Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министірлігі


Курстың тақырыптық жоспары



бет6/70
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#18446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
О У дістемелі кешен «Бастауыш мектептегі д ниетану п нін о ыту

.Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы: 3 кредит



Тақырып атауы

Лек.

Лабор

СОӨЖ

СӨЖ

1. «Дүниетану оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің мақсаты мен міндеті

4

2

2

2

2.Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесінің даму тарихы, кезеңдері

4

2

2

4

3. Дүниетану пәнінің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі


4

2

7

7

4. Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудегі оның тұлғалық қасиеттерін дамытудағы оқу пәнінің рөлі


2

2

2

2

5. Оқушының пәндік компитенттілігін қалыптастыру.

2

1

2


4

6. Оқыту әдістері, тәсілдері


4

2

10

4

7. Оқыту нысандары, сабақ түрлері


4

1

10

10

8. Материалдық база. Сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері


2

1

4

4

9. Оқушы білім-білігі, дағдысын тексерудің жолдары

2

1

4

4

10. Кіші комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері.


2

1

2

4

Барлығы (сағат)

30

15

45

45


Сырттай оқу бөлімінің тақырыптық жоспары

Барлығы:: 3 кредит






Тақырып атауы

Лекциялар

Лаб.

СОӨЖ

СӨЖ













1

«Дүниетану оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің мақсаты мен міндеті

4

2

2

2

2

Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесінің даму тарихы, кезеңдері

4

2

2

4

3

Дүниетану пәнінің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі


4

2

7

7

4

Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудегі оның тұлғалық қасиеттерін дамытудағы оқу пәнінің рөлі

2

2

2

2

5

Оқушының пәндік компитенттілігін қалыптастыру.

2

1

2

4

6

Оқыту әдістері, тәсілдері


4

2

10

4

7

Оқыту нысандары, сабақ түрлері

4

1

10

10

8

Материалдық база. Сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері


2

1

4

4

9

Оқушы білім-білігі, дағдысын тексерудің жолдары

2

1

4

4

10

Кіші комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері.


2

1

2

4




Барлығы (сағат)

30

15

45

45



Лекциялық сабақтардың тезистері

Тақырып №1. «Дүниетану оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің мақсаты мен міндеті (4 сағат)

  1. Әдістеме аңықтамасы және оның тақырыбы мен міндеттері.

  2. «Дүниетану» оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері.

  3. «Дүниетану» оқыту әдістемесінің методикалық негізі.

  4. Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы

1.Әдістеме аңықтамасы және оның тақырыбы мен міндеттері.

«Дүниетану» мен жалпы жаратылыстану әдістемесін оқыту,- педагогикалық ғылымының дамуына сай және қоғамның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі талаптарына, сонымен қатар жаратылыстану барысын және оның мақсатын, әдісін зерттейді.

Мектеп оқушыларына жаратылыстануды оқытуда, мұғалім оларды білім, білік, дағдыларды жарақтандырып қана қоймайды, білімді жалғастыру үшін керек және іс жүзіндегі қызметімен, сонымен бірге олардың көзқарасын, еркін, мінезін қалыптастырады, ақыл - қабілетін және т.б. дамытады.

Сондықтан қазіргі оқыту әдісетемесі жаратылыстануды органикалық тарау және тәрбиелік құрал ретінде оқыту барысында зерттейді және тексереді. Осы мағынада оқыту әдістемесі тәрбие процесінің құбылысын зерттейді, бәрін емес, тек жаратылыстануды оқыту процесінде орын алатындарын айтуға болады.

Оқыту процесінде өзара тығыз байланыстағы бөлімдер:


  1. оқу пәні,

  2. оқыту (білім, білік, дағдыларды және оқушының дамуын қамтамасыз ету бағытындағы оқытушының қызметі),

  3. оқу (білім, білік, дағдыларды меңгеруден тұратын оқушының қызметі).

Сондықтан оқыту әдістемесінің міндетіне мыналар кіреді:

1) оқу пәнінің мазмұнын анықтау,

2)оқыту тәсілі мен соған қажетті жабдықтарды ұйымдастыру әдісін зерттеу,

3)оқылатын оқу материалдарын балалардын меңгеру нәтижесін және процесін үйрену,



  1. өзара барлық осы оқыту элементтерімен жағдай табу, тәрбие процесіндегі мақсаттарды оқытуда барынша жүзеге асыруға көмек беретін заңды байланыстарын ашу жатады.

Оқыту әдістемесі тек бейнелеп және оқу құбылысын түсіндіріп қана қоймай, сонымен бірге, балаларға «Дүниетануды» ойдағыдай оқытуда басшылыққа алатын мұғалім қағида үстануы тиіс. Тек осы жағдайда оқыту әдістемесі тәжірибеге жол көрсететін алдыңғы оқыту теориясымен қамтамасыз ететін мұғалімге басшылық бола алады. (Скаткин М.Н., 1992.).

2. «Дүниетану» оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері

Әдістеме педагогикалық ғылым ретінде, педагогикада да қолданылатын зерттеу әдістерін қолданады. Зерттеуші – әдістемеші нәтижесінде «Дүниетану» зандарың, принциптерін және ережесін оқытуда, мектепте жаратылыстануды оқыту барысында байқалған фактілерді, құбылыстар арасындағы заңдылықты талдайды және салыстырады (Скаткин М.Н,1992)

Көптеген әдістемелік проблемаларды шешу үшін, бастауыш мектепте оқыту – тәрбиелік процестің нақты жағдайын, немесе көпшілік оқытушылар тәжірибесін білудің маңызы бар.

Оқытушылар тәжірибесін зерттеуде жетекші әдіс педагогикалық бақылау болып табылады, зерттеуші педагогикалық процесті бақылай отыра, оқытушының үйретудегі теориялық жетістігін және әдеттегі қателерің табады. Жиналған материал қорытылады, теорияда байыпталады және ғылым игілігі болады.

Мектептегі көпшілік тәжірибесін білу үшін мынандай әдістер қолданылады, кеңесу, оқушылардың жұмысын жазбаша түрде тексеру, мектеп құжаттарын білу, әдетте қойылған мақсаттарға үйлестіре және байланыстыра қолданылады. Ол үшін тәжірибе білудің мақсаттарын айқын белгілеу, оқытушыға оқу жоспарын құру және т.б. анкета дайындау қажет.

Методикалық зерттеуде айрықша орынды математикалық және статистикалық әдіс алады. Олар есеп негізінде және статистикалық мәліметтер негізінде, күрделі өзара педагогикалық құбулыстарды айқындайды және түсіндіреді (мысалға оқушылар мен сол сияқты білім деңгейінің құралдары, әдістемелер арасындағы өзара қатынасын).

Ортадағы орынды осы барлық әдістер арасында педагогикалық тәжірибе алады – арнайы ұйымдастырылған тексеру сол немесе басқа әдісті және оның әсерін айқындау мақсатымен жұмысын және тиімділігін қарайды. Жаңа педагогикалық тәжірибе құруға бағытталған тәжірибе, бұл жерде басты рольді зерттеушінің өзінің атқаруы заңды.

Тәжірибеге кіріспес бұрын, зерттеуші әдебиетті игеру негізінде және мектеп жұмысындағы тәжірибесінен, басты зерттеудің проблемасын анықтайды және ғылыми болжамын ұсынады. Ғылыми болжам – бұл сол немесе басқа тәжірибеде ғылыми негізде нәтижелі тексерілетін жаңалық.. Шындығында тәжірибе ғылыми болжамды дәлелдеу үшін жасалады.

Зерттеуші қалыптағы ғылыми болжам негізінде нақтылы мақсаттарды зерттейді және әдістерді таңдайды.

Тәжірибе өткізудің басты шарты тәжірибелік материалды ұсынылған болжамға сай дайындау, дидактикалық материалдарды, оқулық мәтіндерін, көрнекі оқу құралдарын, сұрақтар мен тапсырмалар оқушылар үшін тексеріс тапсырма дайындау керек.

Педагогикалық тәжірибе сыныптың екі тобында өткізіледі: тәжірибелі және бақылаулы. Біріншіден – жаңа оқыту әдістерінің нәтижелілігі тексеріледі немесе жаңа білім элементтері кіреді, екіншіден – оқыту өзгеріссіз жүзеге асырылады. Бұл жағдайда: тәжірибелік және бақылау сынып оқушыларының қабілеттері мен дайындық деңгейлері жобамен тен болуы тиіс шарты сақталады.

Педагогикалық тәжірибе өткізе отыра зерттеуші көбіне бірге психологиялық бақылау және психологиялық тәжірибе әдістерін қолданады, оған төменгі сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға тәжірибеге тексеріс жүргізу барысында, ұсынылатын жаңалық және осы негізде мақсатқа лайықты оның оқу – тәрбие процесін шешуге қолдануға болатындығын анықтайды.

Зерттеуші әдістемесінің соңғы кезеңі болып, құрылған қорытынды және нәтижені іс – жүзінде қолдануы, ауқымды тексеруден өтетін тәжірибесінде оқыту қорытындысы мен ұсыныстың анықтығын өсіреді.

Зерттеудің әдістеме қисынының схемасы осындай, ғалымдар ұстанатын және студентердін курстық, дипломдық жұмыстарына жататын «Дүниетану» оқыту әдістемесіне ұстанатын негізі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет