Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) ұлы әдістемеші, және бастауыш оқыту оқушыларының логикалық ойлауын, қиял елестері мен тілдерін дамыту үшін бастауыш сыныптарындағы жаратылыстану мен географияны оқытуға аса мән берді.
Герд Александр Яковлевич (1841-1888) ғылым ретіндегі жаратылыстанудың ресейлік әдістемесінің негізін қалаушы, муны ол К.Д. Ушинскийдің дидактикалық жуйесі мен дарвинизм идеясының негізінде өңдеді.
А.Я. Герд - осы күнге дейін өзінің әдістемелік мәнінен айрылмаған бастауыш сыныптарында табиғатты зертеудің жүйесін өңдеді. Ол 2-3 сыныптар үшін “Мир божий” деген оқулықты жазды, ол екі бөлімнен тұрады. Ал оқытушылар үшін “Предметные уроки в школе” (1883), деп аталатын әдістемелік оқу құралын жазды. Мұнда ол балаларды бастауыш жаратылыстану білімдеріне қалай уйрету керек жөнінде, қандай оқу құралдарды пайдалану керектігін, және бақылау мен тәжірибелер жүргізу арқылы балалар қандай тужырымға келетіндігі жөнінде түсініктеме берілген.
А.Я. Герд өзінің көзқарастары мен өзі өмір сурген уақытының мектебіндегі жаратылыстану оқыту алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді тұжырымдай отырып, сол уақыттағы прогрессивті талаптарға сәйкестендіріп мектептегі жаратыластану оқыту әдістемелердің негізгі мәселелерін шеше отырып, оны педагогикалық ғылым ретінде көрсеткісі келді. Сондықтан А. Л. Герд бастауыш жаратылыстану оқыту ресейлік әдістемесінің негізін құрушы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |