ComboBox1 компонентіне екі рет басып, ашылған ComboBox1 Change оқиға өңдеуші процедурасына төмендегі мәліметтерді енгіземіз:
procedure TForm1.ComboBox1Change(Sender: TObject);
begin
shape1.Shape:=TShapeType(ComboBox1.ItemIndex);
end;
Dialogs бетіне ColorDialog1 компонентін форма бетіне орналастырамыз.
Фигураның түсін таңдау үшін Button1 компонентін орналастырып, тақырып жолына «Фигураның түсі» мәтінін жазамыз және Button1Click оқиға өңдеуші процедурасына төмендегі программа мәтінін енгіземіз:
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
if ColorDialog1.Execute then
shape1.Brush.Color:=ColorDialog1.Color;
end;
Форманың түсін таңдау үшін Button2 компонентін орналастырып, тақырып жолына «Форманың түсі» мәтінін жазамыз және Button2Click оқиға өңдеуші процедурасына төмендегі программа мәтінін енгіземіз:
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);
begin
if ColorDialog1.Execute then
Form1.Color:=ColorDialog1.Color;
end;
Фигураның жиегінің түсін таңдау үшін Button1 компонентін орналастырып, тақырып жолына «Фигураның жиегінің түсі» мәтінін жазамыз және Button3Click оқиға өңдеуші процедурасына төмендегі программа мәтінін енгіземіз:
procedure TForm1.Button3Click(Sender: TObject);
begin
if ColorDialog1.Execute then
shape1.Pen.Color:= ColorDialog1.Color;
end;
Форманы жабу үшін BitBtn1 компонентін орналастырып, Кind қасиетіне bcClose мәнін қабылдаймыз.
Программаны сақтап орындаймыз. Программаның орындалу нәтижесі келесі суреттерде көрсетілген.