Ќазаќстан республикасы бiлiм жјне єылым министрлiгi


І. Графикалық мүмкіндіктер 1.1. Қозғалысты программалау



бет2/28
Дата07.06.2023
өлшемі0,69 Mb.
#99414
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Дипломды ж мыс Та ырыбы Delphi программалау ортасында график

І. Графикалық мүмкіндіктер

1.1. Қозғалысты программалау.

Қозғалысты еліктету немесе анимация эффектін көрсету негізгі үш қадамдың орындалуымен қамтылады:

  • Объектіні экран бетіне шығару (кейде шағын үзіліс орнатылғаны жөн);

  • Объектіні экраннан алып тастау;


  • Объектіні басқа жерге шығару.
Диаграмма және график салу

Диаграмма мен график сандық берілгендерді ұғынуды жеңілдетуге бейімделген және Delphi ортасы олармен жұмыс атқаратын компоненттерімен қамтылған. Диаграммаларды екі топқа бөлуге болады:

  • Индикаторлар;

  • Күрделі диаграммалар және графиктер.

1.2. Индикаторларды пайдалану

Индикатор жалпы диаграмманың қарапайым түріне жатады және ол арқылы кейбір ұзақ уақыт орындалатын іс-әрекет (мысалы, дискетті форматтау, файлды көшіру, т.с.с.) процестердің көрінісін мәтіндік және графикалық түрде бейнелеуге арналған.


Delphi ортасы жұмыстың орындалуын көрсететін ProgressBar және Gauge компоненттерін ұсынады.
ProgressBar ортаның Win32 парағында орналасқан, бұл компонент белдеу түрінде болып, кейбір ұзақ уақыт орындалатын іс-әрекеттің көрінісін экран бетіне шығарады.

D
elphi ортасының Win32 парағы


ProgressBar компонентінің индикация өрістері мен реңінің түсін өзгертетін қасиеттері жоқ, сондықтан бұл параметрлер контейнер параметрлерімен анықталады. Әдетте графикалық белдеу көк түспен боялады.
ProgressBar компонентінің келесі қасиеттерін негізгі деп санайды:

  • Min және Max - индикатордың алғашқы және соңғы мәндерінің

аралығын анықтайды. Келісімше Min=0%, Max=100% деп саналады.

  • Position - орындалған іс-әрекеттің салыстырмалы көлемін Min және Max мәндеріне сәйкес анықтайды. Мысалы, Min=0, Max=80 деп көрсетілсе, онда Position-ның 20 деген мәніне сәйкес орындалған жұмыстың көлемі 25% деп саналады.

  • Step - индикатордың көлемі өскендегі позицияның қандай мәнге өсіп отыратынын анықтайды.

Индикатордың позициясын программада көрсетуге болады, мысалы:
ProgressBar1. Position:=35;
ProgressBar-ның элементінің позициясын StepIt (өсімшесі Step) және StepBy (Delta:Integer) (өсімшесі Delta) процедуралары арқылы өзгертуге болады. Мысалы, ProgressBar1.StepBy (13).
Бұл оператор бойынша ProgressBar1-дің индикаторы 13-ке өсіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет