Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет1/2
Дата06.10.2022
өлшемі93,5 Kb.
#41641
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin sozzhasam men morfologiyas n n teoriyal k negizderi (5)


Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық құрылымы
1. Практикалық сабақтың тақырыбы
2. Оқу нәтижелері
3. Практикалық сабақтың тапсырмасы
4. Бағалау критерийлері
№6-7 - тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Зат есімнің грамматикалық категориялары, түрлері және түрлену жүйесі тақырыбына жаттығу орындау– 2 сағ.
Оқу нәтижелері
Студент:

  • зат есімдердің мағыналық және тұлғалық құрамын анықтайды;

  • зат есімнің грамматикалық категорияларын, түрлерін және түрлену жүйесін, синтаксистік қызметін сипаттайды;

  • зат есімнің грамматикалық категорияларын, түрлерін және түрлену жүйесін көрсетеді;

  • зат есімнің мағыналық сыр-сипатын, құрылымын сыни тұрғыдан талдайды;

  • грамматикалық заңдылықтар негізінде зат есімнің өте күрделі сөз табы екенін тұжырымдайды;

  • зат есімнің лексикалық (семантикалық), грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) белгілерін бағалайды;

Практикалық сабақтың тапсырмасы
Тапсырмалар:
1 - тапсырма
Берілген сөйлемдегі зат есімдерге сатылай кешенді талдау жасаңыз.
Тапсырма орындауға ұсынылған үлгі: ақылды

  1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: ақыл+ды

  2. Тұлғасына қарай – ақыл – негізгі түбір

  3. Құрылысына қарай – дара

  4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.

  5. Лексикалық мағынасы – жалпы ұғымға берілген атау.

6.1 Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – зат есім
6.2 екінші грамматикалық мағынасы –табыс септігінің жалғауы арқылы берілген категориялық-грамматикалық мағына-атауыштық мағына.
7. ақыл – не? деген сұраққа жауап береді, зат есім.
8. Мағынасына қарай:
а) жалпы есім, біркелкі дерексіз ұғымның жалпылай аталуы.
б) жансыз, тіршілік иесі емес.
в) дерексіз, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін абстракт ұғымның атын білдіре алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет