1 - тәжірибелік жұмыс. Е-Кітапханада сандық білім беру ресурстарын пайдалану.
Е-Кітапханамен жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар:
СБР-ды пайдалану үшін Электрондық оқыту жүйесіне кіру керек. Ол үшін браузерының мекен-жайлық жолына https://e.edu.kz мекен-жайын теру керек (1- сурет).
1-сурет – ЭОЖ бастапқы терезесі
Сандық білім беру ресурстары Е-Кітапханада орналастырылған. Е-Кітапхана беті авторландырылған және авторландырылмаған пайдаланушылар үшін де қолжетімді болып келеді.
Е-Кітапханаға кіру үшін Логин мен Құпия сөзді енгізу және «Кіру» батырмасына басу керек.
Басты бетте СБР таңдаулы, әрі маңызды ретінде жүйеленеді (2-сурет). Авторландыру арқылы Е-кітапханаға кірген кезде СБР сілтемесін жүктеуге болады (мысалы, үй тапсырмасына СБР беру), берілген СБР қатысуын қарау, рейтингті белгілеу – бағалау, түсініктеме қалдыру (3-сурет).
2-сурет – Е-кітапхана терезесі (авторландыру арқылы кіру)
3-сурет – СБР-н әрекет (авторландыру арқылы кіру)
Е-кітапханаға пайдаланушы авторландырусыз кірген кезде СБР тек маңызды ғана жүйеленеді (4-сурет), және СБР-ға кіруін қарау, СБР-ді бағалау, СБР-ге түсініктеме беру сияқты әрекеттер мүмкін емес (5-сурет).
4-сурет – Е-кітапхана терезесі (авторландырусыз кіру)
5-сурет – СБР-мен әрекет (авторландырусыз кіру)
Е-Кітапхананың Басты бетіндегі Іздестіру терезесінде Рубрикатор, Кеңейтілген іздестіру, Өшіру қосымша беттері бар (1, 3-сурет). Бөлек ресурстар басты беттен қолжетімді болып келеді. СБР іздестіруді кеңейтілген іздестіру режимінде материалдарды топтағышы арқылы жүзеге асыруға болады.
Рубрикатор арқылы материалды іздестіру үшін келесі әрекеттер орындалады:
Рубрикатор қосымша бетіне басып, СБР тізімі пайда болады;
Ізделінген СБР-ді таңдағаннан кейін Рубрикаторға басқан кезде, СБР-ді таңдауға болатын терезе пайда болады (6-сурет).
Кеңейтілген іздестіру режимінде СБР-ді іздестіру үшін келесі әрекеттер орындалады:
«Кеңейтілген іздеу» жазбасына басу керек, экранда кеңейтілген іздестірудің бөлімдері пайда болады (7-сурет);
Келесі қадамдар пайдаланушының таңдауы бойынша орындалады (іздеу үшін әрекеттердің бірі мүмкін: автор бойынша, қысқа ақпарат бойынша, түйінді сөздер бойынша, материал атауы бойынша, жеткізуші бойынша);
«Іздеу» батырмасына басу керек, экранда іздестіру шарттарына сәйкес келетін оқу материалдарының тізімі пайда болады.
6-сурет – «Рубрикатор» іздеу режимі
7-сурет – «Кеңейтілген іздеу» режимі
СБР-ді жүктеу кезінде кейбіреулері, жаңа Java қосымшасын (яғни жазылмаған қосымшалар) талап етеді. Немесе атауы және басып шығарушы туралы ақпарат үнсіздік бойынша блокқа қойылады. Ақпаратты блокқа қою жағдайында экранға «Application Blocked by Security Settings» хабарламасы шығады. Бұл жағдайда Java конфигурациясы баптауында сілтемелер адресін жазу жеткілікті.
Бұл әрекеттер үшін келесі қадамдарды орындау жеткілікті:
https://e.edu.kz/ui/#/lcms/main сілтемесін алмасу буферіне көшіру.
Басқару үстелінде Java (Java Control Panel) командасын жіберу (7-сурет).
Java Control Panel -де Security (Қауіпсіздік) қосымша бетін таңдау, Security Level белгісін төменгі деңгейге түсіріп, «Edit Site List» - сайттарды түзету батырмасына басу (8-сурет);
Пайда болған Exception Site List терезесінде алмасу буферінен
https://e.edu.kz/ui/#/lcms/main қосу, кейін «Ок» батырмасына басу (9-сурет);
https://e.edu.kz/ui/#/lcms/main қосқаннан кейін Е-кітапхана тезірек жүктелінеді және Java жаңа ерекшеліктер мен жаңалықтарды тексере бермейді.
8-сурет – Java (Java Control Panel) жіберу
9-сурет – Java Control Panel жіберу
10-сурет – Сайтқа сілтемені қосу
Достарыңызбен бөлісу: |