Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық қызметтегі қалыптасуы



Дата10.02.2023
өлшемі22,1 Kb.
#66673
Байланысты:
Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық қызметтегі қалыптасуы.



Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық қызметтегі қалыптасуы.
Мұғалім – қоғам қайраткері. Мұғалімді мемлекет оқытып, білім беріп, мемлекеттің болашағын сеніп тапсырады. Ол қоғамның мұң-мұқтажын жоқтайды, болашағын ойлайды, соған қызмет етеді. Басқа саладағы қызмет түрлерімен салыстырғанда, педагогикалық қызмет - әлеуметтенген қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениет тәжірибиесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлға дамуына жағдай тудыру және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөлі орындау үшін дайындауға бағытталған. Бұл қызметті педагогтармен қатар, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп басшылары, өндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Бірақ, педагогтар мұнда кәсіби қызмет атқарады. Педагогикалық ісәрекет кәсіби қызмет ретінде арнайы ұйымдастырлған білім беру орындарында жүргізіледі. Педагогикалық қызметінің мәнін түсіну үшін оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет нәтижесі бірлігінен тұрады.
Мұғалім жұмысының мақсатын қоғам анықтайды, яғни оның әрекетінің мақсаты оқушының тұлғасын қоғамдық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс, әлеуметтік даму бағытын бейнелейтін көрініс ретінде мақсат, адалдық, рухани және табиғи мүмкіншілігін есепке ала отырып, оған бір жағынана әлеуметтік және этикалық топтардың қызығушылықтары, екінші жағынан жеке тұлғаның қажеттілігімен қабілеттері жинақталған. Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектілері ретінде тәрбиелік ортаны, тәрбиеленушілердің әрекетін, тәрбиелеуші ұжымды және тәрбиелеушілердің жеке ерекшеліктерін бейнелейді. Педагогикалық қызметтің мақсатын жүзеге асыру тәрбиелік ортаны қалыптастыру, тәрбиеленушілердің әрекетін ұйымдастыру, тәрбиеленуші ұжымды тудыру. Тұлғаның даралығын дамыту сияқты міндеттерді шешумен байланысты. Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттерін анықтайтын негізгі функцияналды бірлігі ретінде педагогикалық іс-әрекеттің танымы. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті ең алдымен танымдық формасында көрінеді. Өзіндегі бар білімге сүйене отырып, ол теория жүзінде өз әрекетінің құралдарын, пәнін және нәтижесін салыстырады. Танымдық міндеттерді психологиялық тұрғыдан өз шешімін тауып практикалық өзгерістерге айналады. Мұғалімнің іс-әрекеті түрлі деңгейлердегі міндеттерді шешу процесі. Педагогикалық міндеттердің спецификалық ерекшелігі олардың шешімін табуда. Педагогикалық қызметтің объектісі - адам.
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары.Мектеп оқушыларымен жұмыс жасайтын мұғалімдер вербальды және вербальды емес қарым-қатынастың түрін пайдаланады.Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне,тәжірибесіне байланысты.Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген.Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалар мен қарым –қатынас жасау, әр баланы білу , оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы оқушыларымен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнату қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.
Оның себептері:
- өз сыныбындағы әр баламен психологиясын өте жақсы білуінде ;
- баланың ішкі жан-дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
- мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
- мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде,анықтығында,нақтылығында;
- оқу - тәрбие үрдісінде мұғалімнің қарым-қатынас түрлерін пайдалана білуінде.
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын.
Дегенмен, біздің пікірімізше, кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:
-авторитарлық стильді пайдалануында;
- балаларға салқындық танытуы;
- балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
- балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
- бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік.
Әлеуметтік психология ғылымында « мұғалім – оқушы » , «оқушы-мұғалім» және « Балалардың өзара қарым-қатынасы» және қарым -қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерттелінген.
Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі. Оқушылармен дұрыс қарым- қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуынның өзіндік себептері бар:
1.Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа тез түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «тыныш отыр» , «немене, бәрін білесең бе ?» , «сен қашаннан бері білетін болдың?» , « әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың» және т.с.с. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.
2. Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес.
Өйткені уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен,пікірімен санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екеніде жасырын емес.
3. Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс.Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғаліммен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады.
Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы:
- Әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып қарым-қатынас орнату;
- Мұғалім өзінің жағымсыз көңіл – күйінің болмауын қадағалау;
- Қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;
- Бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
- Қарым-қатынаста дау жанжалға жол бермеу;
-Сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
- Қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу;
- Қарым – қатынаста мұғалімнің оқушыға, оқушының мұғалімге сенуі;
- Сезімдік, әсерлі қарым-қатынаста болу.

Кәсіби педагогикалық қызмет үнемі жетілдіріп отыруда, мұғалімнен өз білімін дамытуда әрі шеберлігін шыңдауды, білімнің жаңалықтарын тез меңгеріп, оны өз қызметінде іске асыруды қажет етеді. Кәсіби шеберлігін дамыту ақпараттық қамтамасыз етілуімен байланысты, яғни, жеке тұлғаның ақпараттық мідениеттілігімен анықталады. Яғни, мұғалім сөзі – ақпарат таратушы құралы ретінде жүзеге асады. Бір сөзбен айтқанда, оқушыға да, ата- анаға да мұғалім сөзі – екі жақты ортақ тәрбие мәселесінде негізгі әсер етуші құрал. Мұғалімнің сөзі өткір, жалынды, бейнелі, жарқын интоноциялы, көркем, эмоциялы, дауыс (дикция) ырғағы жағымды, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық ақаулардан таза болуы шарт. Мұғалімнің өз ойын оқыған, материалын дауыс ырғағы анық, дәл сөзбен айта алу, жарқын мимика мен пантомимикамен, ұнамды эмоциямен бере білу қабілеті- сөйлеу қабілеті. Мұғалімдік шеберліктің маңызды элементі- сөйлеу қабілеті. Өйткені мұғалңм мағұлматтарды барлығын оқушыларға жеткізу, жүйелі білім беру үшін негізінен екінші сигналды ( сөйлеу сипатында) қолданады. Мұғалімнің сөзі өзінің нанмдылығымен, әсерлілігімен ерекше мәнді болуға тиіс. Мұғалім өз шешендігімен оқушыларды баурап алуы керек. Ол, сөйлемді қиындатпай, өз ойын оқушыларға, ұзын фразалардан гөрі қарапайым тілмен түсінікті бере білуі керек. Юмор, әзіл, көңілге тимейтін ирония (сықақ) болса, сөйлеу ажарын кіргізеді, мақал-мәтелдерді қолдану ойды ажарлайды.«Мақал-сөздің мәйегі» - деген қазақ даңалығы.


В.А.Сухомлинский: « Сөз – ең маңызды педагогикалық құрал, оның еш нәрсемен ауыстыра алмайсың ...» - деп оның маңызына ерекше назар аударады.
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы.Алтынсаринның пікірін келтірейік: «Мұғалім балалармен істес болады:егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәләмай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәләуі керек.Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай , күйгелектенбей , сабырлылықпен сөйлеп , шұбалаңқы сөздермен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен , қарапайым тілмен түсіндіру керек».
1. Педагогикалық өзара іс-әрекет –тәрбиеші мен тәрбиленушінің олардың мінезін, іс-әркетін , қатынасын өзара өзгерте алатын кездейсоқ немесе ойластырылған, жеке немесе жалпы , ұзақ немесе қысқа мерзімдік, сөздік немесе сөздік емес жеке байланысы.
Екі жақтан да бірлескен іс-әркеттің мақсаттарын және оған жетудің жолын түсінген , өзара келісім мен ынтымақтастыққа қол жеткізілген кезде ынтымақтастық түрінде және де бірлескен іс-әркетке қатысушыылардың бірінің жетістігі басқа қатысушылардың аса өнімді және мақсатты іс-әрекетін ынталандыратын немесе тежейтін бәсекелестік түрінде көрінуі мүмкін. Гуманистік-бағытталған педагогикалық үрдіс тәрбиеші мен тәрбиеленушінің, екі қатысушы да өз білімдерімен мүмкіндіктеріне сай бірдейлік ,тең құқылы серіктес ретінде көрінетін өзара іс-әркетінде ғана үдеріс бола алады.
Педагогикалық өзара іс-әркет стратегиясы –мұғалім іс-әркетіндегі жалпы басшылық жолы, тұлға қалыптастыру үдерісінде перспектикалық мақсаттарға жетуге арналып , бағытталған нұсқаулар ;
Педагог стратегияны жеке тұлғамен және тұтастай білім беру ұжымымен де дайындау қажет. Бұл бәрінен бұрын педагог дайындайтын әртүрлі жоспарлар: күнтізбелік-тақырыптық,тәрбие жұмысы жоспары және т.б жүйесінде іске асырылады.
Әрбір оқушының бір-бірімен әңгімелесіп , сөйлеу үшін , өздері бір-біріне немесе мұғалімге және т.б. сұрақ қоя білу әдісін меңгеруі аса қажет. Осы орайда ойын жағдайларын пайдаланудың маңызы зор. Сабақты ойын түрлерін пайдалана отырып жүргізу –оқыту әдістемесінің белсенділігін арттырып, қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады. Рөлдік ойын барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қарым-қатынас көлемінде меңгеріп ойнайды. Білік негіздерін қалыптастырып дамытуда рөлдік ойындардың берер көмегі өте көп. Жұппен жұмыс істеу, пікір алысу, логика-синтастиктік схемаларды пайдалану және т.б. әдістерді арқылы оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту үшін сабақ барысында көп пайдаланамын. Мысалы, оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында берілген тақырыптар бойынша сыныптан тыс жоба жұмысын жүргізу арқылы олардың біліктілігін арттыруға болады. Жоба жұмысын қорғау барысында оқушылардың қарым-қатынас мүмкіндіктерін арттыруға мынадай жұмыс жағдайлары мысал бола алады:
1. Белгілі тақырып бойынша сұрақ –жауап түрінде пікір алысу.
2. Қосалқы әдеби матералдарға сүйене отырып, сөздік қорын байыту
3. Жаңа сөздерді қолдана отырып, оқушының жеке сөйлеу тілін дамыту.
4. Топ ішіндегі қарым-қатынас мәдениетін тәрбилеу.
Коммуникативтік оқытуда білім беру –оқушы өзін ауызша (тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту , яғни, оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарым-қатынасын қалыптастыру деген сөз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет