Тәуелсіз бекітілген ауыстырғыш CheckBox тәуелсіз бекітілген ауыстырғыш және оның көрінісі мәтіндік тақырыбы бар төрт бүрыш түрінде шығып тұрады. Егер осы төрт бүрышта қанатша көрініп турса, онда осы опция (үйғарым) қосылып түр немесе жалауша орнатылған деп айтады. Бір батырманың күй-жайы басқа батырмаларға әсер етпейді.
Жалаушаның жоғарыда анықталған екі түрінен басқа үшінші - тиым салынған күй - жағдайы болуы мүмкін. Осы күй - жағдайдың болуы Boolean түріндегі AllowGrayed параметрімен қамтылады, егер оның мәні True болса, онда тышқанды сырт еткізу арқылы жалаушаның үш күй-жайын анықтайтын тәртібін орнатуға болады. Олар - қосылған, ажыратылған және тиым салынған күй - жағдайлар. Тиым салынған ауыстырғыш сұр түспен боялып, төртбұрышта қанатша орнатылып тұрады.
Ауыстырғыштың күй - жайын өзгерткенде OnClick оқиғасы туады. Осы оқиғаны өңдеушінің құрамында әдетте ауыстырғыштың күй - жайын тексеру және тағы да басқа қажетті әрекеттерді орындайтын операторлары болуы мүмкін.
Басқару элементттерін біріктіру Кейде қосымшаны құрастырғанда әртүрлі басқару элементттер біріктіруді қажет етеді, мысалы ауыстырғыштар немесе құралдар тақташасымен жұмыс атқарғанда. Осындай біріктіру әрекеттері контейнерлер арқылы орындалады. Әдетте контейнер деп өзінің бетінде басқа элементттердің орнатылуын және осы компоненттердің біріктіруін қамтамасыз ететін визуалдық элементті атайды. Контейнер өз бетінде орнатылған компоненттердің иесі болып саналады және өз туындылар бейнелерінің салынуына жауап береді. Контейнердің туындысы өзінің алғы буынына Parent қасиеті арқылы сілтейді. Әр контейнер өз құрамындағы элементтерді шектеп тұрады.
Әмбебап контейнерлер ретінде Delphi ортасы келесі компонентерді үсынады: