14-
шы тақырып. Н.Ә. Назарбаев – тарихтағы тұлға
Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетіміздің негізін салушы
ретіндегі ерен еңбектері жайында айтқанда, республикамыздың
қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің барлық
салаларындағы нақты қол жеткен жетістіктерімізбен ұштастыра
баяндаймыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан дүниежүзілік саясат кеңістігінде
берік шептерді алып отыр. Республика халықаралық алаңға
бірқатар маңызды жобаларды қамтитын жеке күн тәртібімен
шықты.
Қазақстанда нарықтық қатынастарға негізделген және
әлемде «Назарбаевтың үлгісі» деген атаумен танылған, қазіргі
заманға сай табысты экономика құрылды. Экономикасының
дамуы қарқыны жағынан Қазақстан планетаның ең бір серпінді
дамып келе жатқан мемлекеттерінің үштігіне кірді. Қарқынды
индустрияландырудың және инновацияларды басым игерудің
жүйелі үдерісі басталғаны елдің ұлттық егемендігі мен
экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретін болады.
Түбегейлі жаңа саяси жүйе қалыптасты. Табысты дамып
жатқан күшті мемлекет құрылды, оның жаңа бас қаласы - қазіргі
заманға лайық және әсем Астана салынды. Қазақстандықтардың
әл-ауқаты тұрақты артып, өмір сүру сапасы жақсарып келеді.
Ұлттың адам капиталын әлеуметтік жаңғырту және күшті дамыту
бағыты белгіленді.
Қазақстандық төзімділік күшейіп, көпэтностық және
көпконфессиялық халықтың бірлігіне - Қазақстанның алға басқан
қозғалысының кері айналмайтындығының баға жетпес кепіліне
қол жетті.
Қазақстанның осы және басқа көптеген жетістіктері
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Оның
стратегиялық таланты, көрегендігі және алға қойған мақсаттарға
жету жолындағы табандылығы қазақстандық мемлекеттілік
қалыптасуының және елдің табысты дамуының басты өзегіне
айналған. Ұлт көшбасшысының берік саяси еркінің, оның терең
ғылыми талдау және болжам жасай алу, белгіленген жоспарларды
91
бұлжытпай орындауға жұмылдыру қабілетінің арқасында
республикамыз бейбітшіліктің, татулық пен тұрақтылықтың
тірегіне айналды.
Тәуелсіздіктің
қарсаңында,
1990-1991
жылдарда,
Н.Ә.Назарбаевтың егемендікті, аумақтық тұтастықты қамтамасыз
ету, халықаралық алаңда Қазақстанның беделін нығайту бойынша
қажырлы еңбегі елдің шынайы іс-қимылдар бостандығын алуына
негіз салып, қолайлы жағдайлар туғызған. Осы жолда өзіндік
нышан-белгіге айналған атаулы оқиғалар: 1991 жылы тамыздың
29-ында Семей ядролық полигонының жабылуы, 1991 жылы
қазанның 2-сінде алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің
ғарышқа ұшуы және 1991 жылы желтоқсанның 1-інде Қазақстан
президентінің бірінші жалпыхалықтық сайлауы өтіп, соның
нәтижесінде Н.Ә.Назарбаевтың басым көпшілік дауыспен ел
Тұңғыш Президенті болып сайлануы.
Президенттің өз лауазымына кірісуіне арналған салтанатты
жиында, 1991 жылы желтоқсанның 10-ында сөйлеген сөзінде
Н.Ә.Назарбаев «осыншалықты орасан зор тарихи өзгерістерге
куәгер болу, қатысу әр ұрпаққа бұйыра бермейтінін» айта келіп,
жас мемлекеттің алдында тұрған бірінші кезектегі маңызды
міндеттердің бір тобын атап шықты.
Жеке тұлғаның тарихтағы рөлі, тарих пен саясат
ғылымындағы ең бір қызықты және сонымен бірге күрделі
тақырыптардың бірі. Соңғы онжылдықтарда, бұрынғы КСРО
аумағында жаңа мемлекеттердің дамуы кезеңінде, ұлт
көшбасшысына айналудың өзгеше құбылысы жайында белгілі
ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жиі айтатын болды. Шын
мәнінде, бұл - жаңа тәуелсіз мемлекеттердің зияткерлігі мен саяси
мәдениеті үшін саяси көшбасшылықтың мүлдем жаңа тұрпаты.
Сондықтан ұлт көшбасшылығының өзгеше құбылысының
маңызын саясат тұрғысында ғана емес, сонымен қатар тарихи
тұрғыдан да айқын анықтап алу қажет.
Біздің Тұңғыш Президентіміз елді қиын-қыстау кезде
басқарды. Қазақстанның тәуелсіздігі оның қызметімен тығыз
байланысты. Елбасы ұсынған ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030»
Стратегиясын жүзеге асыру барысында еліміз экономика жағынан
92
тиімді және, оған қоса, әлеуметтік жағынан жайлы мемлекет
құрып, көптеген елдері үшін үлгіге айналды.
ҚР Тұңғыш Президенті - көптеген маңызды халықаралық
бастамалардың авторы. Бүгінгі күні елімізде ірі халықаралық
форумдар шақырылады, ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО және ҰҚШҰ
саммиттері,
сондай-ақ
Әлемдік
және
дәстүрлі
діндер
көшбасшыларының бес съезі біздің еліміздің бас қаласы -
Астанада өтті. Қазір бұл халықаралық құрылымдар кең танымал,
құрметке ие және жеткілікті тиімді. Ол ұйымдардың Нұрсұлтан
Назарбаевтың бастамасымен және белсенді қатысуымен
құрылғаны - есімізге түсіруге тұрарлық оқиға. Қазақстан
Республикасының 2010 жылы - ЕҚЫҰ-ға. 2011 жылы Ислам
конференциясы ұйымына төрағалық етуі, Қазақстанның БҰҰ
Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше
болып сайлануы, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің
ұйымдастырылуы — осының бәрі жалпыұлттық көшбасшы
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен
қалыптасатын
Қазақстандық
сыртқы
саясаттың
нақты
жетістіктерін
халықаралық
қоғамдастықтың
даусыз
мойындауының басты себептері.
Ақырында, ең бастысы - қазақстандық ұлт көшбасшысы
біздің барша тарихымыз барысында күллі қазақстандық қоғамды
біріктіруші фактор болған және солай болып қала береді.
Республикамызда өткен барлық президенттік сайлаулардың
қорытындылары Н.Назарбаевтың бағытын халықтың басым
көпшілігінің қолдайтынын дәлелдейді.
Тарихи
оқиғалар
барысында
Н.Назарбаевтың
ұлт
көшбасшысы ретіндегі өзгеше ерекшелігі байқалады. XX
ғасырдың барлық танымал көшбасшыларының әрқайсысы өз
уақытында ұлты мен елі үшін белгілі бір стратегиялық
міндеттерді шешу борышын арқалаған. Мәселен, Рузвельт АҚШ-
тың ұлы дағдарыстан шығуын қамтамасыз етсе, Ататүрік
Түркияның ары қарай дамуының негізгі бағыттарын белгіледі, Ли
Куан Ю Сингапурды жаңғырту үдерісінің бағдарламасын жүзеге
асырды, Сяопин «дүрбелең» уақытынан кейін Қытайды қайта
жандандыру міндетін шешті.
93
Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінен және Қазақстанның
дамуынан біз сол басты бағыттарды - елдің және оның барша
халқының болашақта өркендеуі үшін маңызы бар кешенді
стратегиялық: дара экономикалық та, саяси, әлеуметтік және
мәдени-адамгершілік те міндеттердің шешімін көреміз. Нақ осы
себепті 1990 жылдарда кең тараған «Назарбаевтың бірегей
қабілеті» деген термин серпінділікті, реформаларға ұмтылуды,
«оңшыл» мен «солшылдарсыз» центризм саясатын жүргізуді,
прагматизммен
басқарудың
жоғары
тиімділігін
бірегей
үйлестіруді білдіреді және осының барлығы, нәтижесінде, күшті
экономиканың қалыптасуына, және қазақстандық үйлесімділік
пен сәйкестіктің пайда болуына келтірді. Бұдан қарапайым
қорытынды шығады: ұлт көшбасшысының ерекше құбылысының
бүгінгі таңда теориялық пікірсайыстардың тақырыбы болғаннан
гөрі, қазіргі Қазақтанның шынайы жаңа тарихының қалыптасқан
фактісіне айналғаны анық. Бұл жерде тағы бір факт көрнекі
көрінеді. Егер қазақстандық қоғамның шығу тарихын, өз
көшбасшысының тұлғасына деген көзқарасы дамуын жіті
қарасақ, онда 1980 жылдардың соңында және тәуелсіздік таңы
атқан кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғасы, негізінен,
реформатордың, Тұңғыш Президенттің, жас тәуелсіз мемлекет
басшысының бейнесімен теңестірілген. Қазір енді 28 жыл өткен
соң, еліміз өткен көптеген сынақтар мен даму кезеңдері биігінен
қарасақ, жұртшылықтың Н.Назарбаевқа беретін бағасы сапалы
өзгерген.
1990
жылдарда
«Назарбаевтың
бірегей
қабілетін»;
серпінділік, экономикалық реформаларға ұмтылу және бір
мезгілде ішкі саясатты «оңшылдарсыз» және «солшылдарсыз»
(яғни шектен шыққан әрекеттерсіз саясат) құруға үндеу,
ұтымдылық және салмақты есеп жасау қалыптастырған. Бүгінгі
күні теңестірілетін қатар кеңейген. Енді негізділік пен сенімділік,
қоғамдық
тұрақтылық
пен
әл-ауқат,
реформалардың
табыстылығы, ғаламдық саясатта өңірлік мүдделердің жүзеге
асуы, инновациялар жайында сөз қозғалады. Бұл сөздің кең
мағынасында енді Қазақстанның мемлекет-ұлт ретіндегі жай ғана
табыстылығы емес, ол - қашанда алдыңғы орында болуға ұмтылу.
94
Оның бірегей қабілетінің мәні, демек, елді өркендетудің
басты бағытын айқындап қана қою еместігінде жатыр. Ең
бастысы - ол жариялаған қарапайым және табиғи құндылықтар
жыл өткен сайын дербес құндылықтарға және қазақстандық
қоғамның басым міндеттеріне, қазақстандық сәйкестіктің
факторларына айналған. Олар
қоғамдық
идеологияның
іргетасына айналған. Назарбаеетың бірегей қабілеті - ол тұрақты
даму, этносаралық және конфессияаралық келісім, ұлттық бірлік.
Қоғам осы құндылықтарды өзіне сіңірген және солармен
бірге өмір сүреді. Осы негізгі құндылықтарға бейілділік
қазақстандық қоғамның біріктіруші факторына айналған.
Сондықтан бүгінгі таңда Назарбаев Қазақстан үшін —
бәрінен бұрын, өзінің халқына оны біріктіруші бастау ретінде
қажет көшбасшы. Тұңғыш Президенттің осындай қоғамдық
мәртебесіне, сірә, ешқандай күмән келтіруге болмас.
2019 жылдың 19 наурызында Президент өз еркімен 2019
жылдың 20 наурызынан бастап отставкаға кету туралы жарлыққа
қол қойыды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы,
сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан халқы
Ассамблеясының төрағасы және Конституциялық Кеңестің
мүшесі болып табылады. Елбасының стратегиялық шешімдерді
әзірлеуде және қабылдауда беделді пікірі ерекше болады», - деді
ол парламент палатасының бірлескен отырысында…
Достарыңызбен бөлісу: |