Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


  Халықаралық  PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  мақсаты,  маңызы  мен



Pdf көрінісі
бет6/76
Дата07.01.2022
өлшемі1,55 Mb.
#18984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
 

1.2  Халықаралық  PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  мақсаты,  маңызы  мен 

мәні 

 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі 



2012-2016  жылдарға  арналған  Ұлттық  жоспарда  көрсетілген  функционалдық 

сауаттылықты қалыптастырудың үшінші тетігі – оқу нәтижелерінің бағалау 



жүйесін өзгерту [4]. 

Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу 

және  жинақтау  сияқты  критерийлер  бойынша  оқу  жетістіктерін  бағалаудың 

жаңа  тәсілдерін  талап  етеді.  Мұндай  жүйе  әлемдік  тәжірибені  жан-жақты 

зерттеу  арқылы  енгізіледі.  Олар  ұлттық  және  халықаралық  бағалау  жүйелері 

арқылы  жүргізіледі.  Ұлттық  жүйе  арқылы  бағалау  –  жыл  сайын  өтетін  оқу 

жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу. Халықаралық бағалау 

жүйелері  –  PISA  (Programme  for  International  Student  Assessment),  TIMSS 



(Trends  in  Mathematics  and  Science  Study)  және  PIRLS  сияқты  халықаралық 

зерттеулер. Қазақстанның осы сияқты халықаралық зерттеулерге қатысуындағы 

басты мақсат:  

–  білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформалаудағы қажеттілік;  

–  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  әлемдік  білім  беру  кеңістігімен 

бірігуі;  

–  оқытудың  халықаралық  сапа  стандарттарын  енгізудегі  және  оның 

нәтижелерін бақылаудағы қажеттілік;  

–  білім  беру  мазмұнын  өзгерту,  білім  беру  сапасын  бағалаудың 

қазақстандық жүйесін құру;  

–  білім сапасын бағалайтын қазақстандық жүйе енгізу. 

Зерттеу  идеологтарының  ойластыруы  бойынша  PISA  (Programme  for 



International  Student  Assessment),  TIMSS  (Trends  in  Mathematics  and  Science 

Study) және PIRLS сияқты тестілер – заман талабы мен тапсырыс берушілердің 

сұранысына сай оқыту нәтижелерінің өміршеңдігін анықтаушы құрал.  

Еліміздің  2011  жылы  өткен  халықаралық  PISA  –  2012  апробациялық 

зерттеуіне,  2012  жылы  сәуір  айында  болған  PISA  –  2012  негізгі  зерттеуіне 

қатысуы  өзін-өзі  дамытуды  максималды  түрде  іске  асыру  мен  қоғам  өмірінде 

орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды 

дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.  



 

14 


Қазақстан  PISA  халықаралық  зерттеуіне  тұңғыш  рет  –  2009  жылы  15 

жастағы  оқушылардың  білім  сапасын  анықтау  үшін  дәйекті  ақпарат  алу 

мақсатында  қатысты.  Біздің  еліміз  үшін  бұл  бағдарламаға  қатысуға 

қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі 

себеп болды. 

PISA  зерттеуінің  мақсаты  –  мектептің  білім  беру  тиімділігін  15  жастағы 

оқушылардың  математикалық  сауаттылығы,  оқу  сауаттылығы  және 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет