Ашық формалы тестілік тапсырмалар – Тестовые задания открытой формы – сыналушы негізгі мәтінді, шынайы пікірді алатындай элементпен тиісті толықтырулар.
Баспа жүйесі – Издательская система – дайын баспа өнімінің үлгісін көбейтуге компьютерлік дайындықты қамтамасыз ететін жүйе.
Бейнеконференция – Видеоконференция – қозғалатын объектілерді пайдаланып алыста орналасқан пайдаланушылар тобының арасында кеңестер мен пікірсайыс өткізу әдіснамасы.
Бейнеконференция (videoconferencing) – Видеоконференция –бұл байланыстар жүйесі мен компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы әр түрлі географиялық нүктелерде тұрған бірнеше адамдардың арасында аудио-көріністік ақпараттар алмасу кезінде туындайтын телеконференцияның бір түрі
Бейнемәтін – Видеотекст – мәліметтер базасының терминалдарына және желілер ұсынатын қызмет көрсетуіне қатынаудың желілік қызметі.
Білім беру ұйымдарының порталы – барлық сервистерді бірыңғай желіге біріктіреді, оқушыларға, педагогтар мен білім беру басқармасының органдарына онлайн-режимінде қарым-қатынасқа түсу және ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді.
Гипермәтін_–_Hypertext_–_гипертекст'>Гипермәтін – Hypertext – гипертекст – өзара байланыс жасайтын кез келген жерге орналасқан құжаттардың арасындағы байланыс. Ерекшеленген сөзде немесе сөз тіркесінде тышқанды шерте отырып, пайдаланушы осы тақырып жарияланған файлдарды тез таба алады.
Гипермәтін – Гипертекст – бірлестік түрда байланыс жасайтын блоктар түрінде ұсынылған мәтін.
Желілік ресурстар – бұл басқа компьютерден (әдетте жергілікті компьютерлік желі немесе Интернет арқылы) белгілі бір қашықтықтан қолжетімділікті жүзеге асыратын құрылғы немесе желілік ақпарат бөлігі.
Қашықтықтан ашық білім беру (ҚАББ) – Открытое дистанционное образование (ОДО) – бұл қашықтық, жұмыс бастылық, жасы келу және б. сияқты оқытушы мен білім алушының арасындағы бөгетті жеңуді қамтамасыз ететін кешенді оқу технологиясындағы қазіргі заманғы білім беру әдістері мен тұтынушыларға қызмет көрсетудің маркетингтік әдістерінің ұштасу нәтижесі ретінде XX-ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде пайда болған оқытудың сапалы жаңа түрі. Қашықтықтан ашық білім беру жүйесін іске асыру үшін белгілі бір ақпараттық ортаны, педагогикалық кеңістікті дайындау қажет. Бұл міндеттерді ең жақсы түрде ақпараттық-білім беру ортасы атқара алады.