Байланысты: УМК Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар
Факультет декандары мен кафедра меңгерушілері практиканы ұйымдастыру мен өткізуде жауапкершілік алады:
жыл сайын, оқу жылы басталғанға дейін 2 ай бұрын студенттердің практикасын өткізу туралы кәсіпорындармен, мекеме мен ұйымдармен келісімшарттарға қол қояды;
кәсіби саланы жетік меңгерген профессорларды, доценттер мен аға оқытушыларды практика жетекшісі ретінде тағайындайды;
кафедрадан тағайындалған практика жетекшісі практика басталғанға дейін 3 ай көлемінде практика орындарына студенттерді бөледі, деканат қызметкерлері студенттерді практикаға жіберу мен олардың жетекшілерінің тағайындалуы туралы бұйрық әзірлеп, ректормен бекітеді;
практика өткізілетін практика базасын және студенттердің өздерін практика бағдарламасымен және жеке тапсырмаларымен таныстырады;
қажет кезінде практикаға жіберілген студенттерді медициналық тексеруден өткізеді;
мекемеде, ұйым мен кәсіпорында практиканың өтілу барысын, оның мерзімі мен мазмұнының сақталуын қатаң қадағалайды;
практика базасының әкімшілігімен бірлесе отырып, кәсіби сала бойынша мамандардың жаңа жетістіктер бойынша дәріс беруін ұйымдастырады.