Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Семинарлық сабақтардың жоспары мен әдістемелік нұсқаулары



бет88/94
Дата31.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#21459
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94
Байланысты:
УМК Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар

Семинарлық сабақтардың жоспары мен әдістемелік нұсқаулары
Семинар 1.Кіріспе

Шетелдік тарихнаманың заманауи бағыттары пәнінің мақсаты мен міндеттері. Осы дәрістер жинағы негізіне қазіргі шетел тарихи білімдер ғылымы, немесе дәлірегі «тарихи білімдер тарихы алынған». Оның мазмұны тарихи танымның табиғаты мен функциясын заманауи түсінумен айқындалады.

Курстың методологиялық негіздемесі гуманитарлық білімдердің табиғаты туралы пікірталас барысында ұсынылған бірқатар идеялармен айқындалады.

Бұл тарихи танымдардың ерекшелігін белгілеу және тарихи зерттеудегі ақиқат пен шынайлықты салыстырмалы өлшемділігін көрсетеді. Тарихи білімдердің салыстырмалылығы бірқатар факторлармен айқындалады, ең бірінші кезекте зертеулердің 3 негізгі компоненттерінің бастапқы көп мәнділігімен: тарихи факт, тарихи дерек пен тарихи зертеудің әдістері. Өткен туралы «объективті»шындықты анықтауға тырыса отырып зертеуші өзінің субъектілігінің сондай-ақ рационалды талдауға алып отырған деректердің субъективтілігінің тұтқынында қалып қоюы мүмкін. Тарихи білімдердің мүмкіндіктері мен шеңбері толық емес сақталынған куәліктері және куәгерліктердегі зерттеп отырған дәуірдің шынайы бейнелей алатындығына кепілдіктің жоқтығымен, ақырғы соңында зертеушінің интеллектуалдық инструменттерімен түсіндіріледі.

Семинар 2. Батыстық тарихнамадағы қазіргі заманғы гендерлік зерттеулер

Гендерлік зерттеулердің тарихына шолу. Әйелдер тарихы  «әйел зерттеулері» деп аталатын пәнаралық ғылыми бағыттың бөлімі болып табылады. Ол батыста алпысыншы жылдардың аяғы жетпісінші жылдардың басында қалыптасқан. Алғашқы  « әйелдік тақырыптық» мәселе арнайыланған құбылыс ретінде бірінші феминистік толқуға байланысты он тоғызыншы ғасырдың аяғында келең бере бастады. Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында көбінесе әйгілі әйелдердің өмірін сипаттайтын әйелдерге арналған жұмыстар пайда бола бастады. Әйел тақырыбын  талқылауда  бүгінгі күннің өзінде үлкен орын алатын жұмыс ол атақты француз философы Симон де Бовуардың 1949 жылы баспадан шыққан жұмысы « Второй пол». Онда әйел мәселесі философиялық тұрғыдан қарастырылады.

Семинар 3. Тарихты зерттеудің көлемдік тәсілінің қазіргі шетел тарихнамасындағы алатын орны

Тарихты зерттеудің көлемдік тәсіліне түсініктеме және алғашқы пайдалануы. Жиырмасыншы ғасырдың ортасында батыс Европалық тарихнамамен АҚШ-тың тарихнамасында тарихи зерттеудің көлемдік тәсілі кең тарала бастады. Бұл жаңа деректердің жаппай табылуына байланысты еді. Осымен қатар бұрынғы белгілі тәсілдерді қайта ойластыру қажет болды. Бұл жаңалықтар бірінші кезекте экономикалық және әлеуметтік тарихты қамтыды, бірақ жекелеген салалардың біреуіде бұл өзгерістерден тыс қалған жоқ. Жиырмасыншы ғасырда тарих ғылымының өзінде назар басым түрде атақты адамдар, жекелеген индивидтерден әлеуметтік көпшілік жаққа қарай ауды. Тарих бұл жерде экономика мен социологияға жақындасты және не олардың тәсілдерін пайдалану немесе олардың жарамдылығын тексеру қажет болды. Сонымен қатар алпысыншы жылдары батыс әлемінде компьютерлер арзандап және қолға түсімді бола бастады, сәйкесінше олармен өңделетін ақпараттың спектрі кеңейіп, орындалатын операциялардың көлемі ұлғайды.

Семинар 4.Тарихи зерттеуге постмодернистік көзқарас

Ролан Барттың постмодернизмге қосқан үлесі. Алпысыншы жылдардан Батыстағы гуманитарлық ғылымдардағы аса маңызды бағыттардың бірі постмодернизм болып табылады. Оның пайда болуына әсер еткен негізгі идеялар лингвистика мен жалпы тіл тану ғылымдары аясында пайда болады.   Белгілі швейцарлық тілтанудың маманы  Фердинанд де Соссюр (1857 – 1913)  айтуынша тіл ол ұғымды білдірудің бейтарап және пасық түрі емес..Және сөз бен заттар біртекті үйлесетін екі тілді де кездестіре алмайсыз.. Осыдан Соссюр  сөз бен жазуды өзіндік заңдары бар лингвистикалық құрылым ретінде қабылдау керек деген қорытынды жасады.,Тікелей цитатасын келтірсек: «язык – это не окно в мир, а структура, определяющая наше представление о нем». Бұл егер тілдің құрылымы мұндай беделге ие болса, онда мәтіннің мағынасы одан кем емес байланыста.  Автор өзінің ойын оқушыға нақты жеткізе алады деген түсінік төңірегінде мәселелер туындады. Мәтіннен тыс тұрған обьективті тарихи әдістің болуы іс жүзінде мүмкін емес  және тек лингвистикалық ресурстардан құралған санақ нүктесінің интерпритациясы ғана болады.

Семинар 5. Тарихи өмірбаян және жаңа өмірбаяндық тарихы

Тарихи өмірбаянның қоғамдағы алатын орны. Плутарх заманынан белгілі «тарихи өмірбаян» ғасырлар бойы Европа тарихнамасының құрамдас бөлігі болып келді. Орта ғасырлар тарихында әулиелердің өмірін суреттеуден асып кетпеген өмірбаян тарихы «қайта өрлеу» заманында қайта дамып, жаңа заман тарихында жан-жақты формаларға ие болып тарихи шығармалардың белгілі кеңейтілген түріне ие болды. ХІХ-ХХ ғасырлардың І-жартысында тарихи зерттеудің бұл түрі мемлекет басшыларының өмірін бейнелеген дәстүрлі саяси тарих есебінде кең етек жайды. Бірақ бірте-бірте бұл еңбектерде тарихи тұлғаның қоғамдық қызметімен қоса оның жеке өмірі мен ішкі дүниесіне көптеп назар аударыла бастады.

Семинар 6. Бүгінгі интеллектуалдық тарих: проблемалары мен перспективалары

Интеллектуалдық тарихтың дүниежүзі тарихын зерттеуге қосқан үлесі. «Интеллектуалдық тарих – деген лекцияның аты зерттеушінің зерттеу бағыты экономикалық, саяси тарих сияқты адам әлеуметінің бір бағытына, тармағына қатысты екенін көрсетеді. Өткенді зерттеуде бәрі бөлініп көрсетілмеген, сондықтан зерттеуші өз тақырыбының төңірегінде қалып қоя алмайды. Алайда тарихнамадағы шартты еңбек бөлінісі бар және бұл бағыттағы даму кезеңінде бұның қортындылары қайта қаралып, қайта бағаланады. Тарихи танымдағы қазіргі кездегі революция тарихнаманың методологиялық және құрылымдылық-пәндік негіздерін қайтта айқындауға мәжбүрледі.

Семинар 7.Бүгінгі «күнделікті тарих» тұжырымдамасы

Германиядағы «күнделікті тарих» концепциясының пайда болуы. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары Германияның тарих ғылымында өзін «әлеуметтік» немесе «әлеуметтік-тарих ғылымы» деп атаған жаңа бағыт пайда болды. Ол негізінен дипломатия мен саясаттың, ең бірінші кезекте сыртқысаясаттың көрнекті құралдарын зерттеуге бағытталған және «даралық» әдіске тән «неміс тарихилығымен» байланысты болған дәстүрлі неміс тарихнамасына үлкен соққы болып тиді.

Семинар 8. Қазақстанның қазіргі тарихшылар буынының тарихнама ғылымына қосқан үлесі

Қазақстандағы тарихнама ғылымының дамуы, алғашқы орталықтары мен жетістіктері. Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтанда қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар.

Семинар 9 Қорытынды

Шетелдік тарихнама заманауи бағыттарының негізгі ұстанымдары. Қазіргі таңдағы қоғамтану гуманитарлық саладағы өтіп жатқан әр түрлі ғылыми пәндердің мамандану, ішкі жіктелу, топтастыру реинтеграциясы күрделі және қарама-қайшы үдерістері кәсіби сана алдына жаңа мәселелер қояды. Қандай да болмасы бір пәннің тарихы туралы көзқарастар әдетте дағдарысты сезіну күшейген уақытта үдей түседі. Ол ғылыми танымның тек қана жаңа мәселелеріне ғана емес сонымен қатар ғылымның өткеніне де қызығушылық тудырады. Сондықтан тарихты академиялық пән ретінде түсінуге ұмтылыс заңды болып табылады


Негізгі әдебиеттер:

  1. Соколов А.Б. Введение в современную западную историографию. Ярославль. 2002.

  2. Репина В.П., Зверьева В.В., Парамонова М.Ю.

  3. История историографического знания. М.2004.

  4. Румянцев М.Ф. Теория истории. М. 2002

  5. Историческая наука на рубеже веков. Под ред. Фурсенко А.А. М., 2001.

  6. Мир историка: ХХ век. Под.ред. Сахарова А.Н. М.2002

  7. Кроче Б. Теория и история историографии. М.1998

  8. Есмагамбетов К. Что писали о нас на Западе / К. Есмагамбетов.- Алма-Ата: Казак университеті, 1992.-

  9. Атабаев Қ. Деректану [Мәтін]: Оқу құралы / Қ. Атабаев.- толықтырылып 2-ші бас.- Алматы: "Қазақ тарихы", 2007.- 272 б

  10. Немецкие исследователи в Казахстане. [Текст]=Die deutschen forscher in Kasachstan. т.5.- Алматы: Санат, 2006.- 408 стр.;.- (История Казахстана в западных источниках XII-XX в.в.).

  11. Карр Э.Г. Что такое история? Рассуждения о теории истории и роли историка / Э.Г. Карр.- Алматы: Жеті жаргы, 1997.- 208с.; 16,8см.

  12. Дэвис Н. История Европы. / Н. Дэвис; Пер с англ. Т.Б.Менской.- Москва: АСТ, 2007.- 943 с.

7. Оқу, өндірістік, диплом алды практикаларды өткізу әдістемелік нұсқаулары



Практиканың негізгі міндеті – практика өткізілетін және өндірістік дағды мен әдістер меңгерілетін ұйымның, мекеме немесе кәсіпорынның жұмысын терең зерттеу негізінде білім алушылардың ЖОО-дағы оқыту процесінде алған теориялық білімдерін бекіту. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес педагогикалық практика қарастырылған.
Педагогикалық практика жалпы ғылыми, дидактикалық, әдістемелік, пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындықты біріктіруге бағытталған. Педагогикалық практика мамандықтардың оқу жұмыс жоспарына сәйкес психологиялық-педагогикалық, «Сабақ беріп көру», «Баланың мектептегі алғашқы күндері» секілді практикаларды қамтиды. Педагогикалық практиканың мақсаты жалпы ғылыми, мәдени, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін бекіту және тереңдету, сонымен қатар теориялық білімнің негізінде педагогикалық компетенцияны қалыптастыру. Бакалавр дайындаудың негізгі білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттердің өндірістік практикасы жоғары кәсіби білім беру бағдарламасының негізгі құрамы болып табылады. Өндірістік-педагогикалық практика студентке өз іс-әрекетін дербес жоспарлауды үйренуге, өзінен үлкен әріптестерімен қарым-қатынас қалыптастыруға және рөлдік кәсіби бағытты анықтауға мүмкіндік береді, жауапкершілік пен үлкен еңбек ұжымына тәуелділік сезімін қалыптастырады.Педагогикалық практиканың базалары қаланың жалпы білім беретін мектептері, инновациялық мектептер (мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер және т.б.). Күндізгі және сырттай бөлімнің студенттері практиканы кафедра тарапынан белгіленген орындардан өтеді.
Практиканың өту мерзімі оқу процесінің күнтізбелік кестесіне және оқу жоспарына сәйкестендіріліп жасалады. Практика мерзімдері студенттердің теориялық дайындығы мен практика базасының және университеттің оқу-өндірістік (академиялық күнтізбе мен оқу процесінің кестесіне сәйкес) мүмкіндігіне сай тағайындалады. Практика өтілетін орынға студенттерді тең бөлу үшін оқу топтарының практикасын оқу жоспарында көрсетілген практика мен демалыс кезеңдері бойынша кезектесу жолымен жүзеге асыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет