Қазақстан Республикасы Білім және ғылым



бет55/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   114
Байланысты:
«кітап. Уа ЫТ. О АМ» (1)

Жобаның мақсаты: Павлодар облысы мектеп кітапханаларын әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру. Жобаның алғышарттары:

Қазақстанда және Павлодар облысында бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру, тәрбие және оқу үдерістерін ақпараттық қостау бойынша мектеп және жоғары оқу орындары кітапханалары жұмысының сабақтастығын қамтамасыз етуде әлеуметтік қажеттіліктің болуы;



  • кітапханааралық деңгейде «жоо – мектеп» жүйесінде өзара әрекеттестікті нығайтудың қажеттілігі;

  • мектеп және педагогикалық білім беру жүйесінің сапалы кітапханалық қамтамасыз етілуіне деген кәсіби жауапкершілікті сезіну;

  • қажетті ресурстардың (ақпараттық, технологиялық, әдістемелік, кадрлық) бар болуы.

Жобада әдістемелік орталықтың негізгі міндеттері тұжырымдалды:

  • оқу кітапханаларының ақпараттық қорларын тиімді пайдалануға ықпал жасау;

  • мектептік білім беру мамандарына арналған библиографиялық өнімдерінің үйлестіруін жасау;

  • облыстық деңгейде оқу кітапханалары қызметкерлерінің үздіксіз білім алу жүйесін жетілдіру;

  • педагогикалық жоо кітапханасы мен мектеп кітапханаларының өзара әрекеттесу модельдерін тәжірибелі-эксперименталды әзірлеу;

  • мектеп кітапханашыларын әдістемелік қолдау.

Жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде мектеп кітапханалары жұмысының халықаралық тәжірибесі зерттелді, сауалнама әдісімен мектеп кітапханашылары қызметіндегі кәсіби шектеулер анықталды, мектеп кітапханашылары мен кітапханалық қорлар әдіскерлер үшін мотивациялық семинарлар өткізілді, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерімен серіктестік қарым-қатынастар

орнатылды, ынтымақтастық нұсқалары мен ҒК қорлары туралы ақпараты бар буклеттер шығарылды.

Жобаны жүзеге асырудың екінші кезеңі мектеп кітапханаларына нақты әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастырумен байланысты болды. Өткен жылдары ПМПИ ғылыми кітапханасында ішінде облыстың мектеп кітапханаларына арналған әдістемелік жұмыстың тұтас жүйесі қалыптасты, оған әдістемелік көмектің сан алуан нысандары кіреді және мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:


  • жедел кеңес беру;

  • кәсіби ақпараттандыру;

  • мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыру жөнінде іс- шаралар ұйымдастыру;

  • мектеп кітапханаларының инновацияларын әдістемелік қостау;

  • мектеп кітапханаларына арналған әдістемелік материалдар дайындау;

  • мектеп кітапханаларының даму мәселелерін зерттеу.

Мектептердің кітапхана мамандарының тапсырыстары бойынша жыл сайын әртүрлі тақырыптар бойынша 30-дан 50-ге дейін жеке әдістемелік кеңестер беріледі, оның ішінде: оқырман конференциясының әдістемесі, заманауи кітап көрмелерінің түрлері, кітапханалық сабақтың әдістемесі, «Бір ел – бір кітап» акциясының бағдарламасын әзірлеу, мектеп кітапханасын жетілдіру жобасын әзірлеу, аттестаттауға дайындалу және тағы басқалар. ПМПИ-дің бірегей жаңалығы электронды пошта пішінінде мектеп кітапханашыларына қашықтықтан кеңес беруді ұйымдастыру, электронды тасымалдаушылар арқылы әдістемелік құралдар жасау, сонымен қатар жоо сайтындағы «Әріптес-кітапханашыға» тарауында мектеп кітапханаларына арналған әдістемелік жасалымдарды ұсыну болып табылады.

ПМПИ ҒК жұмысының маңызды бағыты мектеп кітапханашыларының инновациялық жобаларын әдістемелік қостау болып табылады, олардың арасынан Астана қаласында өткен Ұлттық кітап оқу конференциясында (2008 ж.) жоғары баға алған «Әкем, анам және мен – оқуға құштар жанұя» атты кешенді жобаны (Павлодар қаласы, № 43 ОЖББМ, авторы Л. Овсянникова) атап өтуге болады.

ПМПИ ҒК-ның әдістемелік кабинетіне кітапханашылардың үздік әдістемелік жасалымдары туралы, облыс мектептерінде енгізілген кітапханалық жаңалықтар туралы ақпараттар жинақталады. Кітапханашылардың жетістіктері кәсіби қауымдастыққа семинарлар мен конференциялардағы кітапханашылар жетістіктері көрмесін ұйымдастыру, әдістемелік материалдар жариялау арқылы жеткізіледі.

Мектеп кітапханаларының мамандарына көмек ретінде ПМПИ мамандары жылда әдістемелік және ақпараттық-библиографиялық материалдар шығарады. Олардың арасынан мыналарды атауға болады: «Азбука современной библиотеки: памятка старшеклассника», «Алгоритм описания документа для СПА. Методическая консультация по работе с ГОСТ 7.1-2003»,

«Рекомендуем провести. Сборник сценариев: дайджест педагогической прессы» және т.б.

2007 жылдан бастап жоо кітапханасы «Мектеп кітапханашысының әдістемелік көмекшісі» атты электронды жинақ шығаруда. Жинақтың алты басылымына заманауи мектеп кітапханасы қызметінің барлық бағыттары бойынша әртүрлі әдістемелік материалдар кіреді, Павлодар облысының үздік мектеп кітапханаларының жұмыс тәжірибесі көрсетіледі.

Электронды пішіндегі «Мектептегі кітапханалық жаңалықтар: Павлодар қаласының №43 орта жалпы білім беру мектебі кітапханасының жұмыс тәжірибесінен» атты жинақты шығару барлық кәсіби қауымдастыққа үлкен оқиға болды. Мектеп кітапханашысы Л.П. Овсянникованың соңғы бес жыл ішіндегі инновацияларының қайнар көзі Павлодар мемлекеттік педагогика институтының ғылыми кітапханасымен әлеуметтік серіктестігі болды. Электронды жинаққа слайд-тұсаукесерлер, авторлық жобалар мен бағдарламалар материалдары, мектеп іс-шараларының сценарийлері, әр жылдардағы авторлардың мақалалары мен баяндамалары кірді.

ПМПИ ҒК-ның әдістемелік жұмысында тұжырымдамалар мен жобаларды әзірлеуге, мектеп кітапханаларының тарихы мен заманауи жағдайларын теориялық зерттеуге үлкен назар аударылады.

2006 жылы Павлодар ауданының білім беру бөлімімен бірлесіп, Луганск орта жалпы білім беру мектебі базасында «Ауыл мектебінің үлгілі кітапханасы» атты жоба әзірленді [1]. Жобаның мақсаты: ауыл мектебінде оқу-тәрбие үдерісін ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз етуді және мектеп кітапханасының электронды ақпараттық ортасын үйлесімді ұйымдастыруды үлгілеу, жаңа ақпараттық-кітапханалық технологияларға мектеп кітапханашыларын үйрету базасын жасау. Аз ғана уақыт ішінде Луганск мектебінің кітапханашысы ПМПИ-дің ғылыми кітапханасында тағылымдамадан өтті. Педагогика институтының қызметкерлері мен кітапханашыларының ұжымы мектеп кітапханасына 500 дана кітап және электронды басылымдары бар компакт дискілердің топтамасын сыйға тартты.

Мектеп кітапханасына қағаз және электронды тасымалдаушыларда іс-шаралар әзірлемелері, қажетті әдістемелік құжаттардың топтамасы берілді.

ҒК қызметкерлерінің шығармашылық тобы карточкалы каталогтардың негізін салды, электронды каталогтың бағдарламалық қамтамасыз етілуін орнатты («Библиотека-4.02»), дерекқорға 200-ге жуық библиографиялық жазба енгізді, сөйтіп заманауи іздестіру аппаратының негізін салды. Өкінішке орай, ПМПИ ҒК-на тәуелді болмайтын субъективті себептерден жоба толығымен жүзеге асырылмады.

2009 жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ПМПИ мамандары Павлодар облысына арналған мектеп кітапханасы моделінің тұжырымдамалық жобасын әзірледі.

Жоба негізіне халықаралық тәжірибенің теориялық талдауы жатқызылды. Жобаның ғылыми жетекшісі п.ғ.д., ПМПИ профессоры К.А.Нұрымжанова болды. Жобаны әзірлеушілердің ойынша кең қызметті мектептің ақпараттық-кітапханалық орталығы (МАКО) моделінің болашағы зор [2]. Жоба облыстық білім беру басқармасының қарауына тапсырылды.

Дегенмен, ПМПИ ҒК әдістемелік қызметінің басым идеясы өзара байланысты міндеттерді шешуге бағытталған мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыру жөнінде іс-шаралар өткізу болып табылады:



  • кәсіби білімді тереңдету және жаңарту;

  • кәсіби сана қалыптастыру;

  • жалпы мәдени ой - өрісті кеңейту.

Семинарларда таңдалған тақырыптың барлық аспектілері терең қарастырылады, тәжірибе алмасу белсенді өтеді. Семинарларда консультацияларды өткізуге жоо кітапханасының жетекші мамандары тартылады. Шеберлік сыныптарын кітапхананың ең тәжірибелі қызметкерлері мен жоо кафедраларының оқытушылары өткізеді, практикумдар мен тағылымдамалар кітапханалардың әдістемелік бірлестіктері мен білім беру бөлімдерінің сұраныстары бойынша ұйымдастырылады.

2006 жылдан бастап жыл сайын көктемгі немесе жазғы каникулдарда өткізілетін мектеп кітапханаларының әдістемелік апталықтары (ӘА) ҒК-ның белсенді әдістемелік қызметінің үлгісі болып табылады.

Әдістемелік апталықтың мақсаты – кәсіби білімді жетілдіруде мектеп кітапханаларының қызметкерлеріне нақты практикалық көмек көрсету. Біліктілікті арттыру сабақтары теориялық семинарлар,

семинар-практикумдар, шеберлік сыныптары, маман күні мен кәсіби ақпарат күндері түрінде өткізіледі. Теориялық баяндамалар мен практикалық сабақтардан басқа әдістемелік апталықтардың бағдарламаларына оқырман конференциялары, кітаптардың тұсаукесерлері, ПМПИ ғалымдарымен және жазушылармен шығармашылық кездесулер кіреді.

2007 жылы мектеп кітапханашыларына жүргізілген сауалнамада респонденттердің 40%-ы ПМПИ ҒК іс-шараларына қатысуды жаңа білім алудың қайнар көзі ретінде атап өтті.

Кітапхана мамандарын әдістемелік апталықтың тегін болуы, қатысудың икемді сипаты, нақты маманға неғұрлым қызықты іс- шараны таңдау мүмкіндігі, бағдарламалардың қанықтығы, жоғары кәсіпқойлығы, ПМПИ ҒК барлық қызметкерлерінің ынтымақтастыққа бағытталуы мен тілектестігі қызықтырады. [3].



ПМПИ ғылыми кітапханасының әдістемелік қызметі жылдан жылға жетілдендіріле түсуде, оның серпінін әдістемелік орталықтың негізгі көрсеткіштерінің кестесі бойынша қадағалауға болады.
1 кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет