Әдістемелік орталық жұмысының негізгі көрсеткіштері
|
Әдістемелік кеңестер саны
|
Дайындалған әдістемелік материалдар
|
Біліктілікті арттыру іс- шараларының саны
|
Қатысушы- лардың жалпы саны
|
Жарияланған мақалалар
|
2005 жыл
|
25
|
2
|
3
|
106
|
1
|
2006 жыл
|
31
|
3
|
12
|
281
|
6
|
2007 жыл
|
48
|
3
|
13
|
363
|
8
|
2008 жыл
|
37
|
3
|
12
|
279
|
8
|
2009 жыл
|
50
|
2
|
9
|
217
|
9
|
2010 жыл
|
42
|
3
|
7
|
187
|
3
|
Барлығы
|
233
|
16
|
56
|
1433
|
35
|
Қоғамдық орталықтың бес жылдық қызметінде біліктілікті арттырудың ондаған іс-шаралары өткізілді, мектеп кітапханаларына арналған әдістемелік және библиографиялық құралдар басылды, мектеп кітапханаларымен ақпараттық өзара әрекеттесу жүйесі
қалыптасты. «Жоо–мектеп» жүйесінде кітапханааралық ынтымақтастық нығайтылды. Педагогика институтының кітапханасын облыстың мектеп кітапханашылары өзінің көмекшісі ретінде қабылдады деп айтуға болады, мұнда мектеп оқушыларын экскурсияға әкеледі, кеңес алуға келеді. ПМПИ-дің ғылыми кітапханасында облыстың педагогика кадрларының біліктілігін арттыру институтының кітапханасымен іскерлік өнімді қатынастар қалыптасты.
Мамандар кәсіби ақпаратпен алмасады, семинарлар мен ғылыми конференцияларды бірлесіп өткізеді, облыстық конкурстарды ұйымдастырады, ПМПИ ҒК қызметкерлері мектеп кітапханашыларының курстарында сабақ өткізуге қатысады. ПМПИ ҒК мен ПК БАИ кітапханаларының бірлескен жұмысы бұдан әрі қарай ынтымақтастық жасаудың болашағы бар екенін көрсетті.
Жобаның маңызды нәтижесі жоо кітапханашылары кәсіпқойлығының өсуі болып табылады. Әдістемелік қызметке қатысу әр маманның жеке кәсіби дамуын ынталандырды, кәсіби лидерге тән жаңа қасиеттердің қалыптасуына және дамуына ықпал етті. [4].
Сөйтіп, мектеп кітапханаларын әдістемелік қолдау қоғамдық орталығын құру жобасын сәтті жүзеге асыру туралы қорытынды жасауға болады.
Әдістемелік орталық облыстың мектеп кітапханаларымен бұдан әрі қарым-қатынас жасауын теңқұқылы серіктестік, еріктілік және үйлесімді өзара әрекеттесу режімінде құруды көздеуде.
Сыртқы және ішкі ортаның әсерін, институт дамуының өзгерістерін ескере отырып, ПМПИ ғылыми кітапханасын облыстық ғылыми-педагогикалық кітапханаға қайта құрылуы мүмкіндігі мен мақсатқа сәйкестігі, ол үшін ішкі және сыртқы алғы шарттардың бар болуы туралы қорытынды жасауға, сонымен қатар қызметтің барлық бағыттары бойынша 2011-2013 жылдарға ПМПИ кітапханасының жаһандандырылған дамуының мақсатты нұсқаулары мен негізгі мақсатын анықтауға болады.
Осыған байланысты кітапхананың бас мамандары жоо ғылыми кітапханасын ПМПИ облыстық ғылыми-педагогикалық кітапханасына (ПМПИ ОҒПК) қайта құру тұжырымдамасын әзірледі. Бұл құжат қысқа мерзімді перспективаға ПМПИ ҒК дамуының негізгі бағыттарын, міндеттері мен мақсатын анықтайтын стратегиялық құжат болып табылады.
ПМПИ ғылыми кітапханасын облыстық ғылыми-педагогикалық кітапханаға қайта құрудың соңғы нәтижесі: Қазақстанда және
Павлодар облысындағы мектеп және педагогикалық білім беру жүйесін тұрақты дамытуға ықпал жасайтын ашық, динамикалық, мақсатты, кәсіби кітапхана, аймақтағы кәсіби кітапханалық қоғамдастықтың беделді лидері болады.
Әдебиет
Колодина Н. Проект «Модельная библиотека сельской школы» / Н. Колодина // Открытое обсуждение модели обеспечения образовательного процесса библиотечно-информационными ресурсами [Электронный ресурс] – Режим доступа: http://bibl-systema.narod.ru/ (12.09.08)
Колодина, Н. Модель школьной библиотеки для устойчивого развития / Н.А.Колодина // Материалы международной научно-практической конференции
«Иртышский бассейн: современное состояние и проблемы устойчивого развития» (11 дек. 2009) — Павлодар: ПГПИ, 2009.- С. 126-130.
Колодина, Н. Методическая неделя как форма повышения квалификации школьных библиотекарей Павлодарской области / Н.А.Колодина // Кітапхана әлемі
= Мир библиотеки.- 2009.- № 4.- С. 25-30.
Колодина, Н. Профессиональное развитие сотрудников вузовской библиотеки в процессе методической работы / Н.А.Колодина // Материалы республиканской научно-практической конференции «1 Шаяхметовские чтения» – Павлодар: ПГПИ, 2009.- С. 207-212.
Достарыңызбен бөлісу: |