Педагогикалық кеңес дегеніміз- білім беру ұйымындағы алқалы басқарма органы болып табылады. Педагогикалық кеңестің мақсаты – мектептегі ұстаздар қызметін жетілдіруді және оның сапасын арттыру.
Педагогикалық кеңес жоспары мынадай міндеттерді көздейді:
ұстаздар даярлау жүйесінің әдістемелік және ғылыми-теоретикалық сапасын арттыру;
оқу-тәрбие процесін жетілдіру жұмыстарына ұжым мүшелерін тарту;
шешімдерді алқалы түрде шығару және оны бірлесе отырып жүзеге асыру.
Мектептегі педагогикалық кеңес – білім беру ұйымының заңға сәйкес нормаланған қызметтерін жүзеге асыру мақсатында құрылған, педагогикалық ойды қалыптастыруға ықпал ететін диагностикалық орган.
Мектептегі педагогикалық кеңес жұмысының міндеті мен мазмұны.
Педагогикалық кеңес – білім беру ұйымдарында оқу процесінің негізгі мәселелерімен тұрақты жұмыс істейтін басты орган.
Мектептегі педагогикалық кеңес жұмысындағы ең басты мәселе – білім беру мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Білім беру ұйымындағы педагогтар ұжымының жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Педагогикалық кеңесте мектептің жұмыс жоспарларына талдау жасалып, бекітіледі; білім беру ұйымы қызметкерлерінің деректерін, есептерін тыңдайды.
Мектептегі педагогикалық кеңес нәтижесі бойынша білім алушыларды емтиханға жіберу туралы шешім шығарады.
Мектептің педагогикалық кеңесі құрамына мектеп директоры, оның орынбасарлары, педагогтар, психолог, әлеуметтік педагог мүшелікке кіреді.