Лездік мәні – белгілі уақытқа сәйкес келетін тоқтың шамасы
2. Амплитуда – максимал лездік мәні (айнымалы тоқ жететін мәні).
Мұнда амплитуда 20 мА
3. Период - айнымалы тоқ өзгерісінің толық тербеліс жасауға кеткен уақыт Т - әрпімен белгіленеді
Айнымалы тоқта бір периодта бір тербеліс жасалады, яғни период толық бір тербеліс жасауға кеткен уақыт. Бір тербеліс тоқтың екі қозғалысынан тұрады.
4. Жиілік – айнымалы тоқтың бір секундтағы тербеліс саны
Жоғары жиілігі f әрпімен белгіленеді. Дыбыстық жиілігі F әрпімен белгіленеді. Жиіліктің өлшем бірлігі герц болып табылады, шартты белгісі Гц. Егер тоқ секундына бір тербеліс жасаса, онда жиілігі 1Гц-ке тең.
Практикада жиіліктің қысқаша өлшем бірліктері қолданылады - килогерц и мегагерц
Достарыңызбен бөлісу: |