Қазақстан Республикасы Білім жєне ғылым министрлігі


Кіріспе сабақтар 2.Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі



бет35/45
Дата06.06.2023
өлшемі204,24 Kb.
#99189
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
АЗА ДЕБИЕТ▓Н О ЫТУ Д▓СТЕМЕС▓ Силабусс

1.Кіріспе сабақтар

2.Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі

3.Қорытынды сабақтар

Тапсырмалар: Көркем мәтінді талдау жолдарын ажырата отырып, мысалмен дәйектеңіздер. Мазмұндау түрлеріне байланысты мәтіндік мысал келтіріңіздер. Көркем мәтінмен жұмыс жүргізіңіздер. Абай өлеңдеріне әдеби талдау жасаңыздар. Абай өлеңдеріндегі жаңашылдық, Абайға дейінгі қазақ поэзиясында дәстүрлі болып қалыптасқан ұйқас, буын түрлеріне мысал келтіріңіздер. Қайталау, қорытынды, жинақтау сабақтары туралы әңгімелеңіздер.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]

Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар.Тақырыптар бойынша берілген сұрақтарды талдап, тапсырмада берілген жұмысты орындаңыздар.

14 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар

ХІІІ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

Сыныптан тыс жұмыстар(мерекелік датаға арналған әдеби шаралар, поэзия кештері, әдеби конференциялар, әдебиет үйірмесі т.б.)

Сыныптан тыс оқу

Факультативтік сабақ

Тапсырмалар: Оқушының әдеби тіл байлығын кеңейтуде сыныптан тыс және өз беттерімен істейтін жұмыс түрлерін атаңыздар. Сыныптан тыс оқу сабақтары жөнінде баяндаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]; 4.[1.7:22]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3.[1.7:10]

Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар.

15 семинарлық сабақ тақырыбы: Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика

ХІҮ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

Педагогикалық практиканың мақсат-міндеттері

Практикант студенттердің атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары

Тапсырмалар: Педагогикалық практика студенттерді мұғалімдік мамандыққа баулудағы жауапты кезең болып табылатындығын, студенттің университет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастыру екендігін дәлелдеңіздер. Студенттің мемлекеттік практикадан өту кезеңінде атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары жөнінде баяндаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:6]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:16]

Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар.


2.4. Лабораториялық сабақтар жоспары – қарастырылмаған.



2.5.Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.

Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тапсырма бойынша дәріс тезистерімен танысу. Оқулықтағы тақырып бойынша қажетті ғылыми еңбектерді оқу, қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алу. Мерзімді әдеби басылымдар және ғаламтор сайттарындағы дерек көздерін қолдану.

СОӨЖ өткізу түрі: 1. әңгімелесу; 2. қажетті әдебиеттерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беру; 3. берілген әдебиеттер бойынша конспект жасау; 4. ұсынылған тақырыптар бойынша реферат жазу; 5. күнтізбелік, тақырыптық және сабақ жоспарлары үлгілерін дайындау; 6. сыныптан тыс жұмыс үлгілеріне талдау жасау.

Апта І-ІІ. СОӨЖ 3 сағат

1 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні

Тапсырмалар: Әдебиетті ғылым және сөз өнері ретінде оқыту әдістемесінің дидактика, әдебиеттану, тарих, музыка, өзін-өзі тану өнері т.б. сабақтастығы. Педагогикалық психология мен оқыту әдістемесінің тоғысар тұстары.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:3]; 2. [1.7:4]; 3. [1.7:5]; 4. [1.7:6]; 5. [1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10].

2 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы

ІІ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Еуропаның білім беру жүйесі мен шығыстық дәстүрлі үлгі. Татар ағартушысы Исмаил Гаспыралы негізін салған жәдит мектептері.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:4]; 2. [1.7:5]; 3. [1.7:6]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10].

3 СОӨЖ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин – ағартушы ұстаз, тарихи тұлға

ІІІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Ы.Алтынсариннің таза қазақ мектептерін ашудағы еңбегі. Әдебиеттік оқулық жасаудағы «Қазақ хрестоматиясының»(1979) алатын орны. Хрестоматия материалдарының тәрбиелік-өнегелік жақтары.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:5]; 2. [1.7:6]; 3. [1.7:8]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:3]; 2.[1.7:4]; 3. [1.7:5]; 4. [1.7:14]

4 СОӨЖ тақырыбы: Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуы

ІҮ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: БКП(б) Орталық Комитетінің 1931-1932 жылдардағы «Бастауыш және орта мектептер туралы» қаулысы. 30-жылдардың екінші жартысындағы бағдарламалар мазмұны мен құрылысы. КСРО-да халыққа білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, дамыту мақсатындағы 1958 және 1985 жылдардағы мектеп реформалары.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:4]; 2. [1.7:5]; 3. [1.7:6]; 4. [1.7:8]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10]; 4. [1.7:14]

5 СОӨЖ тақырыбы: 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі бетбұрыс

Ү апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Оқытудың жаңа технологиялары. Әдеби білім берудегі модульдік жүйе, оның өзіндік ерекшеліктері. Ғылыми-әдістемелік басылымдардың мұғалім біліктілігін арттырудағы рөлі.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:1]; 2.[1.7:2]; 3.[1.7:3]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:11]; 2.[1.7:15]; 3.[1.7:16]; 4.[1.7:17]

6 СОӨЖ тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы

ҮІ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Базалық білім беру және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім беру принциптері(дамыта оқыту, сатылай, сұрыптай оқыту, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік т.б.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:8]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:1]; 2.[1.7:2]; 3.[1.7:14]

7 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи әдеби курсты жоспарлау

ҮІІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Күнтізбелік, тақырыптық және сабақ жоспарлары.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:9]; 2.[1.7:10]; 3.[1.7:11]; 4.[1.7:13]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:14]

8 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістері

ҮІІІ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Оқытудағы әдістердің алатын орны, қызметі. Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары(Скаткин, Лернер, Кудряшов т.б. ғалымдар ұсынған оқыту әдістерінің 5 түрлі жүйесі). Оқыту әдістері мен тәсілдерінің көптүрлілігі(проблемалап оқыту(М.И.Махмутов т.б.), саралап оқыту(И.Э.Унт т.б.), дамыта оқыту(Ю.Б.Элконин)).

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]; 4.[1.7:10]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:12]; 2.[1.7:14]; 3.[1.7:16]; 4.[1.7:17]

9 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиет пәнінің мұғалімі

ІХ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Мұғалім және оның әдеби білім берудегі орны. Әдебиеттегі оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, оқушылардың шығармашылығына жүйелі ықпал жасай отырып, оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін, образды ойлау, өзіндік ой-пікірін дамытып, ұғымды шешен сөйлеуге баулу. Әдебиетші мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын өлшемдер.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:5]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:13]

10 СОӨЖ тақырыбы: Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі

Х апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Мектепте берілген әдеби білімнің жалпы бағыт-бағдары, шеңбері, оқу аймағы оқушының жас ерекшелігіне, оқырмандық қабылдауына сәйкес белгіленетіні. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:8]; 2.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:13]

11 СОӨЖ тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту.

ХІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы. Мазмұндау, оның түрлері. Мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүргізілетіні. Проблемалық талдаудың оқушыны көркем туындының ішкі әлеміне бойлатудағы айрықша қызметі. Эпикалық, драмалық және лирикалық шығармаларды оқытудағы белгілі әдіскер мұғалімдердің кең тараған әдістемелік тәжірибелері.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:12]; 4.[1.7:15]; 5.[1.7:16]; 6.[1.7:17]; 7.[1.7:18]; 8.[1.7:19]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:14]; 2.[1.7:16]

12 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиет сабағы

ХІІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Қазіргі кездегі әдебиет сабағына қойылатын талаптар. Әдебиет сабақтарының ұйымдастырылуы жөніндегі еңбектерге шолу. Сабақта көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану мәселесіне арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерге шолу.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:21]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:6]; 2.[1.7:10]

13 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

ХІІІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Жазушы өмірбаянын оқыту. Шолу тақырыптарды оқыту. Сабақта әдеби-сын мұраларды пайдалану. Әдебиет теориясы мәселелерін оқыту. Жазушы өмірбаянын, шолу тақырыптарын, әдеби-сын мұраларды, әдебиет теориясы мәселелерін оқытуға қатысты еңбектерге шолу.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]

14 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар

ХІҮ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Мектеп оқушысына әдеби білім беру ісі сыныптан тыс оқу, сыныптан тыс жұмыстар арқылы да жүргізілетіні. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудың тәсілдері. Сыныптан тыс оқуға қатысты еңбектерге шолу. Факультативтік сабақты жүргізу әдістемесі.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]; 4.[1.7:22]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3.[1.7:10]

15 СОӨЖ тақырыбы: Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика

ХҮ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Әдебиет пәні бойынша өткізілетін апталықтар жөнінде баяндаңыздар. Республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдарда жарық көрген сыныптан тыс жұмыс үлгілері(музыкалық-композициялық кеш т.б.).

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:6]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:16]


2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.


Тақырып атауы

СӨЖ

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет