№ 1 Дәріс Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұймдастырушылық нысандары.
Дәрістің мақсаты: кәсіпкерлік түсінігі, кәсіпкерлік қызметтің нысандары мен негізгі түрлері бойынша жалпы мәлімет беру
Дәріс жоспары: Кәсіпкерліктің мәні және функциялары.
Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық нысандары
Кәсіпкерліктің мәні және функциялары.
Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік түсінігін алғаш рет ағылшын экономисті Ричард Контильон ХҮІІ ғ-ХҮІІІ ғасырдың басында енгізген. Оның пікірінше, кәсіпкер- тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге асыратын адам.
Ағылшын экономист-ғалымы А. Смиттің пікірінше кәсіпкер- капиталдың меншік иесі бола отырып, белгілі бір коммерциялық идеяларды жүзеге асыру және пайда табу үшін тәуекелге баруы. Кәсіпкер өзі жоспарлайды, өндірісті ұйымдастырады, оның нәтижелеріне иелік етеді.
Француз экономисті Ж.Б. Сэй кәсіпкерлік қызмет негізгі үш өндіріс факторының яғни жер, капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді.
Француз экономисті А. Маршалл жоғарыда атап өткен үші өндіріс факторына (жеп, капитал, еңбек) төртінші фактор ретінде ұйымдастыруды қосты.
Танымал американдық ғалым Й. Шумпетер кәсіпкер түсінігін «новатор» ретінде сипаттайды. Кәсіпкер-жаңа технологияларды әзірлейтін новатор. Й. Шумпетер өндіріс факторларын жаңаша үйлестірудің төмендегі бес түрін бөліп көрсетті:
Жаңа тауарды немесе қызмет түрін дайындау не болмаса оларды жаңа сапада жасау;
Жаңа ғылыми жетістіктер негізінде өндірістің жаңа әдістерін енгізу не болмаса сәкес игіліктерді коммерциялық пайдаланудың жаңа тәсілін ойлап табу;
Жаңа өткізу нарықтарын ашу;
Шиткізаттың жаңа көзін немесе түрін пайдалану;
Кәсіпкерлік құрылымдар қызметін ұйымдастырудың жаңа қағидаларын енгізу.
Функция – қатынастық жүйеде субъектілер мен объектілердің (жекелеген тұлғалардың, топтардың, ұйымдардың, институттардың, жүйелердің) сыртқы айқындалуы мен оның іске асуындағы нұсқа. Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен даму үрдісіндегі кәсіпкерлік келесі функцияларды атқарады: жалпы экономикалық, шығармашылықты-ізденушілік, ресурстық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық. Кәсіпкерлікке кәсіпкерлік қауымдастық жүзеге асыратын саяси функцияларды және инновациялық функцияны жатқызуға болады. Әр функцияны қарастыратын болсақ.