Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет76/87
Дата21.04.2022
өлшемі3,33 Mb.
#31719
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   87
Байланысты:
kazakstann n kazirgi zaman tarih paninin oku-adistemelik kesheni 2-semestr 2021-2022 zh

4. Практикалық сабақ

Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары.

1.1.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.

1.2. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясаты –қазақ халқының қайғысы

1.3. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері мен зардаптары

1.4. 1937-1938жж. саяси қуғын-сүргін.

1.5.Қазақстан ҰОС жылдарында.

Бірінші сұрақ бойынша – «Кіші Қазан» идеясы мазмұнымен таныстыру. Бай мен кедей теңсіздігін жою. Көшпелі шаруашылықты тамырымен жойып, отарлық саясат арқылы халықты қанау әдісі туралы мағұлмат беру.

Екінші сұрақ бойынша – Қазақтың дәстүрлі шаруашылығын сталиндік реформалау негізінде қайта құрудағы асыра сілтеулер. Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру –дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшіру. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу туралы айту.

Үшінші сұрақ бойынша - Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұнына тоқталу.

Төртінші сұрақ бойынша- Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлыдержавалық астарлары. Қазақ мүддесін қорғаушылар - С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымындағы теориялық-саяси мәселелер. Ф.И.Голощекиннің Алаш зиялыларына ымырасыз шабуылы. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы.

Бесінші сұрақ бойынша- ҰОС-ның басталуы және Қазақстан майдан арсеналы алаңы. Республика өмірін соғыс қажетіне шұғыл бейімдеу. Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және жанқиярлық ерліктері. Қазақстандықтар -партизан қозғалысына дем берушілер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет