Қазақстан Республикасы Білім және Жоғарғы ғылым министрлігі



бет3/3
Дата11.12.2023
өлшемі113,13 Kb.
#137369
1   2   3
Байланысты:
МӨЖ Бектемір Динара (1)

Кимешек кигізу салты – дәстүрлі ортадағы келiншектің балалы болған күннен бастап киетін баскиімі. Бұған келiншек өзi де дайындық жасайды. Енесiнiң, абысын- ажынының көмегiмен К. пiшiп, әшекей кестелерiн өзi тiгедi. Екi жағы мен маңдайын айналдыра түрлi-түстi жiптермен кестелейдi, К. жағы тұсындағы жалпақтығы кестесі екi-үш елiдей болады. Өрнегiн өз қалауынша таңдайды.
КИМЕШЕК-ШАРШЫ әйелдердің басына киетін, тартатын матадан жасалған бас киім.
Бастарында кестелі аппақ кимешек-шаршылар (М.Әуезов. Абай жолы, 2, 140). Жерге төгілген ұзын, әрі мол кимешек-шаршысы ағараңдап ауыл ортасына таман беттеді (М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 118).
Дереккөз: Қайдар Әбдуәли. Қазақ тіліндегі қос сөздер: зерттеу және сөздік. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2013. - 456 бет.
КИМЕШЕК- әйелдердің бас киімі. Ақ матадан, кейде ақ жібектен тігіледі. Басты, кеудені, иық пен арқаны жауып тұрады. Кеуде жағын, бет жаулықтарын көмкеріп кестелейді. Кейде күміспен, моншақтармен шеттіктеледі. Әр ру-тайпаның К-терінде өзіндік өзгешіліктер мен ерекшеліктер болады. «Абай қолын созды. К и м е ш е г і бар жеңге екен. Абайды қолынан ұстап, төрге қарай жетектей берді де, артына шала бұрылып Ерболға: «Сен қайта бер. Өзі барар!» деді («Өрде»).
Дереккөз: Ақбай Н.Е. Абай жолы энциклопедиясы
КИМЕШЕК
Ақ матадан тігіліп, омырауы мен арқасын жауып тұратын беті ойылып жасалған әйелдің ұлттық бас киімі.
Дереккөз: Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - Алматы: "Сөздік-Словарь". 1997.- 368 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет