Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық құрылымы 1. Практикалық сабақтың тақырыбы
2. Оқу нәтижелері
3. Практикалық сабақтың тапсырмасы
4. Бағалау критерийлері
№6-7 - тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Зат есімнің грамматикалық категориялары, түрлері және түрлену жүйесі тақырыбына жаттығу орындау– 2 сағ.
Оқу нәтижелері
Студент:
зат есімдердің мағыналық және тұлғалық құрамын анықтайды;
зат есімнің грамматикалық категорияларын, түрлерін және түрлену жүйесін, синтаксистік қызметін сипаттайды;
зат есімнің грамматикалық категорияларын, түрлерін және түрлену жүйесін көрсетеді;
зат есімнің мағыналық сыр-сипатын, құрылымын сыни тұрғыдан талдайды;
грамматикалық заңдылықтар негізінде зат есімнің өте күрделі сөз табы екенін тұжырымдайды;
зат есімнің лексикалық (семантикалық), грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) белгілерін бағалайды;
Практикалық сабақтың тапсырмасы
Тапсырмалар:
1 - тапсырма Берілген сөйлемдегі зат есімдерге сатылай кешенді талдау жасаңыз.
Тапсырма орындауға ұсынылған үлгі: ақылды
Бұл сөз екі құрамнан тұр: ақыл+ды
Тұлғасына қарай – ақыл – негізгі түбір
Құрылысына қарай – дара
Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.
Лексикалық мағынасы – жалпы ұғымға берілген атау.
6.1 Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – зат есім
6.2 екінші грамматикалық мағынасы –табыс септігінің жалғауы арқылы берілген категориялық-грамматикалық мағына-атауыштық мағына.
7. ақыл – не? деген сұраққа жауап береді, зат есім.
8. Мағынасына қарай:
а) жалпы есім, біркелкі дерексіз ұғымның жалпылай аталуы.
б) жансыз, тіршілік иесі емес.
в) дерексіз, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін абстракт ұғымның атын білдіре алады.