарбон қышқылдары. Карбоксилді топтың электрондық құрылысы.
Карбонилді және карбоксилді топтардың өзара әсерлесуі. Карбон қышқылының қышқылдық
қасиеттері. Минералды, органикалық қышқылдардың, судың, спирттер мен аминдердің
қышқылдық қасиеттерін салыстыру. Карбон қышқылдары. Карбон қышқылының
туындылары. Нуклеофилді орынбасудың жалпы механизмі. Табиғаттағы күрделі эфирлер
және оларды өндірісте қоланудың маңызы.
11.
Майлар. Үшглициридтің құрылысы, құрамы, биологиялық маңызы. Майлар
гидролизі, гидрогенизациялау. Сабын, майлардан алыну жолдары, синтетикалық жуғыш
заттар.
12.
Оксиқышқылдар. Изомериясы мен номенклатурасы. Оксиқышқылдарды альдегидтер
мен кетондардан оксинитрил арқылы, галогентуындысы бар қышқылдарыдың гидролизі
арқылы,
қанықпаған
қышқылдардың
гидратациясы
арқылы
алу.
Оксикарбон
қышқылдарының бифункционалды туынды ретіндегі химиялық қасиеттері.
,
, гамма –
оксиқышқылдардың жануға әсері.
13.
Энантиомер, рацемат және диастереомерлерлің физикалық және химиялық
қасиеттері. Рацесматтың антиподтарға бөліну жолдары: кристалдану кезінде өзіндік
ыдырауы,
биохимиялық
әдіс,
химиялық
(диастереомерлерге
айналу)
және
хроматографиялық.
14.
Дикарбон
қышқылдары.
Гомологтық
қатары,
номенклатурасы.
Дикарбон
қышқылдарының гомологтық қатармен және бір негізді қышқылдармен қышқылдық
10
қасиеттерін салыстыру. Қымыздық, малон, янтарь және глутарь қышқылдарының қыздыруға
әсері. Қымыздық қышқылының ыдырауы (күкірт қышқылымен қыздырғанда, оның
тотықтырғыштарға әсері). Малон қышқылының құрылысы.
-сутекті
атомның
жылжымалылығы. Натриймалон эфирі негізіндегі синтез.
15.
Аминқышқылдары, изомериясы, номенклатурасы. Аминқышқылдарын алу:
галогенқышқылдарды аминдеу, альдегидтер мен кетондардан, ақуыздың гидролизі.
Химиялық қасиеттері. Амфотерлік. Мыс (ІІ) ионының комплексті тұздары. Амин тобы
(алкилдеу, ацилдеу, азот қышқылымен әсері) және карбоксил топтары (күрделі эфирлердің ,
галогенангидридтердің және амидтердің түзілуі) бойынша реакциялар. Полипептидтер.
16.
Көмірсулар: классификациясы, оптикалық изомерия. Құрылымдық, проекциялық,
қолданбалы және конформациялық формулалар. Антиподтар, диастереомерлер, эпимерлер.
Муторатация.
Тізбекті
және
циклді
форманың
оптикалық
изомерлер
саны.
Моносахаридтердің химиялық қасиеттері. Карбонилді тізбекті форманың синил
қышқылымен, фенилгидразинмен реакциясы. Альдоза мен кетозаның көп атомды спирттерге
дейін тотықсыздануы. Моносахаридтерге сапалық реакциялар (күміс айна және мыс (ІІ)
гидроксидімен), метилдеу.
17.
Мальтоза мен сахароза мысалындағы дисахаридтердің екі түрі: химиялық
қасиеттері әртүрлі, биологиялық мәні. Жоғары көмірсулар. Маңызды өкілдері. Крахмал.
Амилоза және амиолпептин тізбегінің құрылысы. Целлюлоза құрылысының крахмалдан
айырмашылығы. Крахмал және целлюлоза гидролизі, өнімдері. Целлюлозаны нитрлеу және
ацетилдеу, оның тәжірибелік мәні.
18.
Бензол. Бензол молекуласының электрондық құрылысы. Ароматтылық. Ароматты
қосылыстарды алу (циклоалкандар мен циклоалкендерді дегидрлеу, ацетиленнің
дегидроциклденуі). Тотығу: озонмен, малеин анигидридіне дейін контактно-каталитикалық.
Бензолдың химиялық қасиеттері және олардың алкилорынбасушы. Электрофилді орынбасу
реакциясының механизмі (галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу, алкилдеу).
19.
Ароматты қатардың галогентуындылары. Толуолдың ядро және тізбектің шетіне
галогенденуі. Хлорбензолдың электрондық құрылысы. Активті және активті емес галоген
атомының нуклеофилді орынбасу реакциясы. Хлорбензол ядросындағы S
Е
реакциясы
(хлорлау,
нитрлеу).
Тізбек
шетіндегі
галоген
атомының
қасиеті.
Ароматты
сульфоқышқылдар. Бензолдың сульфирленуі және оның туындылары.
20.
Ароматты қатардағы нитроқосылыстар. Бензолдың нитрленуі және оның
туындылары (фенолдың, хлорбензолдың, нитробензолдың). Толуолдың ядро және тізбектің
шеткі нитрлену шарты. Нитробензолдың электрондық құрылысы. Галоген атомының
реакциялық қабілеттілігіне орто және пара жағдайда орналасқан нитротоптардың әсері.
21.
Фенол. Номенклатурасы. Алынуы (изопропилбензолдан, ароматты
сульфоқышқылдың сілтілік балқымасы, арилгалогенидтердің және диазоний тұздарының
гидролизі). Фенолдың, спирттің, көмір қышқылының қышқылдық қасиеттерін салыстыру.
22.
Ароматты аминдер. Изомериясы. Номенклатурасы. Анилин, екіншілік, үшіншілік
аминдердің алынуы. Анилиннің электрондық құрылысы. Арилдиазоний тұздары.
Азоқосылыстар. Азобояғыштар, азотоптардың электрондық құрылысы. Азобояғыштарға
мысал.
23.
Дифенил, оның алынуы. Динитродифен қышқылының оптикалық изомериясы
(аторопоизомерия). Фенилметандар, үшфенилхлорметан, үшфенилкарбонил, құрылысы,
синтез. Үшфенилкарбинолдың қасиеттері. Үшфенилметилді радикал,катион және анион,
электрондық құрылысы, резонанстық тұрақтылық. Үшфенилметан қатарындағы бояғыштар.
24.
Алты мүшелі гетероциклдер (пиридин, пиримидин, пурин). Пиридиннің
электрондық құрылысы. Пиридин, бензол, бес мүшелі гетероциклдердің реакциялық
қабілеттілігін салыстыру. Пиридин ядросындағы нуклеофилді орынбасу реакциясы.
Пиридиннің негізгі қасиеттері, пиперидин, пиррол және анилиннің қасиеттерін салыстыру.
25.
Циклоалкандар. Циклдегі орынбасушының орнына, тізбектің шеткі байланысқан
11
көміртек атомының санына байланысты изомерия түрлері. Стерероизомерия түрлері:
геометриялық, оптикалық, конформациялық. Циклобутан, циклопентан, циклогександы
алкандар және алкендер қасиеттерімен салыстыру.
26.
Синтетикалық жоғарымолекулалық қосылыстар. Полимерленген шайырлар\
(полиэтилен,
полистирол,
метилметакрилат).
Поликонденсацияланған
шайырлар.
Фенолформальдегидті шайырларды алу. Синтетикалық талшықтарды (капрона, лавсана,
нейлона) синтетикалық шайырлардан алу өндірісі.
Негізгі әдебиет
1.
Петров А.А., БальянХ.В., Трощенко А.Т. Органическая химия. Алматы. 1991. 437 с.
2.
Терней А. Современная органическая химия. - М., 2004.
3.
Нейланд О.Я. Органическая химия. - М., 2000.
4.
Моррисон Р., Бойд Р. Органическая химия. - М., 2001.
5.
Сейтжанов А.Ф. Органикалык химия. - Алматы, 2005.
6.
П.Ким А. М. Органическая химия. Сибирское университетское издательство.
Новосибирск. 2002.
Қосымша әдебиеттер
1.
Абланова Е.Х. Химиялық байланыс және зат құрылысы. Алматы. 2000. 290 б.
2.
Артеменко А.И. Органическая химия. М.: ВШ. 1987. 312 с.
3.
Лабораторные работы по органической химии. Под редакцией Гинзбурга О.Ф. М.: ВШ.
1982. 275 c.
4.
Роберте Дж., Касерио М. Органическая химия. - М., 2001. - т. 1,2.
5.
Жиряков В.Т. Органическая химия. - М., 2000.
6.
Березин Б. Д., Березин Д.
Б. Курс современной органической химии. Высшая школа,
2001.
«Химия» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., Н.К. Ахметов
профессор
Достарыңызбен бөлісу: |