Қазақстан Республикасы Білім және Жоғарғы ғылым министрлігі



бет2/3
Дата11.12.2023
өлшемі113,13 Kb.
#137369
1   2   3
Байланысты:
МӨЖ Бектемір Динара (1)

Қыз ұзату- ертеден келе жатқан екі елдің арасындағы байланыс болар ер адам мен әйел адамның ағайын мен халықтың алдында бата алып, отау құруға бастау болар салт
этн. Бойжеткен қызды күйеуге берерде ата-анасы, төркін жұрты жасайтын шығарып салу құрметіне арналған салтанатты жиын.
 Амангелді сол кезде
Жиырманың ішінде,
 Ақ сұңқардай түлеген,
Жаңа өспірім ер еді,
Қыз ұзатқан бір тойда,
Көзінің жасы көл болған
Зылиқаны көреді (О.Шипин, Дастан.).
Бекқожа қыз ұзатпақ тойы болар,
Жиылып қыз, бозбала ойын болар,
Дайын бол, өзім барып хабар айтам,
 Айтайын қалыңдыққа ойың болар (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Қыз ұзату
э т н. Құда түсіліп, сырға салынған қызды ұзататын күні ата- анасының үйінде болатын жиын-той, ертеден қалыптасқан салт-дәстүр.
Қыз ұзату кәделеріне көпшік қыстырар, шашу, киім ілу, табалдырық аттау, сыбаға асау, малға бата жасау, босағадан өту т.б. жатады (ҚҰЭ).
Алайда соғыстан соңғы кезеңде ауыл арасында өлгенге ас беру, жаназалау, қыз ұзату, келін түсіру салтында кейбір әдет-ғұрыптар атам заманғы кейпінде көрініс беріп жүр (Ә.Қоңыратбаев, Шығ.).
 
Дереккөз: Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 10-том. / Құраст.: М.Малбақов, Н.Оңғарбаева, А.Үдербаев және т.б. – Алматы, 2011. -752 б.

СЫҢСУ
2қ.атау.Сыңсы-у.
Жағалай жоқтау, сыңсу, зарлау, қалың айғай-шу жер-көкті жаңғыртады (М. Әуезов, Қилы заман).
Әйелдердің зарлы сыңсуы, балалардың жылаған даусы қосылып у-шу болды (3. Шашкин, Ұядан ұш.).
СЫҢСУ, СЫҢСЫМА

үйлену салт жырларының бір тармағы. Сыңсудың табиғатына зер салар болсақ, өзіндік мәнер-мақамы, өрнек-сарыны мұңлы зарға, өксікшерге оранып айтылады. Сайып келгенде, сыңсыманы қыздар тобы я болмаса жат жұрттыққа ұзатылған қыз өзі әнмен жырлап, көзінің жасын көлдете айтады. Аяулы ата-анасымен, ардақты ел-қауымы мен, туыс-бауырымен сыр-сезімін, мұң-зарын бөліседі. Мысалы:
Заманым өтті басымнан,
Дәуренім өтті жасымнан.
Бұлне дегеніс болды...
Көлінен кеткен құс болдым...
Заманым қиын болар-ау,
Елжұртым, сенен айрылып,
Көкірекке қайғы толар-ау...
Санамен жүзім солар-ау...
Қыз жалғыз өзі ғана сыңсу айтып қоймайды, оған өз елінің қандас, жандас айтулы бір азаматы ақыл-кеңес, үгіт-насихат, салиқалы сөз айтып қорытындылайды. Ол мынау үлгіде:
Жылама, бикем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Ұл боп тусаң әуелден,
Сені мұндай қыла ма?..
Осылай шығар ойыңыз,
Сәрсенбі сәтті тойыңыз.
Тілеуің құтты тойыңда
Көп жылауды қойыңыз.
Өнерге, өлеңге баулуда сыңсудың да септігі мейлінше мол. Қара жаяу адам сыңсу шығарып айтпайды. Бұл халықтың ақындық, композиторлық; қабілетін шыңдайтын өнегелі мектебі, басқышы іспетті. Екіншіден, қыз тойы ойын-сауыққа ұштасады. Сыңсу сонымен бірге түркі халықтарының біразында, әсіресе, башқұрт, татар, қарақалпақ, таулы алтай елдерінде бар. Негимов С.
Дереккөз: Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1998. - 384 б.

СЫҢСУ
1зат.көне. Ұзатылған қыз, туған-туыс, елімен қоштасар кезде әндетіп айтатын жыры; тұрмыс-салт дәстүрлерінің бірі.
Ұзатылған қыздың тойында жасалған ойын-сауықтың біразы аяқталған кезде, қыздың аттанар мезгілі жеткен шақта сыңсу айтылды (М. Ғабдуллин, Қаз. ауыз әдеб.).
Қыз ұзатқан елді жылау, сыңсу, зар басса, келін түсірген елді қуаныш басты (Ғ. Мұстафин, Көз көрген).
Сыңсу кезінде ұзатылған қыз жылап, ән-жырмен туған-туыстарын аралап шығады, олармен қоштасады (Досмұхамедұлы, Шығ.).

Жасау Жасау — жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.
Үйленудің қандай да түрі болмасын, қызына жасау беру — ата-ана мойынындағы борыш болып есептелетіндіктен, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз той болмайды» дәстүрі бойынша қалыңдықтың туысқандары қызын ешқашан жасаусыз үйден шығармаған. Жасауды ұзатылатын қыздың ата-анасы дайындайды. Бұған жақын туыс, ағайын адамдар да өз үлесін қосуына болады. Қазақ аналары қыз жасауына айырықша көңіл бөледі. Әуелі шебер болсын деп ине-жіп, тоқыма қап, шай дорбасында дейін дайындайды. «Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды», «үйдің көркі қызбен жасау», «әдемі қыздың, көрікті отауы болсын» деп қолдарынан келгенше жасауға жанын сала көмектеседі, көріктеседі.
Жасау беру дәстүрі үйленген жастар, әсіресе, тұрмыс құрған қыз барған жерінде қиналмасын, ешкімге кіріптар болмай, өздерімен өздері күн көріп кетсін деген мақсаттан туған. Сондықтан жасау мүлкіне үй болу үшін ең қажет заттар кірген. Қазақ халқы қыздың жасауына ерекше көңіл бөліп, “жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді” деген. Бұрын жасауға сәукеле, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әшекейлі бұйымдар, сауын мал, салт ат, т.б. берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан.

Жасау
жаса етістігінің қимыл атауы.
 Нұрлан: «Әке, әуре боп қайтесіз, киіз үй жасау оңайға түспейді» деп азғырып көрді (3. Ш.).
 Дереккөз: М.Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі: – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1988. - 193 б.
Жасау
зат. жиһаз, үй мүлкі.
 Солардың шақырып тұрып тойға бәрін, Көрсетіп келген жасау, үй сайманын (С. Т.).
 
Дереккөз: М.Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі: – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1988. - 193 б.
Қыз жасауы
этнографиялық. Ұзатылатын қызға арналған дүние-мүлік. Қыз жасауы мен бай үйдің асыл қазыналарын киізге орап, тең-теңімен қамыс ішіне тығып жатыр (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).
Дереккөз: Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 6 - том / Құраст.: Ж. Қоңыратбаева, Ғ.Қалиев, Қ.Есенова және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет