Жаратылыстану пәні бойынша:
– жаратылыстану құбылыстарын сипаттай алуы, түсіндіре білуі және
болжай алуы;
– құбылыстарға ғылыми түсінік бере білуі;
– ғылыми дәлелдерді пайдалануы және тұжырымдауы.
Зерттеу тапсырмалары мынадай жағдаяттарға сәйкес болады:
Оқу пәні бойынша:
– жеке мақсатта оқу (мысалы, жеке хат);
– қоғамдық мақсатты көздей отырып оқу (мысалы, ресми құжаттар);
– кәсіби қызметте оқу (мысалы, есептер);
– білім алу мақсатында оқу (мысалы, оқулықтар).
Математика пәні бойынша:
– жеке өмір;
– оқу және кәсіби қызмет;
– қоғамдық.
Жаратылыстану пәні бойынша:
– өмірдегі жаратылыстану;
– денсаулық;
– жер және қоршаған орта;
– жаратылыстану және техника.
Әрбір тапсырма бір мәселені суреттеген мәтінді қамтиды және мәтінмен
қатар төрт немесе бес нұсқада жауабы бар сұрақтар, немесе таңдау бойынша
қатар екi жауабы болуы мүмкін жорамалдар мен нақты бекiтулер
қалыптарында көрсетiлген қиындық дәрежесі әртүрлі бірден алтыға дейін
сұрақтарды қамтиды. Сұрақтардың қалған бөлімдеріне оқушылар өз
жауаптарын құрастырулары керек, олардың кейбiрi қысқа жауапты, қалғаны
толық жауаптарды талап етедi. Соңғысы тест тапсырушылардан жеке өзіндік
пiкiрді талап етедi және өз көзқарасын айқындауға мүмкiндiк бередi. Өзге
кейбір сұрақтар оқушылардан шеңберде шектелген жауаптар нұсқаларын
таңдауын талап етеді, дұрыс немесе бұрыс болып бағаланады (жабық
құрастырылған жауаптар).
Тест жұмыстары аяқталғаннан соң, әрбір оқушы жарты сағаттың ішінде
білім алатын мекемесi, отбасы, араласатын ортасы, өз мүдделері туралы
сұрақтарға жауап беріп, сауалнама толтырады. Қосымша бiлiм ұйымдары
әкiмшiлiгiнен де сауалнамалар жүргiзiледi. Жауаптардың бағалануы
халықаралық жауаптарды кодтау нұсқауының қатал орындалуы бойынша
жүргiзiледi, әрбiр жауап өз кодына сәйкестелініп, бiлiктi мамандармен iске
асырылады. Кейбір тапсырмалардың жауаптары дұрыс немесе бұрыс деп
17
бағаланады, ал жартылай дұрыс немесе оңай жауаптар жартылай дұрыс деп
бағаланады.
Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу барысында әрбiр оқушыға әрбір
топтағы тапсырманы орындауына қарай (оқу, математика және жаратылыстану
бойынша) халықаралық 1000-балдық шкала бойынша балл қосылады. Сонымен
қатар, тапсырма барлық тестіленушілермен қаншалықты орындалғанына
байланысты әрбiр тапсырмаға аталған шкалаға сәйкес нақты балл қосылады
(тапсырманың қиындығы үшін).
Әрбір елдің нәтижелерін талдауда және халықаралық шкаланы
құрастыруда жеке елдердің тапсырмаларды орындау ерекшелiктерi есепке
алынады. Ал қатесі бар тапсырмалар, мысалы, полиграфиялық немесе
аудармасында қателескен тапсырмалар талдаудан шығарылып тасталады.
Достарыңызбен бөлісу: |