Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет42/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60
Байланысты:
сөйлеу

өйле eтicтігі «туралы», «жөнiнде» септеулiктерi арқылы төлеу сөзді жеткізуде қолданылады;

- сөйле етістігі сөйлемнiң соңында тұрып баяндауыш ретiнде, сондай-ақ күрделi eтicтік құрамында дербес қолданылады;

- сөйле етістігі негiзгi сыңар бола отырып, сөйлеу әpeкeтінің қашан, қандай жағдайда және қалайша жүзеге асатындығын бiлдiретiн сын сипатындағы дара мағыналы немесе лексикалық түйдектi мaғыналы сөздермен тіркесіп, дара сөз тіркестерін, күрделі сөз тіркестерін жасайды.

«Сөйлеу етістіктері жасалуының аналитикалық тәсілі» және «Есім негіздерінен немесе басқа сөз таптарынан жасалған сөйлеу етістіктері» тараушаларында қазақ әдеби тілінде сөйлеу етістігінің аналитикалық тәсілмен жасалуы тілде басым орын алатындығы айқындалды. Сөйлеу етістіктері көсемше аффикстерін жалғай отырып, мына көмекші етістіктермен тіркесетіндігі мысалдар арқылы ашылды.

Сөйлеу атауы мағыналы есім негіздер белгілі бір толық мағыналы етістіктермен және көмекші етістіктермен тіркесе отырып, айтылу процесін білдіреді де, сонымен бірге оларға түрлі модальдық-эксрпессивтік реңк беретіндігі көрсетілді.

Сөйлеу етістіктерінің белгілі бір бөлігін -ла, -ле, -да, -де аффикстерінің жалғануы арқылы есім сөз таптарынан туынды негіздер құрайтындығы мысалдар арқылы дәлелденді.



Сөйле, айт, де етістіктерінің синонимдік қатар құруы тараушасында айт, сөйле, де етістіктерінің синонимдік табиғаты сараланды. Жалпы алғанда, аталған сөйлеу мәніндегі етістіктердің өздеріне тән мағыналық жақтары мен синонимдік қатар құру қабілеттілігі бар. Бұларды тек мағыналық жақтарынан контексте дұрыс ажырата білу қажет екендігі көрсетілді.

Зерттеу жұмысының екінші тарауында сөйлеу етістіктерінің сөйлемдегі қызметі ашылды. Сөйлеу мәнді етістіктер сөйлемде бастауыш, баяндауыш қызметінде жұмсалады, сонымен қатар, тұрлаусыз мүшелердің де қызметінде жиі жұмсалатындығы көркем әдебиеттерден алынған тілдік материалдар арқылы талданды.

Осы тараудың “ Сөйлеу мәнді етістіктердің құрмалас сөйлемге қатысы” тарушасында сөйлеу мәнді етістіктердің құрмалас сөйлем құрудағы қызметі көрсетілді. Сөйле, айт, де етістіктерінің семантикасы жан-жақты талданды. Сөйлеу мәнді етістіктер өз алдына үлкен семантикалық топ құрайды.

Қорыта айтқанда, сөйлеу етістіктері сөйлеу әрекетін ғана білдіріп қоймайды, сөзді жеткізу сипатын немесе тәсілін анықтайды, сөйлеу объектілерін олардың айтылу тұлғасына назар аудара отырып атайды. Сонымен, қазақ тіліндегі сөйлеу етістіктері ерекше семантикасымен, сондай-ақ сөздердің лексика-грамматикалық жеке топтары жөнінде тұжырым жасауға мүмкіндік беретін бірқатар морфологиялық және синтаксистік белгілерімен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет