2. Жаратылыстану әдістемесінің кенес дәуірінде дамуы
Ұлы Октябрь Социалистік революция тубірімен барлық халықтың білімдерді қайта құрды. Патшалық Ресейдің көптеген сословиялық ер балалар мен қыз балалардың біріктіріліп оқытылуы үшін арнайы еңбектін жалпы білім беру мектептерімен ауыстырды.
Осындай бірыңгай еңбек мектептері 2 турлі сатыға бөлінеді. Біріншісі 8 жастан 13 жасқа дейінгі балалар үшін, екіншісі – 13 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін. Мұндай мектеп өмірінің негізі ретінде қоғамға қажетті өнімді еңбек көрініс береді. Бұл оқытумен тығыз байланысты журеді. Үздіксіз күрделене отырып, енбек балаларды өндірістің әртүрлі формалырмен танысыруда.
1920 жылы жылы мектептің жаңа оқу жоспары жасалынды, бұл жоспардың мәселесі оқушыларды жаңа заманғы ғылымның деңгейіндегі білімдерімен камту, мұнда табиғат және қоғам жөніндегі ғылымды оқытуға көп уақыт бөлінген.
Мектептегі білімді жаңа революциялық дәуірдің міндеттеріне сәйкестеп жетілдірудегі маңызды рөлі ағарту ісінің халықтық комиссариатының Мемлекеттік оқу советінің бағдарламаларда белгіленді.
Бұл бағдарламаларда ең негізгі назар адамдардың еңбек кызметіне адамның табиғатқа әсеріне, табиғи күштерді қоғамдық мақсатарға бағындыру негіздеріне аударлды. Осы бағдарамада усынылған оқушыларды оқытудағы комплекстік тәсілдер тек қана табиғаттануды оқытудың мазмұнына емес, сонымен бірге табиғаттануды қалай оқыту керектігіне әсер етті. Табиғат барлық қолған материалдармен байланысты оқытылды, өйткені тап осындай табиғаттануда жекелеген пәндер болмады. Табиғатты оқытуда 2 түрлі тәсіл басымдық көрсетеді; олар: еңбектік және топсаяхаттық.
Сонымен бірге мектеп, оқушылардың білімі мен еңбек тәрбиесіндегі мәселелерді шеше отырып, жалпы білімберетін білімдердің қажетті мөлшерін бермеді. Сондықтан, 1931 жылы ЦК ВКП (б) “Бастауыш және орта мектеп туралы” қаулыны қабылдады, мұнда мектеп жұмысындағы жеткіліксіздіктер көрсетіліп және оларды жөндеудегі жолдар да көрсетілген. Бұл қаулы және осыдан кейінгі 1932 жылы 25 тамыздағы “Бастауыш және орта мектептептердегі оқу бағдарламалары мен режимдері жөніндегі” қаулы бастауыш мектептеріндегі жұмыстарды қайта құру үшін маңызды да шешуіші роль ойнады. Өйткені бұл қаулылар одақтық республикалардың наркомпростарына бағдарламаларды ғылыми тұрғыдан өңдеу мен оқулықтарды құруды уйымдастыруды міндеттеп отырды, яғни бұлар кәсіби білімді алуға дайындықты қамтамасыз ететін әрбір пәндер бойынша жүйелі білімдердің көлемін айқын, дәл анықтауды көздеді. Бағдарламалар мен оқулықтарда басты назар политехникалық білімге аударылуы керек, яғни бұлар теория мен практика жүзінде оқушыларды өндірістің басты басты салаларымен таныстырып, оқыту процесін өндіріс еңбегімен тығыз байланыс жүргізу керек
1984 жылы “Жалпы білім беру және кәсіби мектептер реформасының негізгі бағыттары” басылып шықты, мүның мақсаты мектеп қызметінде жинақталған негативті қубылыстар мен маңызды кемшіліктерді жою
Осы реформаның негізгі бағыттарына сәйкес орта жалпы білім беру мектебі 11 – жылдық жүйеге көшті.
Мектеп реформасы оқытудың әдістері мен тәсілдерінің жаңа формаларын өңдеуді, жаңа бағдарламалар қуруды талап етті.
Осыған байланысты әдістемелік ғылым алдында тоқтаусыз шешімдерді талап ететін мәселелер турды. Бүл мәселелерге: жаңа оқылықтар тудыру, табиғаттануды оқыту процесінде оқушыларды комплексті түрде тәрбиелеу, табиғатқа жауапкершілікті қатынысты қалыптастыру, табиғаттануды оқыту процесінде төменгі сынып оқушыларының белсенділігін дамыту негіздері жатады
Достарыңызбен бөлісу: |