Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет8/83
Дата28.09.2022
өлшемі13,27 Mb.
#40708
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83
2. Глоссарий
Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – тестілеудің арнайы бағдарламалық жүйесі мен онда орналастырылған тестілердің көмегімен оқушылардың білімін тексеру.
Авторландыру – көрсетілген рөлге сәйкес белгілі бір тұлғаға немесе топқа белгілі бір әрекет орындау үшін құқықтарды беру, сонымен қатар осы әрекеттерді орындаған кезде берілген құқықтарды тексеру (растау) үдерісі.
Ағынды аудио – Потоковое аудио (Streaming audio) – файл толығымен жүктелместен бұрын браузер арқылы ойнала бастайтын аудио файл.
Ағынды бейне (Потоковое видео (Streaming video)) – сіздердің компьютерлеріңізге клиптің тұтастай жүктелуінің аяқталуын күтпестен оны Интернет бойынша қарап шығуға болатын бейне.
Ақпараттық iздестiру жүйесi (Информационно-поисковая система; informtion retrieval system) – форматталған сұраным бойынша мәлiметтердi сақтауға және iздестiруге арналған бағдарламалық жүйе.
Ақпараттық iздестiру тiлi (Информационно-поисковой язык; informtion retrieval language) – компьютердің ақпараттық iздестiру жүйесiндегi құжаттарды немесе олардың үзінділерiн сипаттау үшін арнайы әзiрленген жасанды тiл; оның көмегімен ақпаратты iздестiру жүйесiнің жадынан пайдаланушылардың талап-тiлектерiне лайықты ақпаратты iздестiруге сұраныстар құрастырылады.
Ақпараттық анықтамалық жүйе (Информационно – спра­воч­ная система; inguiry system) айрықша активтi режiмде жұмыс iстейтiн және тұты­ну­шыны анықтамалық сипаттағы мәлiмдемелермен жасақтайтын автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
Ақпараттық база (Информационная база; information base) – автоматтандырылған жүйелерде – сыртқы тасуыштарда орналастырылған және бағдарламалар мен компьютерде жұмыс iстейтiндердің пайдалануына арналған мәлiметтер жиынтығы. Мыс., мәлiметтер банкiсiнде – ақпараттық база дегенiмiз ақпараттық ресурстың бөлігi, ал оған мәлiметтер базасы мен оның сипаттамалары, яғни мәлiметтер туралы ақпарат кiредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет