Сабақ – бұл жәрдем. Әлдекімге жедел жәрдем, әлдекімге шұғыл жәрдем, ал әлдекім әзірше күте тұрады... Балалардың өзіме деген зейін деңгейін, өзімнің олардың әрқайсысына әдеби кейіпкердің бір сәттік қана емес, сонымен бірге этикалық тағдырын оқушының көңіліне ұялататын пікірлерге деген ықыласымның нәтижесімен айқындаймын. Сол себептен де барлық 30-40 оқушы сабақта болады.
Егер сабақта үш тағылым:
өмірлік;
эстетикалық;
адамгершілік
тағылым ажырамастай ұштасқанда ғана ол тәрбие сабағына айналады.
“Кітапты сүйіңдер.. ол сіздерді.. үйретеді...” М.Горькийдің бұл сөздерін әдебиет кабинетінен көруге болады.
Балалардың кітапты оқып шығып, оны талқылауын күтіп жатпаймын, қайта талқылау арқылы жаппай оқып шығуға итермелеймін. Талдау арқылы талдау үшін жағдай жасаймын. Кітапты оқып шығуға мәжбүр ететін бетті іздеймін. Бірақ оны табумен іс бітпейді. Оған қоса қызықты етіп талдап шығу керек. Бастаған бет бүкіл кітапқа баурап кететіндей болуы керек. Сабақтан кітапқа қарай жетелеу керек. Менің сырым – кітапты тезірек ашып, бәрін соған бағындыру. Сыныппен тілдесу – кітапты сөйлетпейінше қыңыр тірлік. Сабақтың міндеті, кітапты түгел қамту емес, қайта ішінара талдау арқылы оған ықылас туғызу. Қызықтыра отырып, баурап әкету принципін қалыптастырамын.
Кітап оқу – бұл жауап іздеу.
Достарыңызбен бөлісу: |