Фольклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың зерттелу тарихы жөнінде білім беруге бағытталған. Фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, ауыз әдебиетінің туу, таралу, сақталу ерекшеліктері қамтылады. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры қарастырылады.
Пәннің мақсаты
Мақсаты: Қазақ ауыз әдебиетінің – халқымыздың бай да, асыл қазынасы екендігін студенттерге ұғындыру, фольклористика ғылымы туралы білік дағыдысын дамыту. Ежелгі замандағы рухани мәдениеттің көркем үлгілері еңбек фольклоры мен ғұрыптық фольклор түрлері туралы білім беру.
Батырлық жырдың жанрлық белгілері, көркемдік ерекшеліктері және зерттелуі, олардың көркем үлгілері туралы білім беру, патриотизмге, елді сүюге тәрбиелеу. Хандық дәуірдің өшпес мұралары – аңыз, әпсаналар мен жикаяттардың көркем үлгілері, жанрлық ерекшеліктері, зерттелуі туралы білім беру, студенттерді ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Хандық дәуірдегі шешендік сөз, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, олардың жанрлық ерекшеліктері, жиналуы мен зерттелуі жайында білім беру, студенттерді шешен де шебер сөйлеуге, көркем тілдің кестесін меңгеруге тәрбиелеу.
Халық әдебиетіндегі тарихи жырлар, олардың көркем үлгілері, жазба әдебиетімен байланысы туралы білім беру. Тарихи жырлардың көркемдік ерекшеліктері, сюжеттік құрылымы және жиналуы, зерттелуі туралы ұғындыра отырып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді мақсат етеді.