VR –ды білім берудеқолданудың әлемдік мысалдары белгілі:
- Йель университетінде өт қабының хирургиясына арналған VR – жаттығуы сәтті сынақтан өтті. VR тобы 29% жылдамырақ және қателесу ықтималдығы 6 есе аз болды.
- Бейжіңде “Виртуалды шындықтың академиялық нәтижеге әсері” туралы зерттеу жүргізілді. Балаларға бірдей пән оқытылды, бірақ бір топ – классикалық әдіс, ал екіншісі – VR арқылы. Cоңында тест жүргізілді. Бірінші топ 73%, ал екіншісі 93% табысты болды. Сонымен қатар, VR тобы тақырыпты тереңірек түсініп, алған білімдерін жақсырақ бекітті (екі аптадан кейінгі сынақ нәтижелері бойынша).
- 2018 жылы Кембридждік студент-антропологтар мен Шығыс Қытайлық мектеп оқушылары Гиза үстіртіндегі қабір бойына салынған белгілерді зерттеді. Ерекше ештеңе жоқ. Тек екі топ әлемнің мүлдем басқа бөліктерінде бола отырып, тікелей Африкаға саяхат жасай алуында. Бұл Doghead компаниясы әзірлеген rumii VR бағдарламалық құралының арқасында мүмкін болды. Онда виртуалды сынып құрылып, зерттелетін объектілердің үш өлшемді модельдері жүктелді. Ал студенттер нақты зерттеу орнынан мыңдаған шақырым қашықтықта бола тұра, .өздерінің виртуалды аватарларын басқарды.
- Google бірнеше жыл бойы әлемнің көрікті жерлеріне виртуалды турлар жасаумен айналысып келеді. Мысалы, 2019 жылдың соңында 132 000 фотосуретті пайдаланып Версаль сарайына виртуалды тур басталды. Сондай-ақ Мәскеудегі Үлкен театрға, Лондондағы Букингем сарайына және басқа да мәдени мұра нысандарына турлар бар. Ал олардың саны жыл сайын тек өсе бермек.
Сөзсіз, АҚШ пен Еуропа мемлекеттері білім беруде виртуалды шындықты енгізуде көшбасшы болып қала береді. Бірақ бұл тұрғыда Ресей мен Қазақстан де заман көшіне ілесуге ұмтылуда. 2018 жылдан бастап бірқатар ірі білім беру VR-жобалары іске қосылды:
«Білім-2024»
«Цифрлық мектеп»
«Заманауи цифрлық білім беру ортасы»
«Ресей Федерациясының цифрлық экономикасы»
«Цифрлық мектеп» жобасы – ең ауқымды жобалардың бірі. Бастамашылардың айтуынша, 2024 жылға қарай оны барлық «пилоттық» оқу орындарының 25%-ында енгізу жоспарлануда.