Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Тақырып 14. Н.Ә.Назарбаев-тарихтағы тұлға



бет71/87
Дата21.04.2022
өлшемі3,33 Mb.
#31719
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   87
Байланысты:
kazakstann n kazirgi zaman tarih paninin oku-adistemelik kesheni 2-semestr 2021-2022 zh

Тақырып 14. Н.Ә.Назарбаев-тарихтағы тұлға
1.1. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы – Н.Ә.Назарбаев

1.1.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары

1.2.Ұлттық тарихқа жаңаша көзқарас және тарихты қайта зерделеу
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті болды. 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кете отырып, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және "Нұр Отан" жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі ретінде өз орнын сақтап қалды.

Бұрын ол Қазақ КСР-ның президенті болды. 2015 жылдың сәуір айында мерзімінен бұрын президент сайлауында бесінші президенттік мерзімге қайта сайланды, ресми деректерге сәйкес, 97,75% дауыс жинады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы (1984-1989). 1962 жылдан бастап КОКП мүшесі. КОКП ОК (1986-1991) мүшесі; КОКП Орталық бақылау комиссиясының мүшесі (1981-1986). Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы (1979-1984 жж.), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1989-1991). Солтүстік Қазақстан облысының КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-11-шақырылымының (1979-1989) мүшесі. КСРО халық депутаты (1989-1991).Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990). Посткеңестік кеңістіктегі билік өкілдеріне ұзақтығы бойынша рекордшы: 1989 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалған күн - 28 жыл, 8 ай, 16 күн. «Ұлт көшбасшысы» ресми атауының иесі.1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.


  • 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

  • 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

  • 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

  • 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

  • 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

  • 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

  • 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

  • 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

  • 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

  • 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.

  • 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

  • 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

  • 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[2]

  • 2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[3]

  • 2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[4]

«Мәңгілік Ел» ата-бабамыздың сан мындаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идеясы бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы», - деп атап өтті Елбасы.

Сонымен қатар, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік Ел» ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алынғанын алға тартты.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Елбасы Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың негізі мектепте қалануы тиіс. Орта білім беру жүйесінде «Мәңгілік Ел» идеясы балалар мен жастарды жоғары руханилық, азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын, жаңа қазақстандық патриотизм мен бірігу сезіміне тәрбиелеуге бағытталған.

«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру аясында қоғамдық-гуманитарлық циклды пәндердің (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, Қазақстан тарихы) оқу бағдарламаларының базалық мазмұнына Мемлекет басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсанда сөйлеген «Тәуелсіздік толғауы» мәтіні енгізілді. Пәндерді оқыту окушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін және патриоттық сезімдерін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде жүзеге асыруға деген ұмтылысын, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға, ұлттық өзіндік сана мен төзімділікті дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен экстремизм идеологиясын саналы түрде қабылдамау, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.

Әлемдік тәжірибені саралай отырып, оқыту мен тәрбиелеуді заман талабына сай жаңашылдықпен ұйымдастыру бүгінгі жаһандану заманында басты мәселе болып отырғаны белгілі. Оқушылардың функдионалдық сауаттылығын арттырудың негізгі бағыттары білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту мен педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, оқушы өміріндегі отбасының рөлін ескеруді қамтиды. Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырумен де байланысты. Негізгі мақсат - оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып отыр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену процесінде ең маңызды болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет