- тәжірибелік жұмыстар. Moodle қашықтықтан оқыту жүйесіндегі бағалау
Moodle бағалау журналын баптау
Кейде Moodle курсы үшін элементтері бөлек ескерілетіндей етіп оның жекелеген қорытындыны есебін баптау қажет.
Мысалы, 1-тапсырма үшін жалпы салмақты анықтауға (100%) болады
1 – 10%, тест 1 – 20%, тест 2 – 20%, тест 3 – 20%, тест 4 – 0%, қорытынды тест-
30%.
Бұл үшін бағалау журналын баптауға көшеміз (58-сурет).
58-сурет – Бағалау журналының баптау беті
Курс санатының Параметрлерін өңдеуге көшеміз (59-сурет).
59-сурет – Пән бойынша бағалау параметрлерін редакциялау беті
Орташа бағалардың орнына қорытынды бағаны есептеу нұсқасын көрсетеміз – орташа өлшенген бағалардың орнына және сақтаймыз (60- сурет).
60-сурет – Қорытынды бағаны есептеуге арналған бет
Енді әрбір курс элементінің салмағын бөлуге болады. Ондық мәндерді қоюға болады (61 сурет).
61-сурет – Әрбір курс элементінің салмағын анықтау беті
Осылайша, журналдағы кез-келген санатты бағалау баптайды.
Баға қою
Білім алушы тапсырманы орындағаннан кейін оқытушы оны тексеріп, баға қою керек. Белгілі бір аптаның тапсырмасын таңдау үшін барлық бағаларды қарау батырмасын басу қажет (62-сурет).
62-сурет – Бағалау беті
Егер оқытушы баптауды жүзеге асырған болса, онда Дәреже бағанында осы тапсырмаға білім алушылардың жауаптарының бар-жоғы туралы ақпарат көрсетіледі. Файл жүктелгенде Түсініктемеге жауап бағанында (0) түсініктеме пайда болады (63-сурет).
63-сурет – Білім алушылардың бағаларын қарауға арналған бет
Кейін Бағалауға батырмасын басу керек. Және білім алушыларға бекітілген файл ашылады. Баға енгізу бағанында орындалған жұмыс үшін 100-дейін Бағалау және Сақтауға басу қажет. (64-сурет).
64-сурет – Жауапты көру беті
Курсқа кері қайту үшін сол жақ жоғарғы бұрышындағы курс атауына басу қажет (65-сурет).
65-сурет – Курсқа кері қайту
Негізгі бетте Бағалар қойылғаннан кейін – Бағаланды деген дәреже
шығады.(66-сурет).
66-сурет – Бағалаудың нәтижелерін қарау
Moodle ҚОЖ білім алушылардың бағасын Univer ААЖ-ге ауыстыру үшін оқытушы Moodle ҚОЖ-дан Univer таңдау қажет(67-сурет).
67-сурет – Бағаларды Univer ААЖ-ға жіберу
Келесі бетке ауысқаннан кейін Univer ААЖ бағаларды сақтау үшін скринкастар түріндегі Қысқаша нұсқаулық бар (68-сурет).
68-сурет – Univer ААЖ бағаларды сақтау үшін қысқаша нұсқаулықтарЕгер Егер
69-сурет – Білім алушыларды бағалаудағы бос кестесі
Егер курстың білім алушылары Univer ААЖ тіркелмеген болса, тек сыртқы тыңдаушылар болып табылса, онда кесте бос болады (69-сурет).
Егер білім алушылар Univer ААЖ тіркелген жағдайда, соңғы бағанада Univer-ге жіберу батырмасы бар кесте пайда болады.
Бұл ретте оқытушы қойған әрбір баға әрбір білім алушыға жинақталады, содан кейін қорытынды баға шығарылады (70-сурет).
70-сурет – Білім алушылардың бағаларын Univer ААЖ сақтау
Достарыңызбен бөлісу: |