2-деңгей: алгоритмдік деңгей – елеулі белгілерді есте сақтау
дағдысына негізделеді:
– өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген
тапсырмалар, бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп,
тереңдете пайдалануды қажет етеді. Математикада мұндай іс-әрекетке
келтірілетін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер, кері байланыс
функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.
– оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда
біздің ұлттық ерекшеліктерімізді ескеріліп, танымдық және үйретімділік
маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен
сөзжұмбақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |