Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет32/76
Дата07.01.2022
өлшемі1,55 Mb.
#18984
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

44 


Қорытынды 

 

Қорыта  келе,  оқушылардың  математикалық,  жаратылыстану-ғылыми 



және  оқу  сауаттылығын,  жалпы  алғанда,  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыруда  Қазақстан  үшін  PISA  (Programme  for  International  Student 



Assessment),  TIMSS  (Trends  in  Mathematics  and  Science  Study)  сияқты 

халықаралық зерттеулерге қатысудың маңызы зор. Мұндай зерттеулер нақты 

ақпарат беріп қана қоймай, жалпы орта білім беру жүйесіндегі проблемалар 

мен жетістіктердің шынайы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Нақтырақ 

айтсақ: 

–  зерттеуге  қатысушы  елдерде  жетілдіріліп  шығарылған  халықаралық 

стандарттармен  салыстырғанда  мемлекеттегі  білім  жағдайы  туралы  ақпарат 

алуға;  


–  басқа  елдермен  салыстырғанда  мемлекеттегі  білім  жүйесінің  даму 

тенденциялары туралы мәлімет жинауға; 

–  әр  түрлі  мемлекеттердің  білім  жағдайына  әсер  ететін  факторлар 

туралы  ақпарат  алуға  (бұл  жоғарғы  нәтижелерді  көрсететін  мемлекеттерге 

«жетістік факторын» ашуға көмек болып табылады);  

–  қазіргі  құралдармен,  бағдарламалық  жабдықтар  мен  білім  сапасын 

бағалауға арналған технологиялармен қамтамасыз етуге;  

–  ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға;  

–  халықаралық  салыстырмалы сараптама жасауға;  

–  зерттеуге  қатысушы  елдердің  мамандарымен  ынтымақтастық 

орнатуға көмектеседі. 

Халықаралық зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, қазақстандық білім 

беру  жүйесі  оқушыларды  пәндік  білімдермен  жақсы  қамтамасыз  ететінін 

дәлелдеді.  Алайда,  өкініштісі,  олардың  пәндерден  алған  білімдерін  өмірлік 

жағдаяттарда қолдана алмайтыны белгілі болды. Сондықтан алдағы уақытта 

мынадай бағыттарда жұмысты жандандыру қажет: 

–  халықаралық  зерттеулердің  нәтижесі  бойынша  алдыңғы  қатардағы 

мемлекеттердің 

іс-тәжірибесін 

зерделеп, 

соның 

негізінде 



оқу 

бағдарламаларын жаңарту; 

–  PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends 

in  Mathematics  and  Science  Study)  сияқты  халықаралық  зерттеулердің 

тапсырмаларын  енгізе  отырып,  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  кешендер 

дайындау; 

–  оқушыларды  өздігінен  білім  алуға,  ізденуге,  шығармашылық  және 

сын тұрғысынан ойлануға бейімдеу;  

–  оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мектеп 

пен  отбасының,  мектеп  пен  қосымша  білім  беру  ұйымдарының 

әрекеттестігін,  байланысын  күшейту,  ата-аналардың,  қосымша  білім  беру 

ұйымдарының рөлін, жауапкершілігін арттыру;  

–  PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends 



in  Mathematics  and  Science  Study)  сияқты  халықаралық  зерттеулер 


 

45 


тұрғысынан  мектеп  мұғалімдерінің  білімін  жетілдіріп  отыру,  олардың 

шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу;  

–  оқушылардың қажетті ақпарат іздеуі және алмасуы, әртүрлі тәжірибе 

жасауы, оның нәтижелерін өңдеуі, т.б. үшін жалпы білім беру ұйымдарының 

материалдық-техникалық базасын жетілдіру, заманауи құрал-жабдықтармен, 

құрылғылармен қамтамасыз ету.  

Сонымен,  осындай  бағыттағы  міндеттер  жолға  қойылып,  нақты 

жұмыстар 

атқарылса, 

оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыруға 

мүмкіндік 

ашылады. 

Өйткені, 

функционалдық 

сауаттылықты қалыптастыру жас ұрпақтың ертеңгі күні қазіргі тез өзгермелі 

әлемде  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсенді 

қатысуына,  сондай-ақ  «өмір  бойы  білім  алуына»  ықпал  ететін  базалық 

факторлардың біріне айналып отыр. 

 

 



 


 

46 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет