Дидактиканың заңдылықтарының ерекшелігі – оқыту процесінің бөліктері- оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты тәуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез келген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.
Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.
Принцип-латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері- мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский.