Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет20/64
Дата21.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#26039
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 6, 8, 11, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 20, 
21] 
Қосымша  әдебиет:  [38,  45,  46,  47,  48  Интернет 
материалдары 49, 53, 54, 55, 57, 58] 
 
15- 
ші 
тақырып. 
Ортақ 
болашағы 
бар 
ұлттың 
қалыптасуы 
 
«Мәңгілік  Ел»  идеясы  қазақ  халқының  ата-бабаларынан, 
яғни көне түркілік заманан тарихи сабақтастық арқылы жалғасып, 
бүгінгі  Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасына  дейін  жеткен  ұлы 
мұратымыз  және  ұлттық  идеямыз.  Мемлекет  пен  қоғам 
көшбасшылары  елдің  ішкі  және  саяси  жағдайы  тұрақты  болып, 


95 
 
рухани  және  материалдық  жетістіктерге  жеткен  халықты  ортақ 
мақсатқа  бастайтын  жалпыұлттық  идеялар  тауып  отырған. 
Қазақстан  халқы  үшін  осындай  ұлттық  идеяны  2014  жылы  17 
қаңтарда  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  - 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  жолы  -  2050:  Бір  мақсат,  бір 
мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауының» 
жариялады.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  бұл  Жолдауда  қазақ 
ұлтын биік мақсаттар мен армандарға жетелейтін күш - «Мәңгілік 
Ел» ұлттық идеясы болатынын былай деп жеткізді: «Мәңгілік Ел - 
ата-бабаларымыздың  сан  мың  жылдан  бергі  асыл  арманы.  Ол 
арман  -  әлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас  құрып,  әлем 
картасынан  ойып  тұрып  орын  алатын  Тәуелсіз  Мемлекет  атану 
еді.  Біз  армандарды  ақиқатқа  айналдырдық.  Мәңгілік  Елдің 
іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты 
ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол  - Мәңгілік 
Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына 
қол  жеткізді.  Біз  еліміздің  жүрегі,  тәуелсіздігіміздің  тірегі  - 
Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - 
Мәңгілік Ел. Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары 
-  «Қазақстан-2050»  Стратегиясының  түп  қазығы  етіп  алдым!»,  - 
деп  еліміздің  тарихында  жаңа  рухани-мәдени  және  қоғамдық- 
саяси жаңғыру кезеңінің басталғанын жариялады. 
Жолдаудағы  басты  жаңалық  -  тұңғыш  мемлекеттік  ресми 
жалпыұлттық  идеясының,  яғни  «Мәңгілік  Ел»  идеясының 
жариялануы  болды.  Жолдаудың  Қазақстан  Республикасының 
қоғамдық-саяси  және  әлеуметтік-экономикалық  өмірі  үшін 
маңызы  өте  зор  болды.  Қоғамдық  сананың  жаңғыруына  қуатты 
серпіліс әкеліп, дамудың жаңа сатысына шығуына себебін тигізді. 
«Мәңгілік  Ел»  идеяcының  мақсаты  -  халықтың  әл-ауқатын 
жақсарта  отырып,  ынтымағын  арттыратын,  елді  дамудың  жаңа 
сатысына  жетелеп,  халықаралық  жағдайда  Қазақ  елінің  абырой- 
беделін  арттырып,  бейбітшілікті  жақтайтын  мемлекет  ретінде 
таныту  болып  табылады.  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясы 
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы заңға енгізілді. 
Мәңгілік  Ел»  идеясы  -  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы 
армандаған  ұлттық  тұжырымы,  түйіні,  ұраны.  Бұл  тұжырым 
халқымыздың  Тәуелсіздік  жолындағы  азаттық  күресі,  жан 


96 
 
қиярлық  тынымсыз,  шығармашылық  еңбегі  арқылы  қол  жеткен 
асу. «Мәңгілік Ел» ұғымының тарихи негіздерін түсіндіруді көне 
түрік  мұраларын  оқып  үйренуден  бастаған  дұрыс.  Мәңгілік  Ел 
идеясының  қалыптасуы  мен  даму  кезеңдерін  көрсету  арқылы 
оның  Елбасы  ұсынған  ұлттық  идеяның  тұғыры  екендігін 
айқындау. Бұл мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешу керек: 
-  Түрік  қағанаты  дәуірінен  бастап,  тарихи  жазбаларындағы 
(Күлтегін,  Тоныкөк,  Білге  қаған  т.б)  кездесетін  Мәңгілік  Ел 
идеясының мәнін ашу; 
-  Қазақ  хандығы  құрылуы  және  ортағасырлық  дәуірдегі  осы 
идеяның жалғасқандағын дәлелдейдін шығармаларды сипаттау; 
-  Ресей  империясының  отаршыл  құрамында  болған  қазақ 
халқының  атақты  тарихи  тұлғаларының  еңбектеріндегі  азаттық, 
еркіндік  идеяларының  насихатталғаннын  және  сол  болған  ұлт- 
азаттық күрестердің мәнін көрсету; 
-  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  ХХ  ғасырдың  басындағы 
қазақ 
демократиялық 
либералдық 
интеллигенцияның 
енбектеріндегі 
ұлттық 
мүдде 
тәуелсіздік 
идеясының 
жалғасқандығын  түсіндіру; 
-  Мәңгілік 
Ел 
ұлттық 
идеясының 
жас 
ұрпақты 
Отансүйгіштікке тәрбиелеудегі мәнін талдау; 
-  Мәңгілік  Ел  идеясы  туралы  жастардың  шығармашылық 
ойлау қабілетін, танымдылық белсенділіктерін дамыту, және осы 
идеяға қызығушылығын арттыру; 
«Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуірдің 
сынынан  сүріндірмей  жеткізген  тұғырлы  идея.  Тамырын  тереңге 
жайған  Қазақ  елі  үшін  Мәңгілік  Ел  идеясы  заңдылық,  себебі, 
мұның  аясында  қазақ  халқының  мыңдаған  жылғы  дүбірлі 
тарихынан,  Тәуелсіздік  жылдары  жүріп  өткен  даңғыл  жолынан, 
бүгінгі  нақты  атқарылған  істер  арқылы  қол  жеткізілген 
жетістіктерінен  туындаған  ұлттық  идея  жатыр.  Әлемдік 
тәжірибеге  жүгінсек,  кез-келген  ел  өз  дамуының  белгілі  бір 
жетістікті кезеңіне жеткен кезде ұлттық идеясын қалыптастыруға 
деген  қажеттілікті  сезінеді.  Бүгінгі  күні  елімізде  болып  жатқан 
түбегейлі 
өзгерістер, 
мемлекетті 
дамытуға 
бағытталған 
тұжырымды қадамдар жасампаз әрекеттерге жетелеп отыр. 


97 
 
Ұлттық  идеяның  негізгі  бастау  көзіне  Орхон-Енисей 
ескерткіштеріндегі  Күлтегін,  Білге  қаған,  Тоныкөк  бітік 
тастарында  жарияланған  –  Түрік  қағанатының  мемлекеттік 
тәуелсіздік  актісі  –  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  саяси  манифесі 
жатады.  «Мәңгілік  Ел»  дегеніміз  -  мемлекеттің  ғасырлар 
тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік 
қорғаныс  саясатын  ұстану  деп  түсінуге  болады.  Осындай  тарихи 
тұжырымдаманы айтқан қазақ халқыныңы ата-бабалары - тарихи 
тұлғаларды білген жөн. 
2016 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 
ХХІV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел патриоттық актісі» 
Қазақстан  халқын  «Мәңгілік  Ел»  құру  жолында  қуатты  серпіліс 
жасауға, қоғамдық келісімді нығайтудың өзегіне, бүкіл қоғамның 
мүдделері  мен  ұмтылысын  біртұтас  тұрғыда  бекемдеу  құралына 
айналды. 
«Мәңгілік  Ел  патриоттық  актісінің»  жеті  құндылығы 
қазақстандықтардың Тәуелсіздікті нығайтуға, еркін де өркендеген 
елде  өмір  сүруге  ұмтылысын  -  ортақ  мақсатын,  ортақ  мүдделері 
мен  ортақ  болашағын  біріктіреді.  Қазақстанның  еңбек  сіңірген 
қайраткері,  профессор  Серік  Негимов:  «Елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаев  «Мәңгілік  Ел»  атты  жалпыұлттық  бағдарламасының 
ішкі мазмұнын, сырын, рухын, басты шарттарын жіліктеп-жіктеп, 
пайым-парасатпен 
толғап, 
«Қазақстан 
Республикасының 
Тәуелсіздігі  –  Мәңгілік  Елдің  Ұлы  тарихы»,  Тәуелсіздіктің 
өмірлік  философиясы  –  Мәңгілік  Ел»  және  де  осыбір  алтын 
идеяның  өзегінде  «тарихтың,  мәдениеттің,  тілдің  бірлігі»  де 
жарқын көрініс табары сөзсіз деп қадап айтты, қасиетті ұғымның 
түп-төркінін нақтылып берді». 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  көшбасшылығымен  жаңа 
Қазақстанның 
тарихын 
жазудың 
биік 
мәртебесі 
мен 
жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді. Елбасының маңына 
топтасу  арқылы  біз  ұлы  жетістіктерге  толы  жолдан  өттік  және 
бүгінде  өзімізді  Тәуелсіз  Қазақстанның  –  қуатты  әрі  табысты 
мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз. 
«Мәңгілік  Ел  патриоттық  актісінің»  құндылығы  мынадай 
мызғымас жеті құндылықтардан тұрады. 
1.  Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана. 


98 
 
Біз  Тәуелсіздікті  нығайтудың  тарихи  ұлы  миссиясына  адал 
боламыз.  Біз  Астананы  халқымыздың  гүлденуі  мен  қуатының 
жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз. 
2.  Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. 
Біздің  Отанымыз  бір,  ол  –  Тәуелсіз  Қазақстан,  біздің  еліміз 
бір  –  тағдырымыз  ортақ.  Бейбітшілік  пен  келісімнің  ұлы  ісіне 
адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады. 
3.  Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият. 
Азаматтық  және  рухани  құндылықтардың  бірлігі  бізге  өз 
жолымызды  табуға  және  өзімізді  бүкіл  әлемге  мәшһүр  етуге 
мүмкіндік  берді.  Біз  еліміздің  бірегей  рухани  келбетін 
айқындайтын  діндер  мен  өркениеттердің  жаһандық  үнқатысуын 
одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз. 
4.  Индустриаландыру  және  инновация  негізінде  тұрақты 
экономикалық өрлеу. 
Біз  мемлекеттің  индустриялық  және  инновациялық  күш- 
қуатын  дамытып,  табиғи  ресурстар  мен  қоршаған  ортаға 
ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін  елдің 
зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз. 
5.  Жалпыға ортақ еңбек қоғамы. 
Елдің  барлық  табыстары  мен  жетістіктері  –  барша 
қазақстандықтардың  күн  сайынғы  қажырлы  еңбегінің  нәтижесі. 
Біз  елдің  әрбір  азаматының  жасампаздық  әлеуетін  жүзеге  асыру 
үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, 
Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз. 
6.  Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы. 
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз. Біз 
Қазақстан  халқының  мәдени  әралуандығын  арттыра  түсеміз.  Біз 
мемлекеттік  тілді  қоғамды  біріктірудің  негізі,  үштілділікті  Елдің 
бәсекеге  қабілеттілігінің  басты  шарты  ретінде  дамыту  қағидатын 
ұстанатын боламыз. 
7.  Ұлттық  қауіпсіздік  және  Қазақстанның  жалпы  әлемдік 
және  өңірлік  проблемаларды  шешуге  жаһандық  тұрғыдан 
қатысуы. 
Ұлттық  қауіпсіздікті  нығайту  әрбір  азаматтың,  өз  елі 
патриотының  қасиетті  парызы  болып  саналады.  Бейбітшілік  пен 
келісім  идеясын  ілгерілете  отырып,  еліміздің  халықаралық 


99 
 
аренада мойындалған беделін  нығайта түсетін боламыз. Мәңгілік 
Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз. 
Бүкілқазақстандық 
бірліктің 
бірегей 
моделін 
қалыптастыруда  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  (ҚХА)  маңызды 
рөл  атқарады.  ҚХА  басты  міндеті  мемлекеттік  ұлттық  саясатты 
іске  асыру,  Қазақстан  Республикасындағы  қоғамдық-саяси 
тұрақтылықты  қамтамасыз  ету,  мемлекеттік  және  азаматтық 
қоғам  институттарының  этносаралық  қатынастар  саласындағы 
өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады. 
Мемлекет  мәртебесін  өсіріп,  ұлт  абыройын  асқақтату 
жолында  Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті-Елбасы  Н.Ә. 
Назарбаев  ел-жұртын  өрге  сүйреп,  өзінің  өміршең  ойларымен, 
жаңашыл  бастамаларымен,  ұтымды  саясатымен  тәуелсіз 
мемлекеттің  нығайуына  және  халықаралық  аренада  беделді 
позицияда  орналасуына  қол  жеткізді.  «Мәңгілік  Ел»  мұраты 
зайырлы  қоғам  құру  болып  саналады.  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық 
идеясын  қабылдап,  бәсекеге  қабілетті  30  елдің  қатарына  енуді 
2050-стратегиясының  басты  міндеті  санаған  Елбасы  Н.Ә. 
Назарбаевтың атқарған еңбегі қазақ тарихының алтын  беттерінде 
жазылады. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  2017  жылдың  12  сәуірінде 
Қазақстан  халқына  жариялаған  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру» 
атты 
бағдарламалық 
мақаласын 
жариялады. 
Елбасының  мақаласында  қазіргі  Қазақстанның  басты  рухани 
құндылықтары  айқын  көрініс  тапқан.  Елбасының  стратегиялық 
міндеттерді  шешудің  жолдарын  көрсеткен  мақалада  Қазақстан 
халқының  ХХІ  ғасырдағы  рухани  жаңғыру  бағдарламасы  нақты 
айтылады.  Жаңа  дәуірдегі  қоғамдық  сананы  жаңғырутудың 
жолының алты бағдарын ұсынған. 
Мемлекет  басшысының  мақаласы,  бұл  –  ең  алдымен  XXI 
ғасырдағы  шынайы  өмірдегі  ұлттық  сананы  білдіретін  және 
қоғамда қалыптасқан сананы өзгерту жолындағы дүниетанымдық 
мақала.  Елбасымыз  бұл  жаңғырудың  негізгі  қызметі  мен 
ерекшеліктеріне  ой  жүгіртіп,  бұл  жаңғырудың  маңыздылығына 
тоқталды.  Саяси, экономикалық  реформаларда  тәуелсіз,  егеменді 
еліміз көптеген бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені барша 
халыққа  мәлім.  Ол  –  адами  құндылықтар,  жастарға  білім  беру, 


100 
 
жастарды  тәрбиелеу,  олардың  бойына  сіңіру  болып  табылады. 
Елбасымыздың  рухани  жаңғыруға,  білім  мен  ғылымға  маңыз 
беруі  –  үлкен  көрегендік.  Бұл  жаңғыру  –  егемен,  тәуелсіз 
еліміздің болашағы мен келешегі үшін жасалған ең үлкен жұмыс. 
Сондықтан  рухани  байлығымыздың  маңыздылығы  –  яғни,  бұл 
әрбір жеке тұлғадан құрылған қоғам, туған еліміз, жеріміз үшін де 
өте  маңызды  үдеріс  болып  табылады.  Мемлекет  басшысы  Н.Ә. 
Назарбаевтың  ғасырдағы  ұлттық  сананы  кеңінен  дамытудың, 
жаңғыртудың  бірнеше  бағытын  ұсынды:  1.  Бәсекелік  қабілет  2. 
Прагматизм  3.  Ұлттық  бірегейлікті  сақтау  4.  Білімнің  салтанат 
құруы 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы 
6. Сананың ашықтығы. 
Елбасының  мақсаты  –  ұлттың  ұлы  мұраты.  Ол  –  Ұлы  Дала 
елінің  бойында  белгілі  тарихи  себептермен  қалғып  кеткен 
прагматизмді  ояту  арқылы  ұлттық,  қоғамдық  ойға,  іске  сілкініс 
әкелу,  тәуелсіз  елдің  санасын  жаңғырту.  Мемлекет  басшысы 
қазақтың  ежелгі  «дәстүрдің  озығы  бар,  тозығы  бар»  қағидасын 
мықтап ұстануға шақырады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан 
бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. 
Біріншісі  –  ұлттық  код,  ұлттық  мәдениет  сақталмаса,  ешқандай 
жаңғыру  болмайды.  Екіншісі  –  алға  басу  үшін  ұлттың  дамуына 
кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». 
Мемлекет  басшысы  нұсқап  отырған  ұлттық  бірегейлікті  сақтай 
отырып,  заман  ағымына  қарай  оның  сипаттарын  өзгерту,  «білім 
культін»  қалыптастыру,  мемлекет  пен  қоғамды  революциялық 
емес,  эволюциялық  жолмен  дамыту,  ең  бастысы,  сананың 
ашықтығын,  яғни  әлемдік  озық  жаңалықтарға,  ғылым-білімге 
құшақты  айқара  ашу  идеялары  ұлттың  рухани-мәдени  қалыбы 
болмақ. Әрі жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті  ерекше  ел 
ғана  еңсере  алады.  Осы  тұрғыда  Елбасының  мемлекет  пен  қоғам 
алдына  қойып  отырған  нақты  міндеттері  рухани  саладағы 
түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ. 
Латын  әліпбиіне  көшу  –  Мәңгілік  Елдің  рухани 
жаңғыруының  басы  болса,  «Туған  жер»  бағдарламасы  жаңа 
ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра 
алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. 


101 
 
Елбасы  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
мақаласында  «Туған  жер»  бағдарламасын  қолға  алуды  ұсынып: 
«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан 
сыр  шертеді.  Әрбір  жер  атауының  төркіні  туралы  талай-талай 
аңыздар  мен  әңгімелер  бар»,  -  деп  туып-өскен  аймағымыздың 
жер-суын  құрметтеуге  шақырды.  Жер-су  атаулары  -  ұлттық 
тарихи санамыздың қайнар көзі. Сондықтан ол асығыстықты емес 
абайлауды,  тездетуді  емес,  тиянақтылықты,  сабыр  мен 
сарабдалдықты  талап  етеді.  Сондай-ақ,«Қазақстанның  киелі 
жерлерінің  географиясы»  жобасы  жалпыұлттық  қасиетті 
орындарды  және  аса  қастерлі  жерлерді  сақтауға,  әрі  елдегі 
туристік      инфрақұрылымды      дамытуға      мүмкіндік      береді. 
«Жаһандағы  заманауи  қазақстандық  мәдениет»  жобасын  іске 
асыру  Қазақстанды  өз  шығармашылығы  арқылы  дүние  жүзіне 
танытатын көптеген таланттарға жол ашады. 
«Қазақстандағы 
100 
жаңа 
есім» 
жобасы 
бүгінгі 
замандастарымыздың  түрлі  салалардағы  жетістіктерін  дәріптеуді 
қамтамасыз  етеді  және  жастарды  адамгершілікке  тәрбиелеудің 
жарқын  үлгісі  болады.  Бұл  тапсырмалар  мемлекеттің  және 
азаматтық  қоғамның  барлық  идеологиялық  жұмысының  орта 
мерзімді перспективадағы негізі болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет