Ән-күй сабағының басты мақсаттары: оқушылардың музыка өнеріне деген практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыда дамыта білу, жеке бастың рухани негізін қалыптастыру. Мектептегі музыка пәні бағдарламасының мақсаты – музыка мен өмірдің байланысын ашып көрсетуге басты бағдар сілтесе, нота сауаты тікелей оны түсінуге септігін тигізу қызметін атқарады.
№22-билет
Педагогикалық менеджмент туралы ұғым. Мектеп басшыларының қызметі.
«Менеджмент» - ағылшын сөзі. Басқару деген мағынаны білдіреді. Ол ағылшынның «манус» , яғни «қол,күш» -деген сөзінен шығып ,алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ , ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген.Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып , адамдардың белгілі бір ұжымын, тобын басқарудың, ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болған.