эстондық оқушылардың нәтижелері бұрынғыша өте жоғары көрсеткіште қалып
отыр. Еуропа елдері арасында эстондық оқушылар функционалдық оқу
саласында 2006 жылғы зерттеумен салыстырғанда баллмен есептегенде 8-
орыннан 5-орынға көтерілді, математикалық сауаттылық бойынша − 7, ал
жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 2-орынды иеленді. Әлем
бойынша функционалдық оқудан 13-орын, математикалық сауаттылық
бойынша − 17, ал жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 9-орында.
Пайыздық бөлінуде оқушылардың 87%-ы функционалдық оқуда базалық
немесе одан жоғары деңгейге қол жеткізді. Сәйкес көрсеткіштер негізінде
еуропалық елдер арасында эстондық оқушылар функционалдық оқудан
2-орында,
жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша − 2 және
математикалық сауаттылық бойынша 3-орында (2009 жылғы зерттеу бойынша).
Әлем бойынша эстондық оқушылар функционалдық оқудан 7-орын,
жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша − 5 және математикалық
22
сауаттылық бойынша 10-орынды иеленді. Сонымен, эстондық оқушылардың
басым көпшілігінде қоғам өміріне толыққанды қатысуы үшін қажет базалық
білім және дағдылары бар. Функционалдық оқу бойынша орташа нәтижелердің
негіздемесінде Шанхай (Қытай), Корея, Финляндия, Гонконг (Қытай),
Сингапур және Канада оқушылары ең үздік нәтиже көрсетті.
Эстония, Финляндия, Норвегия, Жапония және Канада – оқушылардың
әлеуметтік-экономикалық жағдайына нәтижеліліктің тәуелділігі өте төмен
елдер болып саналады – көрсеткіш 10%-ға жуық. Ең төмен сәйкес көрсеткіш
Исландияда – 7% [12].
Сингапур елі білім жүйесі әлем бойынша ең үздіктердің бірі болғандықтан,
білім беру саласындағы сарапшылардың назарын өзіне ерекше аударып отыр.
Сингапур елінің білім жүйесі аз уақыт аралығында табысқа қалай жетті?
Бұл елде білім беру жүйесінде нені басты назарға алады екен? Әр елдің білім
беру жүйесі ерекше, мақсаттары әр түрлі және өзіне тән тарихи даму
сатыларынан өтіп дамыған. Осы ел соңғы не бары 45 жыл ішінде құрылып,
білім жүйесінде жоғары нәтижеге жетіп, әлемге танылды. Сингапурдың мектеп
оқушылары халықаралық тестілеуде тұрақты түрде жоғары нәтижелер
көрсетеді.
Білім инфрақұрылымы шағын және экономика құрылымымен өте жақсы
интеграцияланған білім беру институттарының қызмет көрсету сапасы жедел
дамып, дамыған елдердің қатарына қосылды. Білім әлемдік экономикаға
бағытталып, табысқа жету мақсатында әлеуметтік және шаруашылық
қажеттілікке бейімделе негізделген.
Білім саласындағы эксперттер осы елдің оқу жүйесін әлемде жоғары деп
бағалады. Біріншіден, PIRLS зерттеулеріне сүйенсек, сауаттылығы жағынан
әлемде алдыңғы қатарлардың бірінде, екіншіден, сингапурлық оқушылар 1995
жылдан бастап математика және жаратылыстану ғылымдарынан халықаралық
(TIMSS) тестілеуден әлемде жоғарғы нәтиже көрсетуде, үшіншіден, 2008
жылдан бастап консалтинг компаниясы Сингапур білім жүйесін әлемде ең
тиімді деп атады (әсіресе педагог мұғалімдерді дайындау саласы), төртіншіден,
2007 жылы IMD зерттеулер нәтижесі бойынша осы жүйесі кең ауқымды
экономикалық талаптарына бейімделген.
1997 жылдан бастап сингапурлық білім жүйесі білімге негізделген,
ғаламдық экономика үшін жұмысшы күшін дайындауға бағытталған дамудың
жаңа сатысына көтерілді. Білім беру жүйесінде келесі реформалар өтті:
– екі сатылы бастауыш білім енгізілді: 4 жыл – негізгі бастауыш,
қосымша 2 жыл – бағдарлы оқыту;
– бастауыш мектепті бітіру емтихандар жүйесі өзгерді. Олардың
қорытындылары бойынша оқушыларға орта мектептегі таңдау бойынша
ұсыныстар беріледі;
– орта мектеп кезеңінде және оны бітіргеннен кейін техникалық және
кәсіптік білім алу мүмкіндіктері пайда болды. Техникалық білім беру
институтының негізі қаланды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы – бұл мектеп оқушыларының
оқу әрекетінде және одан тыс жағдайда тиімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін,
23
басты құзыреттілікті меңгеру деңгейін көрсететін белгілі бір дәрежедегі
білімділік деңгейі [13].
Сингапурдың ішкі нарығы көлемі жағынан шағын болған соң толық
импорттау стратегиясы мүмкіндігін пайдалана алмады, су, азық-түлік және
барлық ресурстарымен қамтамасыз ету үшін Малайзиямен тығыз байланыста
болды. Бұл бетбұрыс Сингапурда өмір сүретін көп ұлтты білім жүйесіне оң
әсерін берді. Негізгі өндіріс саласы кеме жасау және жөндеумен айналысқан
бұл елдің 45 жыл бұрын ұлт нышанын көрсететін не білім жүйесі, не армиясы,
не флоты, тіпті елін дамытуға ресурстары да болмаған. Мемлекет тек өзінің
әлемдік белсенді сауда жолдарының қиылысында сәтті орналасуын және адами
капиталды ресурстарын ғана арқау қыла алды. Тәуелсіздік алған соң
мемлекеттің даму жолдарын іздестіріп, жан-жақты анықтай бастады. Табиғи
ресурстардың болмауына байланысты жоғарғы кәсіби нарық құру, шетелдік
инвестрларды тарту және экспорттауға бағытталған экономикаға көшу үшін
үкімет интеллектуалды модернизация жолын таңдады. Білім жүйесінің
алдындағы міндет – елді сауатты және техникалық білімді мамандармен
қамтамасыз ету. Бірнеше ұлттардың білім құрылымдарына біркелкі стандартты
енгізу арқылы оптимизациялау мәселесі туындады. Барлық пәндерді бір тілде
жүргізу таңдалды, ол - ағылшын тілі. Сингапурдың барлық азаматтарын
ағылшын тілінде сөйлеуге әзірлеу, дайындау жүйесі халықаралық өндіріс, сауда
және білім саясатын жүргізуге бағытталса, ал қытай тілі Азиялық бизнеске
тиімді. Бүгінгі уақытта Сингапурда он жылдық білім жүйесі, алты жастан
бастап сан қырлы, түрлі оқу бағдарламалар аясында білім алады. Осы жүйе әр
оқушының бейім-қажеттілігіне қарай таңдау және мектеп кеңесінің берген
бағдарламасымен оқуға мүмкіндік туғызады. Оқушыларға мектепте қосымша
спорт, шығармашылық іс-әрекеттерге көп көңіл бөлінеді екен. Барлық білім
жүйесі әлемге ашық топта жұмыс істей алатын көшбасшыларды тәрбиелеуге
бағытталған. Сыныптың тығыздығы-40 балаға дейін екен, мұғалім сабақты
сегіз топқа бөліп, топтық әрекеттермен өткізеді [10].
Білім беру процесінің тиімділігін арттыру мақсатында 1979 жылы жаңа
білім беру жүйесі қабылданды. Ол бастауыш және орта мектепте балалардың
білім баспалдағы бойынша өз қабілеттеріне сәйкес жылжуына мүмкіндік
беретін, сатылы оқытуды қарастырды. Оны енгізудің басты мақсаты – әр балаға
орта мектепті бітірте отыра, одан әрі қарай кәсіптік оқуы мен жұмысқа
орналасуы үшін базалық білім алуына мүмкіндік беру.
Сингапурдағы білім беру жүйесі заманауи кезеңінің негізгі мақсаты – әр
адамды өмір бойы оқуға, жаңа білім және дағдылар алуға, технологияларды
меңгеруге, инновация және кәсіпкерлік рухын дамытуға, тәуекел ету және өзіне
жауапкершілік пен міндеттеме ала білуге уәждейтін ынталандыру ортасын құру
болып табылады. Кезеңнің мәнін қысқаша мектептегі білім беру кезеңнің
әрқайсысында баланың қабілеттерін және дарынын анықтау мен дамытудың
институционалдық механизмдерін жасау ретінде сипаттауға болады. Түрлі
білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықпал ету үшін үкімет Edusave
ынталандыру гранттық жүйесін әзірледі, ол оқушыларға оқуға, соның ішінде
қосымша білім мен шетелге іс-сапарына байланысты барлық шығынды өтеуіне
24
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ата-аналар балаларын мектепке жібере
отыра, оларды туған мәдениетіне менсінбей қарауға тәрбиелемейтініне және
ана тілін оқитынына сенімді болуы тиіс.
Сингапурдың білім беру жүйесіндегі басты жетістіктер ретінде келесі
фактілерді атауға болады: Сингапур – функционалдық сауаттылық деңгейі әлем
бойынша ең жоғарылардың бірі (Progress in International Reading Literacy Study);
сингапурлық мектеп оқушылары математика және жаратылыстану ғылымдары
бойынша салыстырмалы халықаралық тесттерде (TIMSS) үздік нәтиже көрсетіп
отыр; 2008-2009 жылдары сингапурлық білім жүйесі әлем бойынша ең тиімді
деп аталды (McKinsey); Сингапурдың білім жүйесі ғаламдық экономика
талаптарына барынша жақсы бейімделген (IMD World Competitiveness
Yearbook 2007).
Сонымен, еліміздің оқу жүйесін Сингапурдағы білім беру жүйесімен
салыстырсақ, екі елдің өзіндік ерекшеліктері байқалады. Сингапурда әр
оқушының бейім-қажеттігіне қарай таңдау мүмкіндігі беріледі және әлемдік
экономиканың саясатына сәйкес ағылшын тілінде дәріс беріледі. Білімнің даму
сатысында адамның өмір бойы білім алуына, жаңа технологияларды игеріп,
өзіне жауапкершілік пен міндеттер алуына ынталандыру ортасы құрылған,
негізгі идеясы қабілетті, дарындыларды қолдауға, көшбасшыларды
тәрбиелеуге арналған. Сабақтарын бақылайтын болсақ, әр топтан оқыту,
қарым-қатынас, жеке тұлғаны қалыптастыратын жұмысты байқауға болады.
Соңғы кезде біздің елімізде де көп тілділікке терең көңіл бөлініп отыр.
Ағылшын тілін жаппай меңгеруге біртіндеп көшуде. 2013-2014 оқу жылынан
бастап жалпы білім беру ұйымдарына ағылшын тілін игеру бірінші сыныптан
енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |